өзін -өзі әлдендіру

Ө.–ө.ә. анықтаудың өтімді жолы. Ө.–ө. ә.–  тұлғаның қимыл–әрекеттегі өзін көрсетудің нақты құзіреті; адам дамуының ішкі тетігі, оның өз мақсатына жетудің, өзіндік ғұмырының субъективті жақтарын айқындаудың біртұтас қайнары. Оның басты ерекшелігі – Ө.–ө. нақты жағдайда әлдендіру, өз әрекетін осы бір кезде өтімді ету, әлдендіретін күш–қуатты мүмкіндіктен шындыққа айналдыру; әсерлі әрекетті адамның өзіне бағыттау, бойдағы күшті адамның әрекетіне айналдыру; Ө.–дік әрекетті сыртқы жәрдемсіз, басқалардың көмегінсіз жүзеге асыру. Адам Ө.–ө. ә. барысында дамудың өзіндік мүмкіндігін шындық деңгейіне айналдырады әрі жетілдіреді.

Ө.–ө. ә. – адам болмысындағы танымға деген талпыныстың, ө.–ө. қабылдаудың мотивін ізденіске жұмылдырады; адам санасында уақытпен есептесудің, уақытты бетке ұстаудың  білгірлігін қалыптастырады; мінез–құлықта өзгерістерге дайындық, өзгерістегі жағдайға бейімделу ырқын анықтайды; көзқарастағы таптаурыннан бас тарту, жаңа білімге деген ынтаның тұлғалық құзіретіне факторлық талдау жасауға ұйытқылық етеді. Бұл – ө.–ө. тануға жүйе құрайтын әлді әрекет. өзіндік анықтаудың интегративті қосындысы.  Әлді әрекет  адамның өз күшін жүзеге асырудан бұрын болады. Адам алдымен әрекетте әлденіп, әрленіп өзін көрсетудің алғы шартын жасайды; өз болмысын заттық түрге айналдырады және ө.–ө. жүзеге, жарамды іске асырады. Ө.–ө. ә–дің тәсілі мен тәжірибесі, көрінісі мен қызметі әрқалай, көп қырлы. Ол туралы түсініктер де, көзқарастар да алуан.

Ө.–ө. ә.–адамның ішкі белсенділігін көрсетудің мүмкіндігі мен қажеттілігін үйлестіретін үдемелі үрдістің қозғаушы күші; адамның өзіндік дамуы мен өзіндік жүзеге асудың бағытын, қарқынын және тиімділігін анықтауға бағытталған басылыңқы түрткілердің демеушісі;  адамның жеке тұлғалығын жүзеге асырудың қажеті, нәтижесі және үрдісі; тұлғалық жетілудің психикалық күйі және нышаны; тұлғалық бағыттың белгісі және жүйелі сапасы; адамның өзіндік даму әлеуетін реттеу, оны өзінше ұйымдастырудың айғағы. Бұл – қатынастағы икемділік пен ілгерілеушіліктің, байланыс құзырлығының айғағы.

 Ө.–ө. ә.–дің осындай қимыл–әрекетінде ө.–ө. дамытуға деген мүдде қалыптасады, оған деген қажеттілік пен қабілет айқындалады. Қабілеттің құралы – тұлғалық қасиетті дамытуға ықпал ететін ұйымдастырылған, қосақтаулы қимыл–әрекеттер мен тәжірибелі тәсілдердің жүйесінде. Тұлғалық құзырлық пен қасиет уақытпен санасуға, ө.–ө. дұрыс қабылдауға, танымға құштар, шығармашылыққа ынталы болуға, тез тіл табысып түсінісуге ұйытқылық етеді. Сондағы діттегені – шындыққа, игілікке, көркемдікке, тұтастыққа, өміршең жетістікке, әділеттілікке, тәртіпке, ө.–ө. қамтамасыз етуге жету. Қасиеттер жалқы емес, тұлғалық тұтастыққа арқау болатын  жоғары құндылықтар желісі.

Ө.–ө. ә–дің динамикалық және мазмұндық жақтарын айыру маңызды. Динамикалық  тұрғыдан алғанда ө.–ө. ә. – өзіндік дамудың ішкі қайшылықтарын айқындау, оның өмірлік проблемаларын шешу барысында өзін–өзі көрсетудің жаңа сатысына ауысу. Мазмұндық тұрғыдан қарастырсақ, ол, біржағы, ө.–ө. ә. өзіндік дамудың ішкі қайшылықтарын игерудің қабілеті мен дайындығын жетілдіреді, тұлғалық және кәсіби міндеттерді тиімді шешуге ұйытқы болады; біржағы, ө.–ө. ә. қиыншылықты жеңуге, ішкі қайшылықты шешуге лайықты тұлғалық қасиеттің жарасты жалғасына лайықты.

Ө.–дік ә.–дің әрекеті дара, бағдарлы, қарқынды және тиімді болуы үшін адамның өзіндік дамуы мен ө.–ө. көрсету мүмкіндігі, тұлғалық құзырлығы артуы шарт. Даралық, а) ө.–ө. анықтауға арналған тәуелсіз талпыныс, өзінің еркіндігі, ой–пікірі және өз шешімі үшін қақтығыс, жаңа қабілет пен құндылық игеруге арналған жарыс; ә) мақсат пен мүдде көздеген ерік–жігер, ө.–ө. басқаруға демеушілік, ө.–ө. жүзеге асырмақ ерік бостандығы.  Осы тұрғыдан адамды ішкі және сыртқы жағдайға  бейімдейтін ізденіс–әрекетті қолдау, саналы қимыл–әрекетті оңдау әрі жұмылдыру, ішкі босаңдық пен текетіресті басу алғышарттарды құрайды. Өмірлік мақсатқа іштей тән, әрекеттегі тетікке кәсіби дайындық пен деңгейді көтермелейтін шығармашылық әлеуметтік байланысты, жалпы адам ресурсын жетілдіретін әрі олардың өзара байланысын басқаратын креативті рефлекске жол ашады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *