өзін-өзі кемелдендіру

тұлғалық дамудың басты мәселесі,  адамның физикалық және әлеуметтік қоршағандардан салыстырмалы тәуелсіздігін, сондай–ақ өз әлеуеттері мен ресурстарына тәуелділігін нығайту. Ө. к–ң тартымды көрсеткіштері – көзбе көз сөйлесуде мүмкіндік пен күш–қуатты іріктей алу;  шындықты, адам табиғатын (жағымды немесе жағымсыз жақтарын) нақты өз қалпында әділ, дұрыс қабылдау; мәліметтерді дұрыс жинақтау, шындықты дұрыс қабылдау және дәйекті көрсету; жаңаның, ерекшенің және жалпының ішінен нақтыны өте тез ажырата алу; адам өзінің дарындылығы мен қабілеттерін, өзінің тұлғалық әлеуеттерін толық қолдануға жеткіліктілігін аңғарту; қолындағы бар факторларға сүйеніп, болашаққа жасаған болжамдарды жүзеге асыру.  Бұл – интеллекті әрекеттің оң белгісі,  интеллекті күш–қуатты бекітудің айғағы. Кемелділердің ойы да, ісі де аяқ астылықпен ерекшелінеді. Олардың мінез–құлқының басқалардан ерекшелігі күтпеген ішкі себептерге, табиғи ұмтылыстары мен ой–пікірлеріне байланысты. Ө.–ө. к–н адам маңызды да қажет істі атқару үшін керек кезде қабылданған ережелерден  бас тарта алады, бірақ басқаларға зия келтірмеуге тырысады. Ондай тынымсыз адал жан басқа біреулерді оқытуға, үйретуге немесе басқа адамдарды қорғауға тырысады. Мұнда іс–әрекет мотивациясы да сапалық тұрғыдан ерекшелінеді. Кемелденген адам үшін мотивация жеке тұлғалық өсу, өзін көрсете білу, даму үшін қажет, сол үшін жұмыс істейді әрі күреседі.

Ө. к–тін адам нақты өзекті проблемаға үңіледі, белгілі бір мақсатты ұстанады, нақты мәселені шешеді, сол үшін көп уақытын және күшін жұмсайды. Оған көзқарасының кеңдігі, күйкі тірлік мәселелерінен жоғары тұру, кеңінен ойлау тән. Ол жеке басының пайдасын ойламайды, қайта халқына немесе отбасы мүшелеріне көмектескісі келеді. Әлеуметтік еркін де тең қарым–қатынастар арқылы ортада тыныштықты орнатуға және өтпелі құбылысты жеңуге деген сенімділікті нығайтады.

Ө.–ө. к–ің басты өлшемі – адамның әдептілігінде, өзінің табиғи қалпын сақтай білуінде, осы бағыттағы креативті қабілетте. Кісілігі жітік адамдар амал–әрекеттің үлкен мақсатқа тәуелді болуын қалайды. Ортақ мақсат – психикалық денсаулық, салауаттылық сияқты базалық қабілеттерді қанағаттандыру. Базалық қабілеттерде: сабырлылық пен тыныштықты сақтау, өз абыройын сақтау және қиын жағдайлардан абыроймен шығу – басты парыз, нақты өлшем;   өзіндік ойлар, мінез–құлық және эмоциялық көрініс тыңғылықты, ақыл–ойдың демократиялық белгілері немесе жеңілдеу түрде кезігеді; достық қарым–қатынас өте жақындықпен, өзара тәуелділікпен, жылылықпен сипатталады, рухани жақындарға мәртебелілерден жоғары қою қалыптасқан, өздерінде қоршағандармен ажырамас тартымдылықты сезіну тұрақты; өз ісін өзі шешуді жауапкершілік, Ө.–ө. қадағалау деп ұғынушылық қалыптасқан; кемелденбек адам үшін ішкі өсу мен даму марапаттаудан, қоғамдық қызметтен, танымдылықтан маңызды. Күнделікті тіршілікке, жұмысқа қызыға қараушылық олардың құндылығын және өзінің кемелденуін көтермелейді. 

Адам тұтастықта, бірлікте тым ерекше болады, өзін ерекше тиімді көрсете алады, әр істі тиянақты істейді.  Ө.– ө. к–тін адамдар қиындықта да шыдамсыздық танытпайды, қоғамға риза еместігін көрсетпейді; өзін бірқалыпты ұстап өмірдің жақсартуын күтуде ұстамдылық танытады. Олар шындықты дұрыс қабылдайды, өмірге қуанышпен қарап, уақытты көңілді өткізе алады. Қоғамдық пікірден гөрі өздерінің принциптері мен ұстанымын медеу тұтады, сондықтан мәселені әуелі таразылайды, талдайды, ойластырады, содан кейін ғана шешім қабылдайды. Оның әрбір дәйекті де деректі шешімі кісілік пен құндылықты көтермелейді, кісіліктің қадір–қасиетін туралайды, өмірлік құндылықтарды тұтастайды. Кемелденетін адамдар басалқы ерекшеліктерге – болмыспен қалыптасқан өзара әрекетке, басқа адамдармен туыстықы сезінуге; базалық қажеттіліктерге, соның ішінде материалдық жетістікке қанағаттануға,   үйлесті қатынастың болуына ерекше ықылас бөледі, жауапкершілікпен қарайды. Оның өмірлік кредосы: Өмірдің сапалық өлшемдері мен өзгерістерін ескере отырып, «Өзіңнің ойыңа сен, сонда сау боласың» деген ережеге саяды.

Ө.–ө. к. – жеке нәрсеге немесе қылыққа әуестену емес, тұлғаның жан–тәнінің саулығы мен тұтастығына талпыныс;  тыйым салған қылықтарды әдіспен басу және өзін түбегейлі бастауда, нақты істе сынай білу;  тұлғаның ішкі тұтастығы, яғни адам мен қоршаған ортаның үйлесімдігі, адамның Ө.–ө. қабылдауының өнімдері. Ө.–ө. к–тін тұлғаға ішкі қалыпты ұстайтын және қадағалайтын күштердің арасындағы тартыс тән емес. Жетік жанның жасампаздықты өңдеуі адамның өзін өсіретін және өсіруге келетін өмірдің бар саласына таратылады. Сол үшін эмоциялы ұстанымдарды, талғамдарды, таңдауларды иемденуге үйрету қажет. Ол дегеніміз мақсатсыз, мотивтелмеген қызығушылықтан арылу, Ө. к–ге, яғни шынайы сезімге, эстетикалық қабылдауға, емін–еркін зейінді ұғынуға көбірек көңіл бөлу.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *