Диахрониялық және синхрониялық тіл білімдері

Диахрониялық және синхрониялық тіл білімдері
Тіл білімі тілдің белгілі бір дәуірдегі қалпын, оның тарих бойында өзгеруі мен дамуын зерттейді. Тіл, тілдік құрылым уақыт өткен сайын дамып, жетіліп отырады. Сондықтан да, оны зерттегенде оған тілдің қазіргі қалпы тұрғысынан қарау жеткіліксіз, сонымен қатар тілге оның шығу тегі, дамуы тұрғысынан да қарау қажет.
Тарихи тіл білімі – тіл тарихы туралы ғылым. Зерттеу нысанасы – бүкіл тіл жүйесіндегі тарихи өзгерістер. Тілді шығу тарихы мен тарихи даму тұрғысынан зерттейтін тіл білімі диахрониялық тіл білімі деп аталады. Тілдегі құбылыстардың шығу тегін, тарихи өзгеруі мен дамуын білу оның қазіргі күйін, қыр-сырын жете танып білуге мүмкіндік береді.
Тілді белгілі бір дәуірдегі қалпы тұрғысынан зерттеп, сипаттама беретін тіл білімі синхрониялық тіл білімі деп аталады. Синхрония бойынша бір мезгілде қатар өмір сүруші құбылыстардың арасындағы қатынастар қарастырылады.
Тілді зерттегенде ондағы құбылыстарды диахрониялық тұрғыдан да, синхрониялық тұрғыдан да қарастыру қажет және ол өте маңызды болып табылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *