Алматы қаласында орналасқан мәдени орталықғимараты. Аумағы 10 мыңкв. м. 3000 орынды көрермендер залы бар. Сахнасының ені 48 м, төрі 18 м. С. жобасының авторлары КСРО Мемлекеттік сыйлығын алған (1981).Р.с. Алматыдағы Абай даңғылын тұйықтай (архитекторлар В.Ю. Алле, В.Н. Ким, Ю.Г. Ратушный, Н.И. Рипинский, Л.Л. Ухоботов т. б.) орналасқан. Төңірегіне ірі ғимараттар шоғырланып, Абай алаңы архитектуралық ансамблін құрайды. Оның көлемдік композиция құрылымы 8 темір–бетон тірекке иек артқан алып қайқы шатырдан және астыңғы шаршы бөлігінен тұрады. Вестибюль мен фойенің тас баспалдақ арқылы ғимарат алдындағы серуен алаңымен жалғасуы перспективалық ұласымдылық туғызады. Р. с–ның негізгі композициялық кіндігіне 3 мың орынды көрермендер залы орналасқан. Зал орындары тұтас амфитеатр түрінде шешім тапқан. Сахнасы және залы күрделі инженерлік тетіктермен жабдықталған. Қабырғаларының төбемен ұласар жері ашық қалдырылғандықтан, шатыр еңсесі көкте қалқып тұрғандай әсер береді. Еңселі фойе (биікт. 13 м) төбесіндегі ақшаңқан шамдар интерьерді көріктендіре түседі. Ғимарат астынан ағып өтетін табиғи өзен суы ауаны тазартып тұратын қосымша желдеткішке айналған. Р. с–ның экстерьері мен интерьерінде ақ мәрмәр, ағаштың бағалы түрлері, Маңғыстау ұлутасы, алюминий құймасыпайдаланылды. 2011 ж. күрделі жөндеуден өтті