Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті 11 — сынып мектеп оқушылары үшін ғылыми жобалар байқауын жариялайды.
Негізгі бағыттары:
📍География
📍Тарих
📍Музыка және хореография
📍Визуалды өнер, көркем еңбек, графика және жобалау, дизайн
📍Педагогика және психология
📍Техника
📍Физика, математика және информатика
📍Химия
📍Экономика және құқық
📍Қазақ тілі мен әдебиеті
📍Орыс тілі мен әдебиеті
📍Ағылшын тілі
Байқауға барлық облыс, аудан, қала мектептері қатыса алады. Үздік танылған жеңімпаздар төмендегідей жүлде қорымен марапатталады.
🎁І орын жеңімпазына – Қ.Жұбанов атындағы білім беру гранты
🎁ІІ орын жеңімпазына – оқу ақысына 50% жеңілдік
🎁ІІІ орын жеңімпазына – оқу ақысына 35% жеңілдік
Барлық қатысушыларға қатысқандығы туралы сертификаттар беріледі.
📌Тіркелу – 01-20 ақпан аралығында.
Байқау 21-28 ақпан аралығында өткізіледі.
Қатысу ережелері zhubanov.edu.kz сайтында орналастырылған.
Толық ақпарат: +77475183583