ҰЙҒЫР МУЗЫКАЛЫҚ КОМЕДИЯ ТЕАТРЫ

Қ.Қожамияров атындағы – мәдени–сахналық мекеме. 1934 ж. 24 қыркүйекте Д.Асимов пен А.Садыровтың «Анархан» атты музыкалық драмасымен тұңғыш рет өз шымылдығын ашты. Алғашында Ұйғыр муз. драма театры деп аталды. (Алматы обл.) орналасып, 1961 ж. Алматы қ–на қайта қоныс аударды. Театр труппасы 1940–50 жылдары ұлттық драматургиямен катар аударма, муз., драм. шығармаларға да ден койды. Актерлер М.Бақиев, М.Семятова, С. Саттарова, А.Шәмиев, А.Ақбаров, З.Ақбарова, Қ.Әбдірәсілов,Р. Илахунова, Н.Мәметова, Ж.Асимов, Т.Бахтыбаев, Ғ.Жәлелов,М.Зайнаутдинов, Х.Илиева, А.Супиев,Р.Тохтанова,реж. А.Ибрагимов, А.Марджанов, Д.Садырова, С.Башоян, Б.Омаров, Қ.Жетпісбаев, театр суретшілері К.Пак, И.И6рагимов, композиторлар Қ.Қожамияров, Ғ.Зайнаутдинов, И.Масимов, И.Исаев, т.б.–лар театрдың нығайып қалыптасуына, өсіп дамуына елеулі үлес қосты. 20 ғ–дың 60–80–жылдары ұйғыр жазушыларының драм. шығармалары қойылып, театрдың ұлттық бағдары айқындала түсті. 1964 ж. Респ. ұйғыр муз. драма театрына айналды, 1967 жылдан қазіргі атымен белгілі. Әр жылдары театр репертуарынан орыс (Н.В. Гоголь, М. Горький, И.Ф. Попов, В.С. Розов т.б.), өзбек (Х.Хамза, К.Яшен, А.Каһар, С.Ахмад), қырғыз (ІП.Айтматов, М.Байджиев), башқұрт (М.Кәрім) және қазақ жазушыларының (М.Әуезовтің «Айман – Шолпаны», Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш –Баян сұлуы» мен «Қыз Жібегі», С.Мұқановтың «Қашғар қызы», Ш.Құсайыновтың «Шолпаны» мен «Қайран Гәккуі» т.б.), шет ел драматургиясының (У.Шекспир, А.В. Вальехо) туындылары да орын алды. Театр жанынан «Яшлық» және «Нава» ансамбльдері құрылды. Театр труппасы гастрольдік сапармен Мәскеу қ–нда (1981), сондай–ак Өзбекстан, Қырғызстан және Түрікменстан, Египетте болып, өнер көрсетті. Театр ұжымы 1984 ж. «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *