РЕСПУБЛИКАЛЫҚ НЕМІС ДРАМА ТЕАТРЫ

мәдени–сахналық мекеме. Теміртау қ–нда 1980 ж. 26 желтоқсанда тұңғыш рет шымылдығын А.Реймгеннің «Алғашқылар» спектаклімен ашты. Театрдың актерлік труппасының негізін Мәскеу театр училищесінің түлектері құрады. 1989 ж. театр Алматы қ–сына қоныс аударды. 1990 ж. ұжым Алматыдағы Неміс театр академиясының түлек–терімен толықты. Театр репертуарында орыс және неміс классиктерінің шығармалары:Г.Э.Лессингтің»ЭмилияГалотти»,Ф.Шиллердің»Зұлымдық пен махаббат», Н.В. Гогольдің «Үйлену», Б.Брехтің «Үш тиындық опера», Дюрренматтың «Физиктер», А.В. Вампиловтың «Провинция анекдоттары», В.М. Шукшиннің «Жүрек қалауы», т.б. және импровизацияға құрылған «Ғажайып алаңы», «Уникуп», «Байқоңыр», т.б. спектакльдер бар. Театр ағылшын, неміс, орыс, тілдерінде спектакльдер көрсетеді. Театр ұжымы гастрольдік сапармен Германия, Швейцария, Ресей, т.б. елдерде болып өнер көрсетті. Көркемдік жетекшісі – Б. Атабаев (2004 жылдан).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *