дала өркенеті

түркі тектес халықтардын, соның ішінде қазақтардын материалдық және рухани құндылықтарының даму сатысы; этномәдени жүйенін қалыптасуындағы табиғи–тарихи тұрпат. Белгілі орыс археологы, акад. А.П. Окладников (1908 – 1981) зерттеу еңбектерінде далалыктардың этномәдени жүйесін «Батыс Сібір өркениеті» деп атап, «ежелгі түркі Сібірі шығысқа қарағанда батыспен тығыз байланыста болған сияқты. Оның мәдениеті бұрын болжағанымыздан әлдеқайда бай» екендігін жазды. Ә.Марғұлан, К.Акышев, Қ.Байпақов, т.б. ғалымдар «көшпелілер өркениеті» атауын жиі қолданса, Л.Н. Гумилев, О.Сүлейменов оның қайта өрлеу дәуірінде, б.з.б. IX ғ–дан б.з. XI ғ–ы аралығында, Жерорта т. жағалауы және Қиыр Шығыс елдерімен салыстырғанда жасампаздық эволюцияны бастан өткергенін дәлелдеді. Соның нәтижесінде еур. астамшылық пен таптық уағыздамаға негізделген кеңестік тарихнама мансұқ еткен Еуразия кеңістігіндегі тарихи–мәдени ерекше құбылыс ғылымға «Д. ө.» деген атпен ене бастады. Азия мен Еуропа арасындағындағы алып кеңістік деп ежелгі Дешті Қыпшақ төсінде эвол. жолмен қалыптасқан мәдени–экон., рухани тұтастықты, жартылай көшпелі, жартылай отырықшы тұрмыс кешкен дала тұрғындарының этнотарихи жүйесін Д. ө. атауға толық негіз бар. Климат құбылмалылығына жаппай әрі тікелей тәуелді күйдегі көшпелі мал ш. далалықтардың геоэкон., гео–саяси, геомәдени икемділігін белгілі бір дәрежеде шектегенімен, тұйыққа қамай алмады; керісінше, солт.–еуразиялық кеңістік тұрғындарының   өзіндік   ерекшелікке толы әлеуметтену процесі мен нәсілдік–генетик. бірігуіне жол ашты. Жабайы жылқылар мен түйелерді қолға үйретіп, осыған орай арба мен әбзел ойлап табуы көшпелілерді өркениет даңғылына жетелеген алғашқы, тың қадам болды. Металл өңдеу, қыш ыдыс жасау, мата тоқу, зергерлік кәсіп қарқынды дамып, «жұлдыз барлап, жол табу» арқылы алғашқы астрон.,  ғарыштық   түсініктері орныға   бастады. Қандық–туыстық байланыстар мен әлеум.  ұжымдасудың  жан–жақты, қатаң   түрде   сатыланған   жүйесі қалыптасты. Осынау прогрестік нышандардың бәрі көшпелілердің «мәдени өркені өнбей семіп қалғандығы, олардың етекбасты қабілетсіздігінің диалектик.  даму қалыбына қайшы келетіндігі» туралы әркилы пікірлерді теріске шығарып кана қоймайды, сонымен қатар Д. ө–нің жалпы адамзаттық өркениетке өлшеусіз үлес қосқанын көрсетеді. Еуразиялық көшпелілер ортасында қалыптасқан тәңіршілдік, зара–туштуралық,    манихейлік   дүниетаным көп ұзамай Алдыңғы Азия елдеріне діни қағидаттар, мифтік және эпостық сарындар ретінде жетіп, идеол., этик.–эстетик. тағылым дарытты. Жинақы тұрғын үй құрылымы, соған сәйкесті үй мүліктері мен киім–кешек үлгілері, тіпті, еуропалықтар тұрмысына да дендеп енді. Еуразия жазығының шығыстан батысқа  қарай  көсілген  ендігіндеолар ру тайпалық бірлестіктен бастап өзара конфедеративті қарым–қатынасқа негізделген    көшпелі империялар құруға дейінгі саяси интеграцияның  күрделі  процестерін өткерді.   Әсіресе,  мыңдаған  жылдарға  созылған  нәсілдік  генетик. комбинациялардың, геосаяси және әлеум.–мәдени байланыстардың мекені болған апайтөс кеңістіктің батысы  мен  шығысын  тұтастырған Тұран   жазығының  тұрғындары –протоказақтардың өте ерте кезеңдерден көшпелілікті отырықшылық тұрмысқа,   мал  бағуды  егіншілікке үйлестіре жүргізгені көне қытай жазбаларында   мазмұндалған.   Көне түркілердің өзіндік ерекшелігі бар»өркениеттік деңгейдің басты шарты» – төл сына жазуы қалыптасты. Алтай   өңірінен,   Шығ.   Түркістан мен Жетісу жерінен, Хакас және Тыва өңірлерінен табылған 200–ден аса ежелгі түркі жазуының ескерткіштері б. з. 1–мыңжылдықтың соңы мен 2– мыңжылдықтың бас кезіндегі (V–VI ғ–лардағы) түркі тектестердің аса қуатты мәдени–тарихи даму үрдісіне дәлел боларлықтай. 20 ғ–дың басына шейін өзіндік өрнегі мен эт–ник.  бітімін  жоғалтпаған  осынау ерекше мәдени–тарихи тип Д. ө. екендігі белгілі қазақ зерттеуші–ғалымдар  М.Қозыбаевтың, Ә.Кекілбаевтың, Т.Ғабитовтың, А.Сейдімбековтің,   М.Барманқұловтың,  т.б. еңбектерінде негізделген. Д. ө. уақытпен   кеңістік   өрісінде   геогр.–ландшафттық бөгеттерге (өткелсіз су айдындарына, ну жынысты ормандарға, асусыз тау сілемдеріне) қамалып,  томаға–тұйық күй  кешкен реликтілік   құбылыс емес, динамик., футуристік мән–мазмұны қанык жүйе  ретінде  ерекшеленеді.   Кез–келген   көшпелі,   қарапайым дала тұрғыны өз халқыныңбүкіл тарихи–мәдени, адамгершілік тәжірибесі жинақталған ауыз әдебиеті нұсқаларын – жыр–толғауларды, аңыз–өпсаналарды, т. б. жатқа білді. Сол арқылы әлемдік өркениеттің тарихи ауқымымен біте қайнасып, өзіндік бітім–тұрпатқа ие деңгейде өмір сүріп жатты. Ислам Ренессансын бастан өткеріп, әлемдік ғылымдар мен ғыл.–танымдық   ізденістердің бастауына (әл–Хорезмидің «әл–Жебрасы», Ұлықбектің астрон. зерттеулері, Омар һайямның аспан денелерінің картасы, Әбу Әли Ибн Синаның дәрігерлік канондары, т.б.) айналған түркі әлемінің ішкі тұтасуының саяси–экон., мәдени және этногенетик. үрдістері Шыңғыс хан империясы шапкыншылығы кезінде күрт тоқырауға ұшырады. Түркілердің бірсыпыра бөлігі байырғы аумак шегінен тысқары кетуге мәжбүр болды. Сөйте тұра, олардың бір бөлігі Шыңғыс хан империясының саяси құрамын, әлеум.–құқықтық негіздерін жетілдіруге ат салысып, ұлан–ғайыр кеңістікке қанат жаюына тікелей жәрдемдесті. XV ғ–дың 60–жылдары құрылған Қазак хандығының тағдыры ұлы Түркі қағанаты және Шыңғыс хан империяларының тарихымен тамырласып, Шығыс Дешті Қыпшақ, Жетісу мен Түркістан аумағындағы сан ғасырлықәлеум.–экон., этносаяси үрдістердің заңды жалғасы ретінде өрбіді. Аралас, яки көшпелі мал шаруашылығы мен отырықшы егін шаруашылығы қатар дамыған, дәстүрлі қала мәдениеті бар өлкенің табиғи топтасуы негізінде XIV–XV ғ–ларда біртұтас экон. аймақ құру үрдісі бүкіл қазақ жерін бірегей саяси құрылымға біріктіруге жағдай жасады. Үш жарым ғасырдай Орт. Азияда елеулі рөл атқарған Қазақ хандығы мемлекеттілік нышандарын жетілдіріп қана қойған жоқ, қазақ ұлтын тұтастырып, оның этник. жер аумағын нығайтып, рухани және материалдық мәдениетін дамытты. Әлемдік шаруашылык жүргізу тенденцияларының өзгеруі Еуразия ендігіндегі геосаяси ахуалға қаяу түсірді. Елдің солт–нде өз тауарларын өткізу нарығын әрі арзан шикізат көзін иемдену, әділетсіз экон. айырбасқа жол ашу мүддесі көкейін тескен Ресей империясы ентелеп тұрды. Адамзат дамуындағы ерекше тарихи–мәдени бітім  Д. ө–нің бесігі болған Орт. Азия елдері сияқты Қазақстан да осы кезеңнен бастап сол империяның геосаяси мүдделерінің орбитасына айналды. Әскери–әкімш. шаралардың ғана емес, сондай–ақ, идеол. аппараттың көмегімен отаршылдар этномәдени тұтастықты бұзып, ұлттық нигилизмге, тарихи жадысыздыққа дем берді. Кез келген ұлттың өркениеттілігі, мәдени бітімі сол елдің тәуелсіздігі аясында өрбиді. Егемен ел – тәуелсіз Қазақстан жағдайында жалпы адамзаттық құндылықтарға қол жеткізіп, біртұтас мәдени жүйе қалыптастыру үшін өткен тарихты, жеткен жетістікті бағалай білу шарт.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *