Азаматтық процестегі тараптар.

Талап қоюшы мен жауапкер азаматтық процесте тараптар болып табылады. Өздерінің бұзылған немесе даулы құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғап талап қою берген немесе осы Кодексте(АПК) көзделген тəртіппен өзге де тұлғалар оларды қорғап талап қою берген азаматтар мен заңды тұлғалар талап қоюшылар болып табылады. Өздеріне талап қою берілген азаматтар мен заңды тұлғалар жауапкерлер болып табылады. 2. Заңда көзделген жағдайларда, заңды тұлғалар болып табылмайтын ұйымдар да тараптар болуы мүмкін. 3. Басқа тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін заң бойынша сотқа жүгінуге құқығы бар тұлғалардың арызы бойынша өз мүддесінде іс басталған тұлғаға сот туындаған процесс туралы хабарлайды жəне ол оған талап қоюшы ретінде қатысады. 4. Азаматтық процесте мемлекет тарап болуы мүмкін. 5. Тараптар процестік құқықтарын тең иеленеді жəне олардың бірдей процестік міндеттері болады. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *