өзін-өзі реттеу

адамның іс–әрекеттер, мінез–құлық, өмірлік қызмет субъектісі ретіндегі психологиялық белсенділігін өзінше ұйымдастыруды және оның индивидуалды тұтастығын қамтамасыз ететін күрделі үрдіс; құрылымы жағынан тұтас та тұйық, бірақ информациялық жүйенің функционалды бөлімдерінің өзара қарым–қатынасын реттейтін ашық тетік. Ө.–ө. р–ң проблемасын – қызметтегі мінез–құлық пен іс–әрекетті реттеудің жалпы заңдылықтары мен индивидуалды ерекшеліктерін, олардың танымдық, эмоционалды–еріктік, тұлғалық функционалды күйлерін реттейтін, әрі осы тектес шешімдерді қабылдайтын психологиялық ізденістерді құрайды. Мақсат – адамды өзін–өзі ұйымдастыратын тұтас жүйе ретінде қарастыратын интегралды көзқарасты қалыптастыру, қызметтің әр саласы мен кезеңіндегі Ө.–ө. р–ң психологиялық факторларын зерттеу. Қызмет неғұрлым күрделі, шығармашыл сипатта және қатаң нұсқау мен алгоритмге тәуелді болған сайын Ө.–ө. р–ді аңғарудың психологиялық деңгейі, оның соңғы нәтижеге – саналы талдауға, бағалауға, бақылауға және өзінше басқаруға ұғымды ықпалы арта бермек. Ө.–ө. р. тұлға қабілетін үйлестіретін тетік. Ол өзіндік дамудың психологиялық ресурсы ретінде қызметтің де, оның субъектісінің де  өзара байланысын нығайтады.

Адам ортамен тиянақты қатынаста өзінің құрылымдық белсенділігін, оның мазмұнын саналы түрде реттеуге мүмкіндігін кеңейтеді. Реттеудегі саналылық дегеніміз өзінің атқармақ іс–әрекеттерінің мақсатын өзінше қабылдап, оны тиянақты тәсілдермен жетуді ұйымдастырып, оның түрлі индивидуалды деңгейін айқындау. Адамның тұлғалық өмір салты, характері мен өзіндік санасы индивидуалды айырмашылықтың алуан түрлі екендігін айқындайды. Ө.–ө. р–дің индивидуалды сипатына жақындау, а) төзімділік, икемділік, дербестік, тиянақтылық, қауіптенушілік сияқты, ә) жауапкершілік, табандылық, сенімділік, рефлексивтілік тектес тұлғалық қасиеттер қосымша демеулік етеді. Іс–әрекетті жоспарлау немесе қатынасты реттеу кезіндегі санасыздық Ө.–ө. р. шарасына күтпеген кедергілер тудырады, оның тиянақтылығына күмәнді күшейтеді. Әрбір индивидте Ө.–ө. р–дің тұлғалық және субъективті тұтас жүйесін жетілдіру – діттеулі басты мәселеге айналуда. Индивидуалды тұрғыдан Ө.–ө. р. субъективті белсенділіктің даму дәрежесіне және өзін–өзі өзгерту, өз кемшілігін шектейтін қабілетіне тікелей тәуелді. Тәуелділік субъективті қызметтің мазмұнына, бағытына және өзіндік сана–сезіміне қатысты, тұлғаның тұтыну мотивімен тамырлас. Бұл мәнді мәселелер дұрыс шешуін таппай Ө.–ө. р–дің мақсаттарын ұсыну және мақсат–мүддені саналы түрде басқару мәселесі күн тәртібінен түсіп қалмақ.

Ө.–ө. р–дің тетіктері әр кезеңде әрқалай болуы ықтимал. Күн тәртібінде қызметтің Ө.–ө. р–дің индивидуалды ерекшеліктері, стильдік айырмашылығы, Ө.–ө. р. стилінің құрылымы мен функциясы, олардың өнімділікпен өзара байланысы,  өзін–өзі аңғару мен субъективті сапаны дамыту, Ө.–ө. р–дегі индивидуалды ерекшелік, адамның тұлғалық және субъекттивті ресурсы қатар қойылуда. Ө.–ө.р–дің индивидуалдық стилі – өзін–өзі реттеуден, жоспарлаудан, модельдеуден, бағдарламадан, нәтижені бағалаудан, икемділік пен бас бостандығынан құралады. Оқу жүйесін реттеуде оқушылардың дербестік, жауапкершіл, сенімділік, икемділік сияқты субъективті сапалық қасиеттерін қолдау – индивидуалды ортадағы Ө.–ө. р–ді аңғару қабілетін жетілдіруге, болжауға үлес қосу. Осы психологиялық факторлардың әр түрі мен сатысында Ө.–ө. р. тетіктерін дербес қолдану мүмкіндіктері жетілдірілмесе, онда стрестен арылу, Ө.–ө. р–ң жастық ерекшеліктерін ескеру, қысқасы, индивидті субъект ретінде дамыту мәселесі дәйекті шешіле бермейді. Ө.–ө. р–ң ерікті психологиялық (эмоциялы, когнитивту, тұлғалық) тәсілдерін және ұғымтал (өзіндік сананың, субъективті сапаның) түрлерін  біртіндеп тоғыстыру – шығармашыл тәсілдің түрі, сондай–ақ өз болмысын, өзіндік құндылықтарды сақтау кепілдігі. Шығармашыл тәсіл   адамды титықтатар қиындықтан шығарады. Онда Ө.–ө. р. қағидасы адамның индивидуалды болмысын қалыптастырады. Іс–әрекеттің бір түрін ескермеу немесе қызмет алмасуының жеке сатысын асыра бағалау – Ө. р–дің қарқыны мен шығармашыл құндылығын әлсіретеді. Оқу жүйесінде оқушылардың өзін–өзі реттеу әдістемесі назардан тыс қалады. Индивидуалды Ө.–ө. р–ді дамыту – психикалық дамудың интегралды көрсеткіштерін дұрыс толықтыруға икемдеу және пайдалануға жағдай жасаумен бірдей.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *