өркениет

(лат.  сіvіles– азаматтық)– тарих, антропология, мәдениеттануда кеңінен қолданылатын ұғым. Ө. ұғымы антикалық қоғамның жабайы ортадан сапалық ерекшелігінің анықтамасы ретінде сонау көне дәуірде пайда болды.XІX ғ. Ағарту дәуірінде  әлеуметтік мәдени дамудың ең биік сипаттамасы ретінде қолданылады.XX ғ. О. Шпенглер мен А.Тойнби еңбектерінде бұл термин анық көрінген ерекшелігі бар жергілікті  қауымдастық мағынасы, яғни “тарихи өркениеттер”(Қытай, Вавилон,Түркі, Мұсылман, орта ғасыр  т.б.). Алайда өркениетті классификациялаудың бірегей өлшемдері мен ұстанымдары әлі күнге дейін жасалған жоқ. Соңғы кездері өркениетті бір аймақта тұратын халықтардың тарихи тағдырластығы, олардың арасындағы ұзақ та тығыз мәдени байланыс нәтижесінде әлеуметтік ұйымдасуы мен реттелудің — заңдық және саяси жүйелерде, шаруашылық түрлері формаларында, дін, философия, ғылым, білім жүйесі,  көркем шығарм–та – этноаралық жергілікті қауымдастық деген анықтама кеңінен тарап отыр.Ө. категориясы мәдени типтерді зерттеу немесе мәдени–тарихи типологияны жасауда қолданылады. Сондай–ақ өркениет типтерін: шығыстық және батыстық деп бөледі,“глобальды өркениет” және “техногендік өркениет” ұғымдары жұмыс істейді. Мәдениеттанушылар Ө–ті “мәдениет” ұғымын салыстыра қарастырады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *