ҚОҒАМДЫҚ ҚАТЫНАСТАР

әлеуметтік топтар, таптар, ұлттар арасында және олардың ішкі экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдени өмірінің барысында қалыптасатын түрлі байланыстар. Жеке адамдар қауымдастықтар мен  топтардың мүшесі (өкілі) ретінде Қ.қ–қа араласады. Маркстік ілім Қ.қ–қа деген материалистік түсінікті қалыптастырды. Мұнда: а) материалдық, эконом., өндірістік қатынастарды қоғамның базисі, яғни оның бастапқы, анықтаушы жағы деген ұстаным айқын; ә) қоғамның материалдық сипаты адамдардың еркі мен санасынан емес,  оның тек өндіргіш күштерінен анықталады; б) қоғамдағы идеологиялық қатынастар – саяси, құқықтық, адамгершіл және т.б. түсініктер материалдық қатынастар негізінде қалыптасады, соңына адам санасында біртіндеп сарапталды. Қ–ның қондырмасы дегенде: а) қоғам құрамдас бөлшектерінің тұтас жүйесі; ә) Қ. қ–ң нақты жиынтығын талдауға болады деген көзқарастар қалыптасты. Қ.қ–ң әрбір жиынтығында (мысалыға, таптар, ұлттар және халықаралық қатынастар арасында) материалдық және идеологиялық қатынастардың элементтері бір–бірімен тоғысып жатады. Қ.қ. күрделіленген сайын адамдар қызметінің жаңа – басқару, ғылыми, көркемдік, техникалық, спорттық, ағартушылық сияқты арнайы түрлері пайда болады. Қ.қ–ды арнайы әлеуметтік субъектілер – топтар, таптар, ұлттар, олардың өкілдері жүзеге асырады. Қ.қ. индивид пен әлеуметтік топтар өкілдерінің арасындағы, олардың әлеуметтік рөлдерінің түрлі байланыстары. Мысалыға, әлеуметтік бірлестік деңгейінде – топтық, таптық, ұлттық, отбасылық қатынастар, қызметпен шұғылдану деңгейінде – өндірістік, саяси, оқу жүйелік, топтағы адамдар арасында – тұлғааралық қатынастар деп саралаймыз. Қ.қ. әр формацияның жеке меншік негізіне түбегейлі ықпал етпей эволюциялық сипатта өзгеріп жатады. Қ.қ–ң тұрақты, негізгі жақтары өзгергенде, қоғамдық өмірдің ескі, көне салттары әлсірейді, ыдырайды, кейде жаңа Қоғамдық экон. революциялық жолмен өтеді. Қоғамдық дамудың бұл заңдылықтары дұрыс ескерілмегенде әлеуметтік ортадағы қала мен ауыл, ой еңбегі мен дене еңбегінің арасындағы, таптар мен әлеуметтік топтар арасындағы қайшылықтар шиеленіске ұшырайды. Қ. қ. – адамның әлеуметтікке, қоғамдық практикаға ену, ендіру тәсілі. Қазақстанда осы қағидаларға негізделінген саясат, яғни қоғамды басқарудың ғылыми негіздері қалыптасуда. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *