Екі батыр

Екі батыр

Ертеде қазақ жерін жоңғарлар басып алыпты. Қазақтың Қожан, Мәнжі деген қос батыры қол жинап, туған елін азат етуге жорыққа шығыпты. Олар жауларын тықсыра отырып, Бүркітші тауына жетіпті. Осы арада екі жақтың да әскерлері шатырларын тігіп, дем алуға жатыпты.
Жоңғарлардың бір шалы қазақтарға елшілікке келіпті. Ойы – қазақ батырларын көру екен.
Мәнжі батыр Қожанды аға тұтып, атын ерттеп жүретін көрінеді. Шал келген кезде,сол әдетімен ат ерттеп жатыпты.
– Сен кім боласың?- деп сұрапты одан шал.
–Мен Қожан батырдың ат ерттеушісі болам,-депті Мәнжі.
–Ендеше, сен маған Қожаныңды көрсетші,- депті елші.
–Мен қазір қазанаспаға бір-екі тас әкеле қояйын,сосын жолықтырамын,- деп Мәнжі төбеге қарай кетіпті. Іле-шала оралыпты. Екі қолтығында кебежедей екі тасы бар батырды көрген елші асығыс атқа қоныпты. Қолбасына барып көргенін айтыпты.
– Егер атқосшысы екі кебежедей тас көтерсе, батыры қандай болмақ?- деп, жау сол түні қашып кетіпті.

• «Батыр» деген ұғымның шынайы мәнін қалай түсінесіңдер?
• Батырлардың бойынан қандай қасиеттерді көре аламыз?
• Қандай батырларды үлгі тұтасыңдар?Не үшін?
• Оларға ұқсап өсу үшін қандай дұрыс әрекеттер жасап жүрсіңдер?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *