Эпос, лирика, драма
Эпос (грек. epos – сөз, баяндау әңгіме, өлең) – бір әдебиеттің тегі. Эпостың құрамына аңыз, ертегі, әңгіме, новелла, повесть, роман, эпикалық поэма, эпопия жанрлары, сондай-ақ көркем очерктер кіреді. Эпостың басты ерекшелігінің өзі суреттеп отырған өмір құбылыстарын кең көлемде, эпикалық тұрғыдан қамтып, кейіпкер образдың, көркем әдебиеттің алуан түрлі әдістерін мейілінше мол қамту арқылы суреттеу. Көбінесе шығарма жазудан әлдеқашан бұрын болған оқиға туралы жазылатындықтан, эпоста баяндау тәсілі басым болып келеді.
Эпостық шығармада суреттелген оқиға оған тікелей куәгер болған адамның атынан баяндалады. Эпостық шығармалардың ерекшелігін оған бірігетін жанрлардың ішкі өзгершеліктірі кен алуан көрінеді. Эпос шы,армалары халық ауыз әдебиетінен бастау алады.
Ең көне эпостың жанр – ертегі, ол барлық халықтың болмасын ауыз әдебиетінде бар. Ертегіде оқиға үнемі ертекшінің атыменбаяндалады.
Онда адамдардың күнделікті тұрмыс – тіршілігі (тұрмыс салт ертегілері), қиялдан туған түрлі ғажайып оқиғалар (қиял ғажайып ертегілері), адамдар мен жануарлар арасындағы жәйттер (хайуанаттар туралы ертегілері), белгілі бір ертегілік кейіпкердің бастан кешкен қыщзықты оқиғалары (Алдар Көсе, Қожанасыр әңгімелері) сөз болады.
Эпостық жанрдың ендігі бір түрі – аңыз әңгімелерде нақтылық, тарихилық сипат басым болады (мысалы: Жиренше шешен, Әз-Жәнібек туралы аңыз әңгімелер). Шағын көлемдегі эпостық жанрларға көркем очерк, новелла, әңгімелер жатады.
Қазақ әдебиетінде көркем очерктер Шоқан Уалихановтың сапарнамалық очерктерінен басталады. Мысалы: «Жонғария очерктері», «Ыстықкөл сапарының жазбалары», Бейімбет Майлин, Мұқтар Әуезов, Сәбит Мұқановтардың көркем очерктері. Қазақ әдебиетіндегі новелла жанры советтік дәуірде дамыды (Ғабит Мүсіреповтың «Ана» туралы новеллалары).
Эпостық жанрдың шағын түріне жататын әңгіме жанрында қазақ қаламгерлері жемісті еңбек етті. Мұқтар Әуезовтың «Қорғансыздың түрі» 1921 жыл, «Ескілік көлеңкесінде 1925 жыл», «Қаралы сұлу» 1925 жылы әңгімелері қазақ совет әдебиетіндегі бұл жанрды еуропалық биікке көтерді. Әңгіме жанрында Бейімбет Майлин, Сабит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Талғат Әлімқұлов тағы басқалар өндіре жазды.
Эпостың орта көлемдегі түрі – поыесть қазақ әдебиетінде Ұлы Октябрь социалдық революциясына дейін көрініс бергенмен, ол советтік дәуірде ғана алуан тақырыпта, шынайы көркемдік пен игерілді. Қазақ повестерінің классикалық үлгілері ретінде Мұқтар Әуезовтың «Қила заман» 1928 жыл және «Қараш-Қараш» оқиғасы 1928 жыл повестерін атауға болады.
Егер Сәкен Сейфуллиннің «Жер қазғандары» 1928 жыл қазақ әдебиетіндегі өндіріс тақырыбына арналған тұңғыш повесть болса, Бейімбет Майлиннің «Раушан — коммунист» 1929 жыл совет заманындағы қазақ әйелінің бейнесін, сомдаған алғашқы повесть болды.
Эпостық шығармалардың поэзиалық жанрында эпикалық – философиялық поэманың классикалық үлгілері болса, Шәкәрім Құдайбердиевтың «Жолсыз жаза», Мағауия Абайұлының «Медғат қасым», Ә. Абайұлының «Дағыстаны» романтикалық сипаттағы эпикалық поэмалар қатарынан орын алады. Сұлтанмахмұд Торайғыровтың «Кедей», «Адасқан өмір» поэмалар реалистік поэмалардың озық үлгілері. Советтік дәуірде Сәкен Сейфулин, Ілияс Жансүгіров поэмалары бұл жанрды сапалық жаңа биікке көтереді. Эпостық шығарманың мол мүмкіндігін толық танытатын жанр – роман.
Бұл жанрда жазылған Спандиар Көбеевтің «Қалың малы» 1912 жыл қазақ романдарының төл басы болып есептеледі. Советтік дәурдегі алғашқы қазақ романдары қатарында 20 – жылдары жазылған Жүсіпбек Аймаутовтың «Қартқожа», «Ақбілек», «Күнекейдің күнәсі», Сәкен сейфулиннің тарихи – мемуарлық «Тар жол, тайғақ кешу» 1927 жылы Сәбит Мұқановтың «Адасқандар» 1928 жылы Ілияс Жансүгіровтың, «Жолдастар» 1935 жылы романдарын атауға болады.
Қазақ совет әдебиетінің дамуы барысында роман жанры сан – алуан қырынан дамыды. Соның нәтижесінде қазақ романының тарихи – революциялық (Ә. Нұрпейсов, «Қан мен Тер»), тарихи биографиялық (Сәбит Мұқанов,»Аққан жұлдыз», Ш. Мұртазаев «Қызыл жебе»), тарихи (Ілияс Есенберлин «Көшпенділер», М. Мағауин «Аласапыран», Әбіш Кекілбаев «Үркер», С. Сматаев «Елім-ай», Ә. Әлімжанов «Жазушы»), тарихи-философиялық (Әбіш Кекілбаев «Аңыздардың ақыры»), әлеуметтік-психологиялық («Өскен-өркен»), роман хроника (Ілияс Есенберлин «Алтын Орда»), роман новелла (Ә. Нұлшайықов «Ақиқат пен аңыз»), публистикалық (Ә.Әлімжанов «Көгілдір таулар»), роман эссе (Қ. Салғарин «Алтын тамыр» түрлері дүниеге келді).
Лениндік және СССР мемлекеттік сыйлықтарына ие болған Мұқтар Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясы қазақ совет әдебиетінде айқын танытты.
Эпостың екінші мағынасы ауыз әдебиетіндегі ел қорғаған батырлардың өмірін генологиялық тұрғыдан, эпикалық сипатта жан-жақты суреттейтін жанрлар тобы. Қазақ ауыз әдебиетінде бұл жанрдағы шығармалар мейілінше мол ұшырасады. Оларды төмендегіндей топтарға жүктеуге болады.
Қисса – дастандар, лиро-эпостық жанрлар. Белгілі шығыс сюжеттеріне құрылған дастандар («Сейфілмәлік», «Боз жігіт» тағы басқалар) қазақ халық ауыз әдебиетіндегі лиро-эпостық жырлар («Қыз Жібек», «Қозы көрпеш – Баян сұлу»), батырлар жыры («Алпамыс», «Қобыланды», «Ер-Тарғын» тағы басқа). Кейінде дәуірде дүниеге келген тарихи жырлар («Арқалық батыр», «Бекет батыр» және тағы басқа).
Егер шығыс сюжетінде жазылған қиссаларда лирикалық, эпикалық сипан діни сипат сарын мен берік атаса, лиро-эпостық жанрларда ғашықтық тақырыбы басты роль атқарады. Батырлар жырының төркіні түркі тектес халықтарға ортақ және көне жырлардан «Алпамыс», «Қобыланды», «Ер-Тарғын», «Қамбар батыр» жырлары тек қағаз ауыз әдебиетінде ғана кездеседі, одан кейінгі Ноғайлы дәуірінде келген жырларда («Қарымның қырық батыры») генеологиялық сюжет қолдану, тұтастану арқылы батырлардың үлкен бір ұрпағының өмірін қамтиді.
Батырлар жыры елдің сан ғасырлық тарихын, ерлік дәстүрін кезендік оқиғаларға деген халық бағасын, алдан күткен үміті мен аңсар-мұратын көркем жинақтап бейнелейді. Ол таризтың салқар көшінде жиі қайталанатын соғыстар мен шайқастардың жылнамасы емес, ел есінде қалған елеулі оқиғаларды жинақтай бейнелейтін көркем туынды.
Халықтын оны ерекше қастерлеп, сүйсіне жырлап, ұрпақтан – ұрпаққа мұра етуінің тағы бір сыры ондағы отаншылдық идеянын ерекше асқақтығында. Халықтық арман – мұнының үнемі алдынғы кезекте тұратындығында. Батырлар жырын фольклордың басқа эпикалық жанрларынан өзгешелейтін өзіне тән белгілері бар. Ең алдымен оның басты қаһарманы –батыр. Батырлар жырының барлығында ол әдеттен тыс жағдайда дүниеге келеді. Бір балаға зар болған ата-анасы оны тәңіріден тілеп алады. Ғайыптан туған ол жастайынан алып күштің иесі және тез ер жетеді. Алғашқы ерлігін өзіне сай ер мінезді, ақыл – парасатқа бай, сезімтал , айнымас жолдас болып келеді.
Жырда батыр мен ажырамастай бірлікте сипатталатын бейненің бірі – оның аты. «Ат – ердің қанаты» деген нақылға берік халық жырларында ат – батырдың ең жақын серігі. Батырдың аты жырда ерекше әсірелген суреттеледі. Ол «Алты ай жорытса, арымайтын» жауға мінетін тұлпар ғана емес, қысылған жерде батырға ес қосатын ақыл иесі де болып көрінеді.
Сол сияқьы батырлар жырында «Қобыланды сонда сөйлемейді сөйлегенде бүй дейді», «Қарамсаққа қол салды, бір салғанда мол салды» деген сияқты тұрақты қайталаулар болады.
Жыр ағымен келетін батырлық эпостардың тілі аса көркем, айшықты қолданыстарға бай. Онда, әсірісе, шектен тыс ұлғайтып немесе шектен тыс кішірейтін суреттейтін әсерлеулер мол. Батырлар жырын жыршылар сазды мақаммен апталап, жырлайтын болған.
Мұндай жырларды жырлаулар күнді – күнге, таңды – таңға ұрып жырлайтын болған, ондай жырлардың әлемдік үлгісі – қырғыз халқының «манас» эпосы. Оны манасшылар айлар бойына тынбай жырлаған. Халық арасында батырлар жырын айтуды өнер тұтқан таланты адамдар көп болған. Оларды «жыршы» деп атап халық ерекше құрметтеген.
Мысалы: «Қобыланды батыр» жырынан үзінді
Қарақыпшақ Қобыланды –
Атасы мұнын Тоқтарбай,
Халықтан асқан болды бай.
Байлығында есеп жоқ,
Айдалып бағып жайылды
Төрт түлік малдың бәрі сай.
Жаз жайлауы көзді көл,
Көзді көлді жайлаған
Қаоын қыпшақ жағалай.
Тоқтарбайдың дәулеті –
Ішкені мас, жегені тоқ,
Бай – кедейдің көңілі жай.
Батырлар жыры гиперболаға (ұлғайтуға), әсірелеуге толы келеді. Басты кейіпкерлер бір-ақ мақсатта басын құрбан етеді. Олар ел үшін туып, ел үшін етігімен су кешеді. Олар жаудың аз-көптігіне, алыс-жақынына қарамайды. Нағыз, қас батырлардай «Жау қайда?» — дейді. Қазақ эпосын тарихи желіге қойып топтастырған ғалым Ә. Марғұлан болды. Ол оғыз – қыпшақ эпосын мынадай дәуірлерге бөлген:
1) көне дәуірлерде туған эпос (V – XII ғасырлар);
2) тарихт дәуірде туған эпос(XIII — XIVғасырлар);
3) ноғайлы эпосы (XV – XVI ғасырлар);
4) жңғар шапқыншылығына байланысты туған эпос (XVIII ғасыр);
5) ішкі қанаушылар мен хандарға қарсы күресті суреттейтін эпос;
6) кеңес заманында туған эпос.
Бұл бөлініс тарихи принципке негізделген Ә Қоныратбаев:
1) ертегілік эпос («Ер Төстік», «Құла Мерген» т.б.);
2) түрік қағанаты дәуірінде туған жылнамалық эпос (Орхон жазулары, «Күлтегін жыры»);
3) оғыз эпосы («Қорқыт ата кітабы», «Оғызнама»);
4) тайпалық эпос («Алпамыс», «Қобыланды» т.б.);
5) лиро-эпос («Қозы Көрпеш», «Қыз Жібек»);
6) ноғайлы эпосы («Орақ-Мамай», «Қарасай-Қази»);
7) тарихи эпос («Досан батыр», «Бекет», 1916 жылдың поэзиасы);
8) шығыс дастандары («Рүстем дастан» т.б.);
9) авторлық эпосы (Амангелді, Төлеген туралы жырлар) деп бөледі.
Лирика (грек. Lura – лира аспабының сүйемелдеуімен айтылатын) – көркем әдебиеттің негізгі саласының, жанрының бір түрі. Лириканың басты ерекшелігі адамның көңіл-күйін сезім дүниесін тікелей бейнелеп көрсетеді лирика көбінесе өлең мен жазылады, онда автордың немесе кейіпкірдің дүниеге қатысы, көз-қарасы, оның сезімін нақты ойын, көңіл-күйін суреттеу, әсерплеп бейнелеу арқыл көрсетіледі.
Лириканың басқа жанрлардан айталық сан-алуан адамдардың қарым-қатынасын, қоғамдық тартыс шиленісті баяндайтын көлемді, оқиғалы шығармалардың айырмасы да, өзіндік артықшылығы да осында.
Лирикалық шығарманың мазмұны объективтік оқиғаның дамуы емес, субъектінің өзі және сол субъекті арқылы өтетін дүниелер. Кез келген сезіну мен толғаныс моральдық, философиялық, қоғамдық мәні бар толғаныстар лириканы тудырады.
Бұған әлем әдебиетіндегі лириктер Овидий (Рим), Байрон (Англия), А.С. Пушкин, А.А. Блон және Абай творчествосы дәлел бола алады. Егер эпикалық жанрдың басты ерекшілігі – оқиғаны қалай баяндалып суреттелуіне байланысты болса, ал лирикалық шығарманың күші құаттылығы алдымен адамның көңіл-күйін, өмірдегі жағдай құбылыстан алған әсерін бейнелеп жеткізу шеберлігімен ұштасып жатады.
Адамның жан-сезімін, көңіл-күйін тікелей лирикаға тән ерекше сыршылдықпен айтып жеткізудің ұтымдылығы, ал өмір құбылыстарын табиғаты айрықша сергектік, сезімталдықпен қабылдаудан туады.
Лирикалық шығармада негізінен жеке адамның көңіл-күйін сезімі суреттеледі.
Лириканың бас қаһарманы – ақынның сөзі. Ақын ең алдымен өз жайын, айналадағы өмір құбылыстарына деген өзіндік көз қарасын аңғартады. Бірақ ақын өз жайын, өз басының мұнын, өзінің арманын, қуаныш сезімін жыр ету арқылы халықтың тағдырын, қайғы – мұнын, күйзелісін, қуаныш – шаттығын, тілек – мақсаттарын білідіреді.
Лирика әдебиеттің Аристотель заманынан бері келе жатқан дәстүрдің үш тегінің бірі, шындықты адамның ішкі көңіл – күйіне бөліп, ойы мен сезіміне астастыра суреттейтін терең психологиялық шығармалардың түрі.
Әр халықтың лирикалық өлеңдері оның ауыз әдебиетінен бастаған. Мәселен қазақ лирикасының басы баяғы тұрмыс салт өлеңдерінде тойбастар мен жар-жар да, сыңсу мен беташарда мұншер өлеңдерінде қоштасу мен көңіл айтуда, естірту мен жоқтауда жатыр.
ХІХ ғасырлардағы қазақ әдебиетінде Шалкиіз, Махамбет толғауларында лирикалық толғаныстар арқылы бүкіл қазақ халқының аңсаған-арман мұраттары көрсетілген. Сөз өнерінің өзге тектері (эпос пен драма) тәрізді лириканың да суреттейтін құбылыстары көп.
Лирика көлемі жағынан өте ықшам болып келеді. Оқиғадан көрі отты сезім басымдау, күллі сюжет сол сезім маңынын бас-аяғы тұнжырымды бірер философиялық ой маңыны жинақталады. Орта ғасырда роман (Француз, Испан, Итальян) елдерінің поэзиясында туып қалыптасқан лириканың ерекше бір түрі – Баллада.
Ол лиро-эпостық сипаттаған шағын сюжет өлең, барлық әдебиетте кең тараған. Мысалы: Қазақ әдебиетінде Қ.Жармағанбетовтың («Бидай туралы балладасы» сондай-ақ «Мұғаліма», «Күзетші») балладалары бар.
Лириканың антик әдебиетінде көп тараған түрлерінің бірі – Идиллия – уайым-қайғысыз жеңіл өмір туралы жыр. Біздің дәуірімізде бұндай жырлар жанрлық мәнін жоғалтты.
Лириканың келесі түрі – Ода. Ол есімі елге таралған белгілі жеке адамдары, не батырларды мадақтаған, я болмаса ел ішіндегі елеулі оқиғаларды дәріптеген аса көтеріңкі, көңілді жыр мұндай мақтау жырлар Жәңгір ханның сарай ақыны Байтоқты бар.
Лириканың тағы бір түрі – Сонет – арнаулы өлшеммен, әр-түрлі тақырыпқа жазылатын сыршыл өлең, ХІІІ ғасырда Сицилияда туған. Данте, Петрарка көп жазған, кейін Батыс Еуропаның елдеріндң кең тараған.
Оның классикалық үлгілерін Шекспир жасаған. Соңғы кезде лириканың бұл түрімен Е.Әукебаев, Қ.Шаңғытбаев айналысып жүр. Қ. Аманжоловта «Құрдас туралы» деген сонет жазған.
Элегия да лирикаға жатады. Онда көңіл қайғысын суреттеу өте жиі ұшырайды. Мысалы: Шәңгерей ақынның көп өлеңдері элегияға жатады. Лирикалық шығармалар кейде шығарманың тақырабына, мазмұнына қарай бөлінеді.
Саяси азаматтық, лирикалық махаббат лирикасы, философиялық лирика, табиғат лирикасы, лириканың тағы басқа түрлері – арнау, ой, романс, пастораль, энлога, эпитолама, эфитапия, эпиграмма, илигия. Қазақ әдебиетінде тағдырын бейнелеген адам сезімдерінің нәзік түйсінулерін көрсететін лирикалық шығармалар өте көп. Қазақ совет лирикасының өркендеуне Сәкен Сейфуллин, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймаутов, Міржақып Дклатов, Сәбит Мұқанов, С.Мәуленов, Ә.Тәжібаев, Ғ.Орманов, Ж.Молдағалиевтар мол үлес қосқан.
Лирика шығармада ақынның нәзік сезімін, көңіл-күйін, қайғы қасіретін, қуаныш-сүйінішін суреттін поэзия түрі.
Лирика бірнеше түрі бар (көңіл-күй лирикасы, саяси лирика, адамгершілік лирикасы, сатиралық лирикасы, табтғат лирикасы т.б.)
Мысалы: Абайда осы лирикалардың барлыы да бар, «Ғылым таппай мақтамба» — өнер-білім лирикасы, «Жаз», «Қыс», «Күз», «Желсіз түнде жарық-ай» — табиғат лирикасы, «Болыс болдым мінекей», «Бойы бұлғаң» — сатиралық лирика т.б.
Абай «Жаз» деген өлеңінде тек жас көрінісін суреттеп қана қойған жоқ, көңілі жай қазақ халқының жас баладан бастап, қыз келіншектің «Бұрала басып балқылдап, киіз үй тігіп, ойын-күлкімен сылқылдаған» тамаша күлкісін де көрсетеді. «Құс салған, саят құрған бозбалар» бір көрініс берсе, кәрі ақсақалдар бір төбе шешендерінің сөзін тындап, ақыл-кеңес алып отырған ауыл адамдары да көз алдына елестейді.
Жалпы бір ғана лирикаға қандай өмірді, қазақ халқының салт-санасы, дәстүр-тіршілігін көз алдыңа жайып салады. Мұндай табиғат лирикаларында тек табиғат көрінісін ғана суреттеп қоймайды, өмір мен, қоғам көрінісі мен шебер байланыстырады.
Мысалы: Табиғат лирикалары көптеп саналады
Жаздыгүні шілде болғанды,
Көгорай шалғын бәйшешек,
Ұзарып, өсіп толғанда:
Күркіреп жатқан өзенге
Көшіп ауыл қонғанда
Мылтық атқан, құс салған
Жас бозбала бір бөлек
Су жағалап қутындап.
Қайырып салған көк құсы,
Қаз сыпырса жарқылдап……. деген.
Мысалы: Абайдың ақындық тілін, фигураның тамаша түрлерін Абай лирикаларынан, эпитеттерінін көп кездестіреміз.
Арнау «Жастарға»
Шәкәрім Құдабердиевтің
Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық.
Арам, айла, зорлықсыз мал табалық.
Өшпес өмір, таусылмас мал берелік,
бір білімді данышпан жан табалық.
Адамшылық іздесең бұл жолға түс,
алдау қылма, біреуге қиянат – күш.
Жетілсең де жемтік жеп, ел қорлатпа.
Ар нысаптың сүйгені – таза жұмыс.