сахналық–эстрадалық өнер саласы. Өз бастауын көшпелі өмір салтынан, мал ш–мен байланысты тұрмыс тіршілігінен алады. Ат құлағында ойнап өнер көрсету, ел аралап қуақы, әзіл–қалжың сөздерімен көпшілік көңілін көтеру, бақсылық құру, т.б. салт–жораларда цирк өнерінің алғашқы нышандары көрініс берді. Мініс атын тек көлік ретінде пайдаланып қоймай, шабандоздар оған сан алуан қозғалыс–жүрістер (бөгет пен ордан секіру, артқы аяқпен тік тұру, бір орында шыр айналу, жорғалау, аяңдау, желе жортып жүру, т.б. жасатқан. Шауып келе жатып, ат үстінен найза, қылыш, шоқпар сермеп, садақ тарту, аттың бауырына түсу, т.б. соғыс өнерінде қолданатын әдіс–тәсілдерге үнемі машықтанған. Ат үстінде орындалатын қимыл–жаттығулар қалыптасып, олар сайыс, аударыспақ, теңге алу, көкпар тарту, т.б. ұлттық ойындардың негізін салды. Қазіргі цирк ойындарындағы көптеген белгілі түрлері осы ұлттық ойындардан бастау алады. Бел–гілі қазақ палуандары Қажымұқан Мұңайтпасұлы, Балуан Шолақ, т.б. цирк аренасында өнер көрсетіп, цирк өнерінің алғашқы қадамдарын жасады. Сол сияқты халықарасында Ағашаяқ атанған әнші, домбырашы болған Берікбол Көпенұлы да цирк өнерінің кейбір белгілерін оңтайлы пайдаланды. XX ғ–дың 20–жылда–ры Алматыда (1919; жетекш. А.И. Сосин), Семейде (1923, жетекш. В.Феррони) цирк ұжымдары жүмыс істеді. Бүл ұжымдардың репертуарынан бірнеше пантомима, акробатикамен қатар қуақылық өнердің кейбір түрлері орын алды. Осы жылдары Қоянды жәрмеңкесінде, әр түрлі жиын–тойларда Қажымұқан, Зәрубай Күлсейітұлы, Шашубай Қошқарбайұлы, т.б. ойындар көрсетті. Қ. ц. ө. бұғанасы қатайып, одан әрі дамуына 1965 ж. ұйымдасқан Алматы эстрада–цирк өнері студиясының ықпалы мол болды. 60–жылдары үйымдасқан «Достық» (1962, қазіргі Шымкент халық циркі), «Балдырған» (1968, қазіргі Астана циркі) атты цирк ұжымдары ке–йіннен халықтық ұжым атағын алып, Бүкілодактық, халықар. фестивальдардың жеңімпаздары болды. Цирк өнерінің сахнаға лайықты түрлері Шымкент, Астана, Қарағанды, т.б. қалалардағы, облыстардағы филармониялардың репертуарынан орын алды. 1969 ж. цирк өнеріне икемі бар, қабілетті жастар жиналды. 1970 жылы Алматыда тұңғыш рет қазақ циркі ұйымдастырылды. 1983 ж. Қарағанды қ–нда жергілікті цирктің ашылуы – республикадағы цирк өнерінің даму барысына игі ықпал етті. Цирк ұжымы 1978 –82 ж. Бүкілодақтық цирк өнерінің байқауында жеңімпаз атанды. 1983 ж. Прага қ–нда өткен халықар. байкауда цирк қуақылары Мұрат және Елизавета Жұмағалиевтер Эдуарде Бассе атынд. бас жүлдені жеңіп алды. 1984 ж. Қ. м. ц. Қазақстанның еңб. сің. ұжымы деген атақ алды. Қ. м. ц–нің шығарм. ұжымы гастрольдік сапармен КСРО ел–дерінің көптеген қалаларында, шет елдерде (Куба, Чехия, Қытай, Польша, Франция, Бельгия, Жапония, Германия, АҚШ, Австралия) болды. 2000 ж. цирк аумағында «Арлекино» балалар ойын–сауық кешені ашылды. 2003 жылдан «Шапито» атты жазғы шатырлы цирк жұмыс жасауда.