өзіңмен шұғылдану

өзіңмен жұмыс істеу– адамның ішкі тұтастығың сақтауға, тұлғалық тұтастыққа кедергілерді жеңе білуге, біреудің кемшілігін кешіре білуге, сол үшін «жүрегіңмен өмір сүруге» дағдылану, қызмет ету. Өмірді сүйетін адамда  жүрек, сана–сезім, жан–тән болмысы  жарасты, олардың дүрсілі бірін–бірі толықтырып,  ұқсас ритмге айналады. Өзімен жарасты адам қуатты, жігерлі. Оның бойында тұтас күш арнасы жүйесін табады. Қуатты адамның  қимыл–әрекетке мүмкіншілігі басым, сенімі айқын. Сенімдінің көңіл–күйі жарасты, ішкі теңдік пен тәуелсіздіктің рәсімін сақтайды. Іштей тәуелсіз біреуге жамандық істеуге бет алмайды, өзінің мақсат–мұратымен өмір сүреді. Өз қабілетіне сенетіндер біреудің көңілін қалдырып тиіспейді немесе  орынсыз ренжіп, ашуға салынбайды. Ұстамды жан – сабырлы, салауатты. Ол өзгенің кінәратына төзімді, бірақ өз кемшілігіне көндіге бермейді. Бұл – өзіндік ұстаным талаптары. Өзіндік ұстаным – рухани құндылықтың, әдептің түпқазығы. Оның тоқтамы баяғыдан мәлім: «Адам көре, ести, үйрене, оқи, түсіне келе есейеді; Есейген адам Жаратқанға жақындай түседі».  Рухани құндылықтың ережесі – адамның ішкі және сыртқы тұтастығын, оның эстетикасы мен этикасын ашып беру, сөйлескенде сөздің шырқын, мінез ырқын бұзбау. Бұл – әдептілік нышаны әрі нысаны. Талпыныс – немкетерлікке ұшырау немесе тоқырау емес, кедергіні жеңіп ілгерілеу, мақсат төңірегіне қасиеттерді іріктеу, ілгерілеуге лайықты сенімді бойда ұштау. Талпыныстың күштілігі – бір нысананы көздеуі, басты ұстанымнан ауытқымауы, ортақ құдіретке сенуі, бойдағы күш–қуатты шыңдауы. Шындық пен әдептілікке тұрақтаған талпыныс адамды ерікті, есті, елеулі етеді. Еріктілік, естілік іштей тәуелсіздіктің тіректері, рухани жаңғырудың сатылары. Талпыныстың түбірі – жарастық пен жақсылыққа деген ұмтылыста, өзін танытатын қасиетте екенін аңғарамыз.Талпыныстан түйіндейтініміз не? Жақсы мен жаманның, ізгілік пен зұлымдықтың ішкі мән–мағынасын ұғыну, шын мәліметтерге сүйену, соған қызмет ету. Информация – қуатқа, қуат – күшке айналған заманда, адамның өзін–өзі ұстай білуі ұқыптылық пен ұлағаттылықты қажет етеді.

Өзінің көңілін қалдырған қылықтарға қылт етіп өкпелей бермейді, қайта, оны жеке басының кем–кетігімен қосымша жұмыс істеу деп ұғады. Өз бойынан қуаттың жаңа көзін іздеген адам тіршіліктегі ұсақ–түйекке сүріне бермей, жаңаны тануға талпынады, өзін тәрбиелеуге, біреуге қол ұшын беретін жаранға еруді жөн көреді. Сүйіспеншілік сезімін бойынан арылатпаған жан алдымен өзіне көмек етуге бейім тұрады. Өзіне көмектесудің бір түрі – қиын жағдайдан амал тауып, одан босанудың мүмкіндігін кеңейтеді. Ашушаң аяғынан шалынады, шамадан шығатын қылыққа ұрынады. Мінезі жеңілтек ашушаң, әр нәрсеге ұрынады. Тек өзін тәрбиелейтін ынта–ықыластан арылады. Барға көну, барды қанағат тұту –  бір қарағанға әдепсіздікке, әлсіздікке қарсы шықпау іспетті. Байыбына барсақ, қанағатшыл жамандық пен зұлымдыққа көну емес, жаңа айналымға енудің мүмкіндігін күту, өзін тынымды жаңа әрекетке дайындау. Өзін жамандықтан құтқарған, өзін қайта өрлеуге діттейді. Өзін ұстай білу – тұлғалыққа тән талпыныс ындыны.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *