Гүлдер

республикалық мемлекеттік эстрадалық жастар ансамблі. 1969 ж. Қазақстанның халық артисі Гүлжихан Ғалиеваның ұйымдастыруымен құрылған. Қазір ансамбльді белгілі сазгер–әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жеңіс Сейдоллаұлы басқарады.

Ансамбль құрылған күннен бастап көрермендер жүрегінде ерекше орын алды. Ансамбльдің негізін эстрада–цирк студиясын бітірген жас талантты әншілер мен бишілер құрады.1973 жылдың өзінен бастап–ақ ансамбльге Оңтүстік–Шығыс Азия елдерінде концерт беру ұсынылды. Бұл сол кездегі жас ансамбльге артылған зор міндет еді, әйтседе коллектив бұл концерттерді үлкен абыроймен орындап қайтты. Әрі қарай Кубаның астанасы Гаванада өткен XI студент жастар фестивалінің лауреаты атағын алып келгеннен кейін ансамбльге нағыз танымалдық келіп жетті. Ансамбль қазақстандық көрермендер мен жастардың нағыз сүйіктісі мен мақтанышына айналды.

Ансамбль еліміздің эстрада жұлдыздарыныңбарлығына дерлік, үлкен өмірге жолдама беретін өнер алаңы болды. Оның дәлелі — Гүлжан Талпақова, Сара Тыныштығұлова, Рамазан Елебаев, Қайрат Байбосынов, Қапаш Құлышева, Құдайберген Сұлтанбаев, Роза Рымбаева, Сембек Жұмағалиев, Асан Мақашев, Гүлнәр Сиқымбаева, Нағима Есқалиева, Бақтияр Тайлақбаев, Мақпал Жүнісова, Майра Нұркенова, Бақыт Шадаева, Жеңіс Ысқақова және тағы басқа көптеген өнер майталмандары осы ансамбльдің түлектері.

Бүгінгі күні ансамбльде «Г–дің» ірге тасы қаланғаннан бастап, қазақ әндерінің қаймағын бұзбай халыққа жеткізіп жүрген әнші, домбырашы Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Қапаш Құлышева, Шәкизада, Жанна Орынбасарова, Жұбаныш Жексенұлы, Бейбіт Қорған, «Азия» тобы, дуэт «KZ»«Алтын–ай» таңғажайып шоу, домбырашы күйші Олжас Сүлейменов, сонымен қатар басқа да Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары атанған жас әншілер мен репертуарындаәлем халықтарының 27 түрлі биі бар мың бұралған «Г.» бишілер тобы жұмыс істейді. Жетекші–балетмейстер ҚР мәдениет қайраткері — Раушан Бегжанова.Би труппасы Үндістан, Монғолия, Болгария, Қытай, Куба, Израиль, Германия, Жапония, Оңтүстік–Шығыс Азия, Түркия және тағы басқа елдерде өнеркөрсетіп, халықтың зор ықыласына ие болды.

Ансамбль көптеген өкілеттік шараларда, Елбасылары кездесулерінде және үкіметаралық іс–жиындарда жиі өнер көрсетіп тұрады.Еліміздің мәдениетіне, өнеріне «Г.» ансамблі өзінің үлесін барынша қосып келе жатыр. Республикамыздың түкпір–түкпірінде және шет елдерде көрсетіп жатқан концерттерге көрермендер асыға жиналып, ансамбльдіүлкен ықыласына бөлеуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *