өмірлік құндылық

дүниетанымдық, рәміздік, мәтіндік–кодтық негізгі «бағдарламаны» қоғамның рухани мұрасы ретінде реттейтін адами болмыстың тәсілі; әрбір этникалық мәдениет өкілдерінің дүниеге деген көзқарас жүйесін, дүниені қабылдау ерекшеліктерін қалыптастыратын ішкі тетіктер; мәдениеттің реттеуші функциясын жандандыратын деңгей, жаңа кезеңде қоғамның тұтастығы мен тұрақтылығын нығайтатын тәсілдік қызметтің құрал–сайманы; адамдардың тұрмыстық тіршіліктегі қалыптасқан әдеп нормаларының жиынтығы мен көріністері. Ө.қ.  – адам мен қоғам рухани өмірінің өрнекті өресі, оралымды ортасы және тартымды тәсілі. Әлеуметтік тәжірибенің мұндай төл ұстанымы адамды өзінің ішкі, тұлғалық дүниесіне тартады, адам мәдениетін әлеуметтік тұрғыдан жаңғыртады. Бір уақытта адам мен қоғамның ішкі құрылымын құрайтын тұлғалық тәжірибе де, заттық қатынастан тыс рухани кеңістікте адамдық беделді сақтаушы тартымды күштер де – Ө. Қ–дың бастауы.

Ө. Қ.–тар қоғамдық тыныс пен адамның ішкі байлығының ауқымын сипаттайтын, алғы шебін көрсететін мәтіндер мен рәміздердің, жанрлар мен стильдердің жиынтығын құрайды; адамдардың этникалық тегі мен ортасын толықтыратын, этноұлттық болмыстың үйлестігін жалғастыратын дәстүр, салт, рәсім құрылымы. Ө.қ  ұрпақтан ұрпаққа берілетін адами тәжірибелердің үлгілері және ұлттық характерді нығайтатын әлеуметтік орта. Ө.қ – талпыныс пен табысты қамтамасыз ететін тәртіп пен тәжірибе де, сондай өміршең дәстүрдің ортасы әрі құралы.  Әрбір этностың ділінде батырлық, ұйымшылдық, елі мен туған жері үшін жанын пида ететін немесе сүйіспеншілік, ар–намыс, еркіндік, от–басы салты ерекше қызмет атқарады. Ө. әлеуметтік–мәдени ортадағы адамның әлеуметтік мінез–құлқын тұтастандыратын, оның тұлғалық психологиялық қабілет–қасиеттерін жетілдіреді. Адамның әлеуметтік мінез–құлықтар мен тұлғалық психологиялық қасиеттері – оның әрекеттегі Ө.қ–тарын құрайды. Түбірі тектес әлеуметтік және психологиялық қасиеттер бір–бірімен тоғысса, мұндай сірескен бірлестіктен ұлттық характердің жоғары  құндылықтары нәр алады, күшейеді. Тәуелсіздік үшін күресте патриоттық қасиеттер, бітім мен бірлік үшін іс–әрекеттің құндылығы халықтық сипатқа айналды. Ұлттық мемлекеттің мәртебесін көтеру және тұрақтату үшін ұлттық мәдениеттің атқарар өмірлік қызметін арттыру – қажеттілік. Ө. қ–тың жағдайын ұлттық мәдениет, қоғам және этностық менталитет жасайды. Үш фактор құндылықтың этнопсихологиялық арқауын – мінез–құлықтың белгілі бір нормасын, нақты қимыл–әрекеттің гуманитарлық жүйесін шиаратады, мәдени жетістіктерге ұлттық мазмұн енгізеді. Ө. қ.–лық сыртқы қоғамдық табыстарды адам болмысының ішкі байлығына, керісінше, адамның тұлғалық қасиеттерін мәдениеттің өзіндік тетіктеріне айналдыратын ықпалды да интегралды фактор.

Ө. қ. – өзара сыйласуда, бір–біріне серіктестікте екенін ұғынушылық, сол өркениеттер сабақтастығына икемделе  білуінде. Осы қағидаларды жаңғырту және жалғастыру барысында өзіндік сана–сезім мен өзіндік қатынастар күш алады. Өзіндік сана–сезім мен өзіндік қатынастар мәдени құндылықтар арқылы ұлттық характердің құрамына енеді, жаңа өмір–салт қалыптастырады. Ө. Қ.–тар қоғам мен адамның рухани болмысы мен ынтымағын жаңғыртуға, әлеуметтік–мәдени бағдарды қоғамдық қажеттілікке орай қолдануға белсенді адамдарды жұмылдырады. Тәуелсіздігін алған Қазақстан үшін жаңа Ө.– қ.–тары еркіндік, серіктестік, әлеуметтік, әділеттілік, төзімділік қоғамға да, жеке азаматқа да бірдей маңызды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *