өзін-өзі бағалау

адам интеллектісіне іштей тән субъективті әлеует, сана ырқына тікелей бағына бермейтін қабілет, ұғынуға мәнді де икемді түсініктердің индивидуалды  санадағы деңгейі. Ө.–ө. б. – а) нақты десек те күрделі үрдіс, салалы десекте жүйелі ағым; ә) ақыл–ойдағы әрекет туралы мәліметтерді игеру дәрежесі және ондағы жеке бас талпынысының айырмашылықтары; б) өзгеге және әлеуметтік нормалармен салыстыруда іріктелетін түсініктер түйіні. Адамның ішкі дүниесі мен қобалжу мотивтері адамның өзіне ашық, өзгелермен байланыстағы кеңістік пен құндылықтардың индивидуалды мән–мағынасы түсінікті болғанда – оның өзін–өзі түсінуі тереңдейді, тұтастанады. Осы тұрғыдан алғанда, Ө.–ө. б. – интегралды құрылым, өзіндік сана–сезім деңгейіндегі диалогиялық белсенділік көрсеткіші.  Ө.–ө. б. – «Мен–тұғырнаманың» аффективті бөлшегі немесе өзіндік сананың құрамы әрі өлшемі; өмірлік позицияның психологиялық табиғатына – эмоциялық, реттеуші, бағалаушы жақтарына ерекше көңіл бөледі. Адамның эмоциялы көзқарасында өзіне деген сүйіспеншілік, Ө.–ө. құптау және кәсіби құзіреттілікті бағалау айқын.   

Ө.–ө. б. туралы тағы бір көзқарас когнитивті, эмоциялы және мінез–құлықтық деңгейіне қатысты. Когнитивті баға адамның өзінің құзырлы/құзырлы еместігін саралауға, эмоциялы сезімдегі күйзеліс немесе торығуды, мақтаныш немесе ұятты салыстыруға,  мінез–құлықтық сезім сенімділік немесе қорқақтықты ажыратуға бағытталады. Мұндай көзқараста Ө.ө.б. мен өзіндік сананың құрылымы бір–бірімен айырғысыз ұласады. Өзіндік сана Ө.ө.б. деңгейіне төмендетіледі, керісінше, Өзіндік баға өзіндік сана деңгейіне көтеріліп, негізсіз теңестіріледі.

Мұнда Ө.–өзіндік бағалау. нақты және идеалды «Мен» үйлестігі арқылы анықталады, ө–дік реттеудің басалқы құрамы ретінде қарастырылады. Бағалаудың реттеуші түрлеріне бағалау, бақылау, демеулік ету, қорғау, шеттету функциялары жатады.  Ө.–өзіндік бағалау. іс–әрекетке сәйкес болса, онда ол «Мен» және сыртқы дүниенің дәнекерлігіне жарайды, индивидтің мінез–құлқы мен қызметінің тиімділігін басқаруды орнықтыра түседі. Онсыз өзіндік баға өзіндік санаға толық сіңіседі немесе өзінің функциясынан айрылады.

Мен–тұғырнамада бағаны бөлек құрам ретінде, Ө–дікб.–н теңестіре қарастыруға бейім. Мұнда Өзіндік бағалау өзіндік қатынас жетілуінің және адамның өзі туралы білім мен өзіне деген көзқарас бірлестігінің нәтижесі ретінде қабылданады. Ө–дік бағалау  туралы мұндай түсінік өзіндік таным мен өзіндік қатынастың сапалық ерекшелігін ашпайды. Онда Ө.–ө. бағалау түрлі сипаттамаға, түсінікке және өлшемдерге ұрындырады.

Ө. б. адамның өзі туралы білімді жеткізетін когнитивті өлшемді де, эмоциялы сарынды да өз құрамына тартады, адамның өзі туралы маңызды мәліметтің біреуімен шектелмейді. Ө–дік баға Мен нені айтқым келеді, оның мән–мағынасы неде сияқты  мәселелерге өзіндік қатынасты іріктейді.

Ө.–ө. б. дегеніміз адамның өзі туралы білімді салыстыру, оның маңызын ұғыну, ішкі негізін қалыптастыру, дәйектеу. Ө–дік б. стандарты, негізі, өлшемдері анықталғанда ғана тұлғалық қабілет–қасиетті дұрыс түсіндіру мүмкіндігі арта бермек. Сондықтан Ө–дік б.: Менде не бар дегеннен гөрі, бұл неге құнды, ол нені білдіреді? деген сауалға жауап іздестіреді. Осы кешенді ізденісте тұлғаның өзіндік санасы дараланады. Өзіндік сана құрылымына өзіндік қабылдау, өзіндік баға және өзіндік қатынас енеді.

Ө.–ө. б. тұлғалық қабілетті, адам ұнатқан түсінік пен ғылыми танымның моделін салыстыру барысында ниет пен қажеттілікті үйлестіруге серпіліс енгізеді, адамның ғұмырына бағытталған интеграциялық талпыныстың артықшылығын айқындай түседі.  Оған парасаттық негіз бен тұлғалық түсініктердің мағыналық үйлестігі ұйытқы.Ө.–ө. б.–дың мотивін, мақсатын, мағынасын ұққан сайын, Ө–дік б–дың субъективті өмірімен байланысты екендігін, оның құндылығын ажыратамыз, ұғамыз. Ө.–ө. б. менің өмірімнің, жеке «Меннің» өмірлік мағынасының қандай екендігін айқындауға арқау болады, ұйытқылық етеді.

Өзіндік сана компоненттерінің арасында үйлестік, келісім жене бірін–бірі толықтыру орнықса немесе, керісінше, үйлессіздікке, шиеленіске жол берілмесе, онда өзіндік міндетті таңдау, өзін–өзі тану, өзін–өзі қабылдау, өзіне деген сенім айқын да басым болмақ. Мұның өзі кәмелетке жеткен адамның дамыған «Менін», оның мотивін, мақсатын, тұлғалық ерекшелігін қайта талдай алатындығын айғақтайды. Мәселе, а) Ө.–ө. б–дағы сауаттылық пен оптимистік рухты сақтап қалуда, жалғастыруда, ә) адам өзін бағалағанда эгоизмнен, күш көрсетуден, қыңырлыққа ұрынудан сақ болуы шарт. Бұдан жеке тұлғалық, тұлғалық бірегейлік пен өзіндік құндылық адамның өмірлік таңдауы мен құштарлығын арттыратыны хақ. Психолог Дж. Крокер (АҚШ, 2004) Ө.–к б –ң басты жеті негізін атайды. Олар – құптау, басқалардың қабылдауына қосылу; отбасын қолдау; құдайға табынушылық; академиялық қабілеттілік немесе біліктілік; денелік жарастық; мораль және ізгілік; сәйкестілік. Біреудің бағасына – құптауына немесе жек көруіне, әлеуметтік қолдауына немесе қарсылығына жалтақтау – Ө–дік б–ң тәуелділігін арттыратын сыртқы жағдайлар. Жеке тұлға өз басы мен тағдырын өзінше талдап, бағалап жатқанда, өзінің абыройы мен біліктілігін, осы қасиеттер мен тұлғалық құндылықтардың тиімділігін сақтап қалуға күш–қуатын жұмсайды.

Ө.–ө. б–у біртіндеп қалыптасатын, әрдайым жаңаратын үрдіс. Үрдістің басты өлшемі – өз тұрмыс салтын тиімді басқаруда, осы тәжірибенің толыққанды, үйлесті өмірдің қайнар көзіне лайықты қабілетті жүзеге асыруда.   Сонда ғана Ө–дік б. тұлғалық  өмірдің сапасы мен тұрақтылығын реттейтін маңызды тетікті әрі ресурсты құрайды. 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *