Рахымдылық

қайырым, мейірім, ізгілік сипаты. Қайырымдылықпен егіздің сыңарындай болып келетін жақсы қасиет – Р. Иманды адамның басты қасиеті – оның Р–ғы. Қасиетті Құран Кәрімде: «Рахым, рахмет – жақсылық, ізгілік, мейірім, қамқорлық» делінген. Үйде де, түзде де басқаларға ерекше бір мейірімділікпен қарау, олардың қамын ойлау, жан ашырлық пен қамқорлық жасай білу–Р. Үлкеннің кішіге қамқорлығы, кішінің үлкен алдындағы ізеттілігі, баланың ата–анаға деген мейір–шапағаты Р–тың тамаша көріністері. «Ағасы бардың жағасы бар», «інісі бардың тынысы бар» дегенмен кісінің Р–ғы тек өзінің жақын туған–туыстарына ғана емес, сонымен бірге бүкіл адамзатқа арналуы тиіс. Әсіресе, мүгедек, әлжуаз, жарлы–жақыбай кісілерге Р. жасау керек. Құранда да ондай кісілерге жәрдемдесу қажеттілігі ерекше ескерілген. Р–қа қарама–қарсы жаман қасиет – рахымсыздық. Ондай адам басқалардың тыныс–тіршілігіне немқұрайды қарайды. Ол тек өзі үшін, өзінің жеке басының баюы үшін ғана өмір сүруді ұнатады. Р–сыздықтың тағы бір көрінісі – адамға жаны ашымаушылық. Р–сыз бала ата–анасымен, ұстазымен, басқалармен дөрекі сөйлеседі, бейпілауыз келеді. Ол көп жағдайда өз қылығының әдепсіз екенін біле тұра, айылын жимайды, әдеп, ұят дегенді жинап қояды. Р–сыз атаулыдан сақтану керек. Әр кезде басқаға Р–ды болуға тырысу қажет.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *