дәлел–дәйегі нәтижесінде емес,үдеріс өзінде болатын, қимыл–әрекет түрі. Оның – мәдениет пен оның жекелеген формаларының пайда болуына және жұмыс істеуіне негіз болады деген теорияны құптаған ХХ ғ. Х. Ортега–и–Гассет, И. Хейзинга, Е. Финк, Г.Гадамер және басқа мәдениеттанушылардың әртүрлі концепцияларынан пайда болды.Голанд ғалымы И.Хейзинга ежелгіден қазіргі кезеңге дейінгі мәдени шығарм–ты ойын деп қарастырады. Ол Канттан басталып, Шиллер т.б. жалғастырған өнер генезисін спонтанды, ешқандай да мақсаттан тәуелсіз, мүддесі жоқ қызмет ретінде О–нан тарата пайымдау дәстүріне сүйенеді. Мәдени даму барысында қоғам пайдағадеп қойып мәдениеттің еркін рухы жоғалып, ойын элементі екінші қатарға жылжиды. Ортега–и–Гассет көпшілік мәдениетіне— негізі О-ға сүйенетін элитарлық мәдениетті қарсы қояды. Шығарм–тың еркін рухы, қиял ұшқырлығы, сырттай бақылаушылық шын өнердің О. өлшемдеріне үндес сипаттары. Финк мәдениеттің пайда болуын О–мен байланыстырады, себебі О. болмаса адам баласы өсімдік тектес болар еді. Адам үшін О. бәрін де қамтитындықтан О. адамды табиғаттан жоғары дәрежеге көтереді де, мәдениет феномені пайда болады. Гадамер тарих пен мәдениетті тіл стихиясындағы ерекше О. ретінде талдады: бұл ретте адам өзі қиялынан тудыратын рөльден гөрі басқаша рөльде болады.