нақыл сөз

өткір, ділмәр, мәнді, аталы сөздің тұнығы, ордалы да оралымды ойдың түйіні;  жекенің де, көптің де көңілінен шығатын шешендік өнер. Н.с. – адамға сөз арқылы жәрдем беру, оның сеніміне дем беретін ата–бабаларымыздың сарқылмас рухани байлығы. Н. с–дің құндылығы, – өсиетінде, өміршеңдігінде, дәлдігінде, айқындылығында, деректілігінде,өмір тәжірибесіне, даналық тұжырымға, логикалық қисын мен ғибратты өнегеге негізделген терең ойлы, түйінді сөз.Уәждің мінсіздігі уақыт елегінен өтіп, ұрпақтар зердесіне ұялаған ұлағатты  осы нақылдарда бекіген.

Н.  с–дің өміршеңдігі – шындығы мен шеберлігінде, тәсіл айқындылығы мен ұстаным тазалығында, бірлік пен бітім үшін қажетті саналылық пен даналылықта. Адам ақыл–парасатының естілігі, екпінділігі осы саналылық пен даналықтан  нәр алады, бітім табады. Н.с–де батыл да тиімді әрекеттің беталысы айшықтанады, тиімді әрекет, оптимистік рух жеке адамды да, тұтас ұрпақты да, тіпті бар халықты да жаңсақтықтан сақтандырады. Н. с–дер әмісе туралыққа, тұлғалыққа, тұтастыққа, тұрақтылыққа шақырады, ұлағаттылыққа қызмет етеді.

Қазақтың Н. с. – адам санасында шоғырланған толғаныс қуаты, ой мен көзқарас белсенділігінің нышаны. Ғұлама әл–Фарабидің тұжырымдауынша, Н с–дер «әрекетшіл себепті іздестіреді, қарама–қарсы болмыстың өзіне тиісті үлесін алуға үйретеді

Тыңдай білген жанға – Н. с–дің мағынасы кең, мәні дәл де терең. Түсінгенге – сөз өнері нәрлі, сәнді, өнегелі. Келісті сөз – қазына, қазынаға лайықты салмаққа ие.

Н.с–дер –Отан мен халыққа, дәуірге қатыстыелі мен ері үшін, жері мен атамекені үшін тиімді қимыл–әрекетті қостайды,  оқу–білім–ғылым–өнерге бағытталған ақыл–парасат пен арман–тілекке,  адамдық мұрат пен ұлттық идеяға арналады; достық пен махаббатқа, ұрпақ сабақтастығына байланысты мінез ерекшеліктері мен адамгершілік қасиеттерге сүйенеді.

Н. с. адамның өз күшін қуаттайды, адамды шындық жолында шыңдайды, адалдық ұстауға бағыттайды.  Оны адамның жанын да, жігерін де жанитын құдірет, деп қабылдаған. Құдіретті сөздің бас құпиясы  ақыл – адамға, нақыл – ұрпаққа серік болған сайын ашылады. Адам іс–әрекетін иемденген сайын, халық туған жерін игерген сайын сөз өнерін арттырады. Өсер елдің өсиеті адам күш–қуатын, ынта–ықыласын және үмітін ұрпақ өмірінің нақты бағдарына шоғырландырады, бағыт–бағдарды толғаныс торабына және қамқорлық аясына айналдырады.

«Атаң айтқан сөзінен аспа», «Атаңның сөзін екі қылма, Ата–анаға бек жақсы қызмет қыл». Осы құндылық тұрғысынан мінез–құлықты бағалайды . Осы ерекшеліктерге лайықты талаптар да қойылады. Нақылды  адам ырысына айналдыратын ақыл ретінде қабылдайды содан кейін сөз бостандығының айғағына балайды. Н. с. танымдық қызметімен құнды. Тілді ақыл хақиқатты болжайды. Оған берілген шындық жолын   онда  ғасырлар ғажабы мен беттері, адам өмірінің құпиясы мен сырлары, айрықша өрнектелінеді.

Н. с–нің шығу тегіне көңіл аударсақ, Ол мақал–мәтелдерден, өсиет пен тілек–батадан көрініс тапты, сондай–ақ арнау, толғау, терме, желдірме, мадақтау өлеңдері арқылы желісін ұзартты. Қаһармандығымен көзге түскен, қажырлы қайратымен көңілден шыққандардың Н. с.–рі, өсиет үлгісі заманының көкейтесті мәселелерін көтерді, философиялық танымның көркемдік көздерін, ұрпақтық тәлімнің нақты үлгілерін көрсетті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *