рахат

адам жанының немесе тәнінің ләзәтті күй кешу сезімі.Ертедегі грек ойшылы Эпикур адам рахаттану үшін өмір сүруі қажет деген екен. Р. бақыттың ажырамас бөлігі болса, азап бақытсыздықтың серігі. Р. шынайы және жалған болуы мүмкін, шынайы рахат адамның рухани өмір сүруінің басты арқауы. Шынайы Р–тың бірнеше түрі бар. Олар дене қажеттіктерін өтеу (тамақтану, сусындау, ұйқы, т.б.). Оларды тән Р–тары деп атауға болады. Бұлар хайуанаттар әлемінде де кездеседі. Р–тың енді бір көрінісі – жан Р–ы. Ол білсем, көрсем, үйренсем екен деген түсінік. Бұл екеуі де бала кезден ерекше байқалып жүрген Р–тың түрі. Кішкентайдан қалыптасқан жан Р–ы, ес кіріп, етек жапқан кезде тән Р–ының құлына да айналып кетуі адам мүмкін. Осыдан барып басқаның азабына рахаттану, нәпсіқұмарлық, қатыгездік, өзін–өзі қинаушылық пайда болып, жалған Р–тар адам өміріне қайғы мен қасірет әкелетін кездері де болады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *