КҮН ТӘРТІБІМНІҢ ПАЙДАСЫ

Қазақ тілі 8 «В» сынып Мұғалім: Сисекенова Н.С.
Сабақтың тақырыбы: КҮН ТӘРТІБІМНІҢ ПАЙДАСЫ
Мақсаты:
1. Күн тәртібінің пайдасын көрсету.
2. Сөйлеуге дағдыландыру, сұраулар арқылы тыңдағандарын қалай түсінгендігін тексеру, диалог, әңгіме құрастыру.Тіл, ой дамыту.
3. Сабақ арқылы өз уақытын, біреудің уақытын бағалай білуге үйрету, оқушыларды ұқыпты болуға тәрбиелеу, жауапкершілікті сезінуге тәрбиелеу.
4. Ойлау қабілетін дамыту.
САБАҚ БАРЫСЫ:
I.Ұйымдастыру кезеңі:
-Амандасу.Оқушыларды тексеру.
-Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
1Дыбыстық жаттығу:
Өткенді қайталау (сабақтың алдында мұғалім тақтаға жазады)
Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып жазыңыз.
1.Еліміздің болашағы – біздің ……… (қолымызда)
2.Менің достарым ……,……..адамдар. (әдепті,білімді,тәртіпті)
3……..бала – арлы бала, ……бала – сорлы бала(әдепті,әдепсіз)
2- Ойын «Кім тез табады?»
-Оқулықты 75 бетте ашамыз,үшінші тапсырманың бірінші абзацпен
ауызша жұмыс істейміз.
— Бірінші абзацтан қайсысы жуан, қайсысы жіңішке айтылатын сөздерді табыңыз. Кім тез табады?


Қыздардың жауабы
Менің, мен,сегізінші,біздің,және,бір –біріне,мейірімді,міндеттері.
Ұлдардың жауабы;
атым,Нұрболат,сыныпта,оқимын,сынып,оқушылары,ұйымшыл,
барлық,оқушылардың,сыныпта,атқаратын,бар.
I I.Үй жұмысын тексеру:
5 тапсырма,76 бет
I I I Жаңа тақырып:
Лексикалық тақырып. Сөздерді қайталау. (ойын түрінде)
Мұғалім сөздерді оқиды, оқушылар қимыл ретінде көрсетеді.
— Тұр,- отыр,- оқы,- тамақ іш,- шашыңды тара,- тісіңді тазала,- -ұйықта.
— Өз уақытыңды бағалай біл.
— Балалар, «уақыт» дегеніміз не?
— Бұл сөзге қандай синоним келтіруге болады?
— Дұрыс, «сағат»
— Ал, ендеше , кім айтады?
— Қазір сағат неше?
— Күннің қай мезгілі?
Қайталау: 8.00- сегіз сағат 0 минут, тура сегіз
8.10- сегіз сағат 10 минут, 8-ден 10 минут кетті
8.30- сегіз сағат 30 минут, сегіз жарым сағат
8.50- 8 сағат 50минут,тоғызға 10 минут қалды,
10 минутсыз 9 сағат


Тексеру:
— Сағат қанша?



17.30 09.01 12.00
Керекті сөздер:
Күн мезгілдерін қайталау:таңертең — утром,күндіз — днем,түсте –в обед,
кешке-вечером,кейін –после,

 

 

 

 

— Біз таңертең не істейміз? (оянамыз, тұрамыз, жуынамыз…)
— Біз күндіз не істейміз? (түскі тамақ ішеміз, оқимыз…)
— Біз кешке не істейміз? (сабақ дайындаймыз, теледидар көреміз, кешкі тамақ ішеміз…)
— Біз түнде не істейміз? (ұйықтаймыз)
— Ал енді біз күн тәртібімізді жасайық.
…. тұрдым…..жуындым…..киіндім…….таңертенгі тамақ
…..дайындалдым ….. теледидар қарадым ……. сағат 12 –де
сабақтан кейін…..кешкі тамақты …….ұйықтадым.
Жазба жұмыс:
Менің күн тәртібім
Бүгін мен сағат жетіде тұрдым,жуындым,киіндім.Таңертенгі тамақты іштім,екі сағат сабаққа дайындалдым.Одан кейін теледидар қарадым. Түсті тамақты сағат 12 –де іштім.Күндіз сағат бірге мектепке бардым.Сабақтан кейін үйге бардым.Кешкі тамақты іштім.Сағат кешкі тоғызда ұйықтадым.
I V Үй жұмысы
▲▄ « Менің күн тәртібім» туралы әңгімелеу.
♣оқулық 78 бет, 5 тапсырма

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *