ЖАЗЫЛМАҒАН ДАЛА ЗАҢЫ



БЕРУ КЕРЕК:
Үлкенге — сәлем, Қуантқанға — сүйінші, Қуанышқа — шашу, Соғымнан — сыбаға, Егіннен — кеусен, Малдан -көгендік, Балаға — базарлық, Киімге — байғазы, Сәбиге — көрімдік, Төркіндеген қызға — қалауын, Жаңа көршіге — ерулік, Досқа — естелік, Жетімге — қолқайыр, Мүсәпірге -садақа, Байлықтан — шүлен үлестіру, Тойға — сияпат, Жас үйленгендерді отқа шақыру, Жас босанған анаға- қалжа, Сағынғанға — сәлемдеме береміз.

СҰРАУ КЕРЕК:
Алладан — денсаулық. Пайғамбардан — шапағат, Қыдырдан — бата, Аңшыдан — сыралғы, Сырқат жанның — көңілін, Қарттың — қал — жағдайын, Жетімнің — жай — күйін, Саудың — амандығын, Ағайынның — бүтіндігін, Олжадан — тәбәрік, Қонақтан — бұйымтай.

ТІЛЕУ КЕРЕК:
Барға — тәубе, Жоққа — сабыр, Ауырға -төзім, Жақсылыққа — алғыс, Болашаққа — сенім, Жетістікке — шүкір, Өткенге — салауат, Қалғанға — береке, Басқа — амандық, Денге — саулық.

Осындай тағылымнан соң, қазақ болып туылғаныңа мақтанбай көр?!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *