РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОРЕЙ МУЗЫКАЛЫҚ КОМЕДИЯ ТЕАТРЫ

мәдени–сахналық мекеме. Ресейде Владивосток қ–нда 1932 ж. «Корей өлкелік театры» деген атпен көркемөнерпаздар үйірмесі негізінде ұйымдастырылды. Қазақстанға XX ғ–дың 30–жылдарының аяғындақоныс аударып, Корей муз. драма театры деген атпен жұмыс істей бастады. 1937–41 және 1959–68 жж. Қызылорда қ–нда, 1942–59 ж. Алматы обл. Үштөбе қ–нда орналасып, 1968 ж. Алматы қ–на түпкілікті қоныс аударды. Театр репертуарынан корейдің ұлттық классикасынан бастап шет ел, орыс (Ли Ден Ним, Ен Сен Нен, Тен Дон Хек, Хан Дин; У.Шекспир, Ф.Шиллер, К.Гольдони, Ж.Б. Мольер, А.Н. Островский, Н.В. Гоголь, т.б.) және қазақ, қырғыз, өзбек драматургиясының туындылары да (М.Әуезовтін «Еңлік – Кебегі» (1962) мен «Қарагөзі» (1970); Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян сұлуы» 1949, 1975; Қ.Байсейітовтың «Беу, қыздарайы», 1965; Қ.Мұхамеджановтың «Бөлтірік бөрік астындасы», 1967; О.Бодықовтың «Қарақұмтрагедиясы», 1970; Ш.Айтматовтын «Арманым, Әселім» мен «Ана–Жер–анасы» бойынша, 1967, 1972; Х.Хамзанын «Бай мен баты–рағы», 1971; т.б.) орын алды. Театр ұжымының шығарм. жағынан қалыптасып өсу жолында актерлер Ким Дин, Н.П. Ли, Ли Хам Дек, Ли Гер Су, Пак Чун Себ, Цой Бон До, В.Е. Ким, И.Ким, режиссерлер мен суретшілері Ен Сен Нен, Мен ДонУк, Те Ден Гу, Тхай Дян Чун, Цай Ен, Г.М. Кан, К.Е. Пак, т.б. мол үлес қосты. Театр ұжымы 1966 ж. респ. театр дәрежесін алды, 1978 жылдан қазіргі атымен белгілі. Театр құрамында «Ариран» эстрада ансамблі (1967 жылдан) мен ұлттық бишілер тобы жұмыс істейді. 1982 ж. театр ұжымы «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды. 1990 жылдан театрдың көркемдік жағын В.Е. Ким басқарды. Театр ұжымы гастрольдік сапармен Ресейде (Сахалинде, Мәскеуде), Өзбекстанда және Қырғызстанда болып, өнер көрсетті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *