Отырар сазы

Нұрғиса Тілендиев атындағы «Отырар сазы» Қазақтың мемлекеттік академиялық фольклорлық–этнографиялық халық аспаптары оркестрі. Қазақ филормониясы жанынан 1980 ж. құрылған. Оның көркемдік жетекшісі әрі бас дирижері Н. Тілендиев басында шағын ансамбль ретінде ұйымдастырып, 1982 ж. оркестр санатына көтерген. Оркестрдің құрамында домбыра мен қобыздан басқа қазақтың жетіген, шертер, шаңқобыз, месқобыз, сырнай, сазсырнай, сыбызғы, асатаяқ, дауылпаз, тұяқтас, қоңырау т.б. саз аспаптары бар. «О. с.» репертуарындағы фольклорлық туындылармен қатар аңыз, шежіре, күйлер сипатында жазылған Қазақстан композиторларының шығармалары ұлттық нақышымен ерекшеленеді. Сондай–ақ оның репертуары кинофильмдер музыкасымен, солистер орындайтын аспаптық шығармалармен толықтырылған. Ұжым қазақтың музыкалық фольклорының тамаша үлгілерін сақтап қана қоймай, қазіргі мәнерлеу аспаптары мен оркестрдің тембр мүмкіндігіне сәйкес келетін туындыларды өңдеп, жетілдіріп келеді. Оркестр құрамында 65 өнер шебері қызмет етеді. Солтүстік Кореяда өткен дүниежүзілік өнер фестивалінде (1994) «О. с.»1–орынды иеленіп, алтын жүлдемен оралды. 1999 ж. оркестрге Тілендиев есімі, 2000 ж. Академиялық атақ берілді. Оркестрдің репертуарында: халық күйлері –«Кеңес», «Сары өзен», «Сал күрең», халық композиторларының шығармалары «Қосбасар», «Саржайлау», Тәттімбеттің «Сылқылдағы», «Ерденнің күйі», Ықыластың «Қамбар батыры», М. Төлебаевтың «Еске алуы», Н. Тілендиевтің«Ата толғауы», «Қош керуені», К. Күмісбековтің «Қорқыт күйі», «Фараби сазы» жәнет. б. бар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *