ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИННІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МҰРАСЫ ЖАЙЫНДА ШЕТЕЛ ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ОЙ-ПІКІРЛЕРІ

Қ. БӨЛЕЕВ

Педагогика ғылымдарының докторы,

Халықаралық Тараз инновациялық институтының профессоры

 87471898206

Л.Қ. БӨЛЕЕВА

Педагогика ғылымдарының кандидаты,

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің доценті

87082438584

Түйін. Мақалада қазақ халқының ұлы ағартушы-педагогы Ы. Алтынсариннің педагогикалық идеялары мен ағартушылық қызметінің зерттелу жайы жақын және алыс шетел ғалым-педагогтарының еңбектеріне ретроспективті талдау жасалынған.
Түйінді сөздер: ағартушы-педагог, ағартушылық қызмет, ағартушылық идея, педагогикалық көзқарас, педагогикалық ой-пікірлер.
Резюме. В статье дается ретроспективный анализ великого казахского просветителя-педагога И. Алтынсарина по трудам близких и дальних зарубежних ученых-педагогов.
Ключевые слова: просветитель-педагог, просветительская деятельность, просветительская идея, педагогический взгляд, педагогические мысли.
Summary. The article provides a retrospective analysis of the great Kazakh educator-teacher Y. Altynsarin on the basis of works of scientist-educators from near and far abroad.
Key words: educator-teacher, educational activity, educational idea, pedagogical view, pedagogical thoughts.

Ұлы ағартушы-педагог Ы.Алтынсариннің ағартушылық қызметі мен педагогикалық идеялары бойынша тұңғыш рет салиқалы ойлар айтып, пікір білдірген ғалым, педагог-ұйымдастырушы А.Е.Алектаров болған. Ол өзінің 1900 жылы Қазаннан шығарған “Указатель книг, журнальных и газетных статей и заметок о киргизах” [1] атты еңбегіндегі оның 1891 жылы Орынбор баспаханасынан «Тургайская область. Естественные и производительные силы области, хозяйственная деятельность, ее население» атты көлемді зерттеу еңбегінде Торғай облысының оқу ісі туралы, инспектор-педагог Ы.Алтынсариннің орны мен тындырған ісі жайында тұңғыш рет айтып, оның ашқан орыс-қазақ училищелерінің тарихы мен болашағын баяндай келіп: “Честь тому, кто сумел приохотить казахов учиться в русских школах ичесть тому, кто принимал участие в обеспечении школ Торгайской области. Говоря это, нельзя обойти молчанием Алтынсарина. Он получил самостоятельно довольно солидное образование и был выдающимся деятелем на пользу отечеств и родных ему казахов… вместе с тем Алтынсарин был высшей степени симпатичный, умный и честный человек” [1, 55 б.].
Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық қызметі жайлы алғаш жазған РСФСР-дің педагогика тарихы мен теориясы институтының аға ғылыми қызметкері А.Ф.Эфиров. Ол 1939 жылғы «Советская педагогика» журналының №11-12 санында “Русификаторская школа у казахов в дореволюционной России” атты мақаласында Ы.Алтынсарин мектебі туралы, сол журналдың 1945 жылы №4 санында «Педагогическая деятельность И.Алтынсарина» және «Нерусские школы Поволжья и Сибири. Исторический очерк» [2] еңбектерін Ы.Алтынсариннің педагогикалық қызметі туралы мәліметтер берген. Ал 1949 жылы ол Ыбырайдың өмірі мен педагогикалық қызметі туралы көлемі 48 беттен тұратын «Ибрай Алтынсарин (Жизнь и педагогическая деятельность)» атты оқу құралын шығарды. Құрал сегіз бөлімнен тұрады: Ибрай Алтынсарин; Орынборлық қазақ мектебі; Өз бетінше жұмыс істеудің алғашқы құралдары; Ы.Алтынсарин — бастауыш мектеп мұғалімі; Ы.Алтынсарин – Торғай облысының халықтық училищелерінің инспекторы; Ы.Алтынсариннің педагогикалық көзқарастары; Ы.Алтынсарин – жазушы және ақын. Осы зерттеу еңбегінің соңын былай деп қорытындылапты: «Қазақ халқының жүрегінде Алтынсарин мықты естен кетпес орын алды, уақыттар ұзаған сайын оның атағы мен атқарған істері кең қанат жайып, даңққа бөлене беретініне әбден сенеміз» [2, 46 б.]
Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық қызметі туралы орыс ғалым-педагогі проф. Н.А.Константинов 1946 жылы шыққан «Проблемы истории русской педагогики» [3] атты кітаптағы «Влияние русской педагогики на педагогическую мысль отдельных народов СССР» атты мақаласында Ы.Алтынсариннің Н.И.Ильминский оқушысы және замандасы болғанын айта келіп, оның педагогикалық қызметі туралы қысқаша ғана айтылған [3, 155-156 б.].
Профессор ғалым-педагог Е.Н.Мединскийдің 1947 жылғы «История педагогики» [4] атты оқу құралында Ы.Алтынсариннің педагогикалық қызметіне қысқаша сипаттама берген [408-456 б.].
1952 жылы шыққан профессорлар Н.А.Константинов пен В.Я.Струмлинскийдің «Очерки по истории начального образования в России» [5] атты зерттеу еңбектерінде Ы.Алтынсариннің педагогикалық қызметі туралы мына төмендегідей ой-пікір айтылған: “Выдающимся педагогом, ученым и поэтом казахского народа был Ибрай Алтынсарин (1841-1889). Алтынсарин ясно сознавал необходимость широкого просвещения народных масс; он последовательно боролся за светскость образования в казахских школах. Алтынсарин был хорошо знаком с произведениями Ушинского и идеи великого русского педагога были близки и дороги ему.
Алтынсарин был выдающимся организатором целой сети русско-казахских школ. Он создал ряд прекрасных учебников для начальных школ и стал применять новый алфавит, составленный им на основе русской графики. Положив в основу своего начальника руководства к обучению казахов русскому языку принципы построения лучших русских учебников (в первую очередь Ушинского), Алтынсарин включил туда местный материал, а в составленную им «Казахскую хрестоматию» ввёл переведённые им из «Детского мира» Ушинского отрывки.
В особенности большое внимание (следуя заветом Ушинского) Алтынсарин уделял подготовке полноценных национальных педагогических кадров. «Для народных школ учителя составляют всё, — писал он, — с ними не могут сравниться ни прекраснейшие руководства ни благороднейшие правительственные распоряжения, ни тщательный педагогический надзор». Хороший учитель дороже всего на свете». Алтынсарин отстаивал и мысль о женском образовании. Он создал первое казахское ремесленное училище.
Из школ Алтынсарина выходила молодежь, любящая свой народ и внутренне связанная с великой русской культурой” [5, 155 б.].
1977 жылғы педагогика тарихы бойынша Н.А.Константинов, Е.Н.Мединский мен М.Ф.Шабаеваның авторлығымен шыққан «История педагогики» [6] атты оқулықта проф. М.Ф.Шабаеваның Ы.Алтынсариннің педагогикалық қызметі туралы айтылған пікірі: “Ибрай Алтынсарин (1841-1889) – выдающийся казахский педагог и поэт второй половины XIX века. Общественно-педагогические взгляды Алтынсарина сложились под вниянием выдающихся русских педагогов. Алтынсарин был горячим патриотом своего народа; он любил русскую литературу, восхищался Пушкином и стремился приобщить свой народ к более высокой, русской культуре. Основная заслуга Алтынсарина состоит в том, что им было положено начало светскому образованию казахского народа.
Алтынсарин окончил школу при Оренбургской пограничной комиссии, был первым учителем-казахом. В 1861 году он получил назначение на должность учителя Торгайской школы. Будучи инспектором казахских школ, он проявлял неутомимую педагогическую деятельность и в короткий срок сумел организовать систему школ-интернатов, приспособленных для обучения и воспитания детей кочевого населения Казахстана. Одновременно с этим Алтынсарин был пионером женского образования и организатором первого у казахов ремесленного училища. Им составлены первые казахские учебники, напечатанные на основе русской азбуки, он первый осуществил преподавание в казахских школах на родном языке учащихся. Алтынсарин пользовался широкой популярностью у своих современников и оставил о себе благодарную память среди казахского народа.
В основу своей деятельности по организации казахских школ И.Алтынсарин ставил следующие цели и задачи: Школа, вне всяких влияний религий, должна готовить новых граждан, борцов за новую. Она должна стать для народа азбукой усвоения русской культуры, науки и русского языка. По своему устройству школа должна служить примером новой культурной жизни в самом широком смысле слова – новых привычек, порядков, дисциплины, начал гигиены, санатории, ремесел и искусств в среде казахского народа. При школе должны быть огород и цветник. Школа должна стать подлинным очагом культуры среди окружающего населения, иметь хорошую библиотеку, чтобы грамотная часть казахского населения могла читать научно-популярные книги. Учитель – воспитатель в школе – решает успех дела, все зависит от него, от его подготовки к педагогической работе, от его любви к своему делу. Устройство школы – дело самого народа, от правительства даже не требуется средств, лишь бы оно разрешало открыть школы и не мешало их образовательной и воспитательной работе. Школы обучают не только мальчиков, но и девочек. Эти положения, выдвинутые И.Алтынсарином, сыграли большую роль в деле развития советкого образования на территории Казахстана” [6, 141 б.].
Украин халқының белгілі шығыстанушысы А.Е.Крымский (1871-1942) өзінің «Тюркские литературы» [7] деген еңбегіндегі «Қазақстан түріктерінің әдебиеті» атты мақаласында Ы.Алтынсарин жөнінде былайша әділ пікір айтқан екен: «Через учителей и учеников хрестоматия Алтынсарина и вне школы получило самое широкое распространение и сильно послужило к возбуждению национального духа у казахского народа» [7, 75 б.].
Ыбырай Алтынасриннің ағартушылық қызметі мен педагогикалық идеяларын зерттеуде Шығыс тілдерінің білгірі, Қазан университетінің профессоры, Россия Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Н.И.Ильминскийдің 1891 жылы жазып қалдырған «Воспоминания об И.Алтынсарина» [8] деп аталатын еңбегі теңдесі жоқ мол қазына. Ол еңбек үш бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлім «Кіріспе» деп аталып, онда Ыбырайдың өмірбаяны тұңғыш рет ғылыми түрде сипатталды. Сондықтан авторды «Ыбырайдың ғылыми ғұмырнамасын жазған “алғашқы ғалым” деп атайды.
Екінші бөлім«Ы.Алтынсарин туралы естеліктер» деп аталып, онда орыс ғалымдары оның жолдастарының және ізбасарларының естеліктері жинақталып берілген.
Үшінші бөлім «Ы.Алтынсариннің естеліктеріне қосымша» деп аталып, онда қазақ балалары үшін Орынборлық мектеп, мектеп туралы қосымша, Орынбор мектебі туралы хаттар, қазақ балаларын мектепке қабылдау туралы, қазақ балалары үшін Орынбордағы мектеп, дала басқармаларында мектеп, қазақтар үшін білім беру туралы Оқу Ведомстының хаттары, Торғай обылысының әскери губернаторы генерал-майор Контантиновичтің хаттары, Ы.Алтынсарин мен Н.И.Ильминскийдің, В.В.Катаринскийдің, А.А.Мозохиннің, Ф.Д.Соколовтың хаттары мен қағаздары, Алтынсарин туралы мұғалімдердің хаттары берілген. Еңбектің көлемі – 444 бет. Бұл еңбек Ыбырай қайтыс болғаннан кейінгі Н.И.Ильминскийдің жазған келешек зерттеушілер үшін өте бағалы жұмыс болып саналады.
Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық қызметі туралы оның достары мен ізбасарларының ой-пікірлері ыбырайтану ғылымының негізін қалаушылардың бірі ғалым-педагог Ә.Ламашевтің «Ыбырай Алтынсарин және оның орыс достары мен ізбасарлары» және «Ыбырай Алтынсарин» [9] атты зерттеу еңбектерінде кеңінен сөз болғандықтан, орыс ғалымдары В.В.Катаринскийдің, В.В.Григорьевтің, А.А.Мозохиннің, Ф.Д.Соколовтың, т.б. Ы.Алтынсарин туралы ой-пікірлерін қайталауды жөн көрмедік.
Қостанай педагогикалық университетінің профессорлары ыбырайтанушылар С.Оспанұлы мен К.Мырзағалиеваның «Алтынсарин есімі алыс шетелдерде» атты мақаласында Америка, Лепци, Туркия, Монғолия, Қытай, Мажорстан ғалымдарының Ы.Алтынсарин жайындағы ой-пікірлері алғаш сөз болған [10, 26-37 б.].
Педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, монғолиялық қазақ-ғалымы Ә.Ашайұлы «Ұлттық педагогика негізінде оқу-тәрбие ісін ұйымдастыру» [11] тақырыбына 1993 жылы қорғаған куандидаттық диссертациясында және «Ы.Алтынсариннің педагогикалық ілімдерін МХР қазақ мектептерінде насихаттау барысы» [12] атты мақаласында: «Монғолияда алғаш қазақтың ұлттық аймағы орнап, ұлттық қазақ мектептер қалыптаса бастаған 1940 жылдары қазақ жастарын білімге, өнерге құштар етіп тәрбиелеу мақсатын айқындауда Ы.Алтынсариннің педагогикалық көзқарастарының игі әсері тигенін, оқу жоспарын, жеке пәндердің бағарламаларын жасап, соған сәйкес оқулықтар дайындауда да Ы.Алтынсарин ілімдеріне сүйенгендерін айтады. Ұлы ұстаз мұраларының МХР қазақ мектептерінің қалыптасуына үлкен әсер еткенін жан-жақты ашып көрсетіп, қазақ мектебінде оқитын, мектепті бітірген шәкірттердің бәрі Ыбырайды жақсы білетінін, оның «Кел, балалар, оқылық!» өлеңін жатқа айтатынын, Ыбырайдың тәлімдік-тәрбиелік мәні зор әңгімелері мен өлеңдерін мектептердегі тәрбие үйірмелерінде және сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстарда талқылайтындарын айта келіп: «МХР қазақ мектептерінің бастауыш класының оқу, тіл дамыту, орта және жоғары класының әдебиет пәнінің мазмұнына Ыбырай еңбектері енумен қатар, барлық кластарда жүрілетін тәрбие жұмысының бағдарламасына енген. Сондықтан да қазір біздің қазақ мектебінде оқитын немесе сол мектептерді бітірген кез келген адамнан Ыбырай атамызды білмейтін, оның «Кел, балалар, оқылық» атты өлеңін жатқа айта алмайтындар кездеспейді. Монғолиядағы қырыққа тарта қазақ мектептерінің оқу және әдебиет пәндерінде Ыбырай ілімдері қанша сағатпен үйретілетініне және олардың мәніне тоқталсақ, 1 класта «Кел, балалар, оқылық» өлеңі 2 сағат, V класта «Бай баласы мен жарлы баласы» 2 сағат, VI класта «Қыпшақ Сейтқұл», «Өзен» шығармалары 2 сағат, VII «Өнер-білім бар, жұрттар», «Таза ауа» атты еңбектері 2 сағат үйретілумен бірге орта мектептің жоғары кластары 5 сағатпен кеңінен насихатталады».
Біздің мектептеріміздегі тәрбие үйірмелеріндежәне кластан тыс жүргізілетін жұмыстарында Ы.Алтынсариннің «Жаз шыққанда», «Атымтай Жомарт», «Надандық», «Балғожаның оқудағы баласына жазған хаты», «Ананың сүюі» сияқты шығармалары талқыланады. Өйткені бұл шығармаларында автор бала тәрбиесіндегі ата-ана рөлін, жас ұрпаққа эстетикалық, моральдық және еңбек тәрбиесін беру жолдарын сөз етеді.
Ыбырай Алтынсарин мектепте тәрбие жұмыстарын ана тілінде, ұлттық салт-сана, дәстүр, әдет-ғұрыптарын, тілін сақтап, халқына деген сүйіспеншілігі артатынын көре білуі қазір Монғолиядағы қазақ мектептерінің практикасында өз нәтижесін беруде деп білеміз. Ал, мектептерде Ыбырай ілімдерін насихаттау апталықтары, автор еңбектері бойынша диспуттар және тағы басқа көптеген шаралар жүргізіліп жатыр. Бұл қазақ халқының ұлы перзенті Ы.Алтынсариннің тамаша еңбектерінің аса құндылығын барша жұртқа паш етеді, одан үйренуге шақырады» — дейді ғалым-педагог [12, 17-18 б.].
Ұлы ағартушы Ы.Алтынсариннің педагогикалық мұраларын зерттеу және оны тануда Өзбекстан, Белоруссия және Ресей ғалымдары да жұмыс жасауда. Мысалы, өзбек ғалым-педагогі К.А.Ташмурадов оның «Педагогические идеи И.Алтынсарина и Хамзы Хакимзаде Ниязий» [13] атты мақаласында екі ағартушының көзқарастарының қалыптасу кезеңдері, олардың жалпыпедагогикалық, дидактикалық және әдістемелік идеяларының ұқсастықтары мен жалпылығы туралы автор: «И.Алтынсарин – выдающийся просветитель-демократ второй половины XIX века, неутомимый борец за общественные преобразования, давший пример самоотверженного служения делу народа. Он занимает важное место в истории развития общественной мысли не только в Казахстане, но и в Узбекистане.
Также как и в педагогике выдающегося педагога, писателя, драматурга, композитора Хамзы, в педагогике Алтынсарина впервые в условиях Казахстана используются важнейшие научные понятия – общепедагогические, дидактические и методические: наглядность в преподавании, опыт и наблюдение, целенаправленность обучения, воспитывающее обучение, формы классной и внеклассной работы и др. И.И.Алтынсарина и Хамза жили почти в одну эпоху. Педагогические взгляды И.Алтынсарина и Хамзы формировались под влиянием демократической просветительской мысли, передового опыта русской народной школы. С этой точки зрения наследие Алтынсарина и Хамзы – яркий пример органической связи истории педагогики каждого из советских народов с общеотечественной.
В силу своего прогрессивного содержания идеи Алтынсарина и Хамзы сыграли положительную роль, во многом они и поныне не утратили своего значения. Их учения представляют собой целостную и оригинальную педагогическую систему, в которой нашли отражение как правдивое слово критики, так и умение сказать свое слово, поддержать новаторское начинания.
В стихотворении «Друзья из молодежи» Алтынсарин и в «Бай и батрак» Хамза показывает уродливые, болезненные явления, бытующие в отсталом ауле, кишлаке, рисуют ложь, лицемерие эксплуататоров.
И.Алтынсарин и Хамза, не называя прямо носителей зла, произвола, общественной неправды, иносказательно вскрывают беззаконие и подлость, которые творились эксплуататорскими слоями – теми, кому вольготно и весело жилось в наивной, отсталой казахской и узбекской среде» [13, 88-89 б.] деп сипаттаған.
Минскілік ғалым-педагог М.А.Станчиц өзінің «Реализация идеи И.Алтынсарина о гуманизации образования в современной школе Белоруссии» [14] атты мақаласында Ы.Алтынсариннің мектептің оқу және тәрбие жұмыстарын ізгілендіру, адамгершілік, патриоттық, еңбек тәрбиелері, педагогикалық такт, ересектердің үлгісі туралы, өзін-өзі тәрбиелеу т.б. бойынша идеяларының көкейкестілігіне және маңызына тоқтала келіп ол: «В современных условиях, когда в центр внимания всех планов нашего государства поставлен человек, взят курс на гуманизацию общества, резко повысился интерес к проблемам образования и воспитания. Первостепенной задачей педагогической теории и практики становится усиление гуманистического смысла образовательной и воспитательной работы школы. В сложившейся ситуации педагогическая общественность Белоруссии обращается к изучению опыта, накопленного народами СССР в деле гуманизации образования. В связи с этим особую актуальность и значимость имеют идеи педагога-просветителя Ибрая Алтынсарина, известного в Белоруссии как автора книг, как «Киргизская хрестоматия», «Начальное руководство к обучению киргизов русскому языку».
Педагогами республики плодотворно используются оригинальные идеи И.Алтынсарина в области нравственного, патриотического, трудового воспитания; мысли о педагогическом такте, о роли примера взрослых, о самовоспитаний и т.д.
В плане наших рассуждений особенно интересной представляется идея И.Алтынсарина о гуманизации образования через его гуманитаризацию. Именно гуманитарные науки воспитывают духовно богатую личность. В школы Белоруссии вводятся курсы, которые будут давать интегрированные знания разных наук о человеке и обществе. Примером такого курса является «Человек и общество», которой введен в экспериментальных школах республики с 1990/91 учебного года. Составной частью этого курса является раздел, изучающий основы морали» деп қорытындылапты [14, 101 б.].
Ресей психолог-педагог ғалымы Е.Р.Артамонов өзінің «Преемственность психолого-педагогического наследия Ибрая Алтынсарина в советской возрастной и педагогической психологии» [15] атты мақаласында Қазақстанда Ы.Алтынсариннің жас ерекшелік және педагогикалық психологияның дамуына үлкен үлес қосқан ұлы ғалым ретінде және оның идеяларының XX ғасырда орыс педагог-ғалымы П.П.Блонский әрмен қарай дамытқанын, олардың жұмыстарындағы сабақтастық туралы нақты мысалдармен көрсеткен:
«Ибрай Алтынсарин (1841-1889) – выдающийся ученый, внесший большой вклад в становление и развитие возрастной и педагогической психологии в Казахстане. Идеи, высказанные им, способствовали совершенствованию дела обучения и воспитания подрастающего поколения, внесли неоценимый вклад в сокровищницу педагогического наследия казахского народа. Они перекликаются с мыслями других прогрессивных ученых, а потому имеют непреходящую ценность.
Многие из идей И.Алтынсарина нашли подтверждение и дальнейшее развитие в работах ученых XX века, одним из которых является Павел Петрович Блонский (1884-1941).
В работах И.Алтынсарина и П.П.Блонского доказывается огромная роль социальной среды в формировании личности, значение обучения и воспитания как главных факторов психического развития ребенка. Эти прогрессивные идеи являлись основой доказательства учеными необходимости серьезной организации обучения и воспитания детей вне зависимости от их социального происхождения.
Такие выдающиеся мыслители как, И.Алтынсарин и П.П.Блонский в своих исследованиях не могли не подчеркнуть значение личности учителя для полноценной реализации задач обучения и воспитания детей. Ими рассмотрены качества личности, необходимые для того, чтобы стать настоящим Учителем, психологически обоснованные пути подхода ученикам, подчеркивалась необходимость для учителя постоянной кропотливой работы над своим самообразованием, уважительного отношения к своим ученикам.
Интересно перекликаются и подтверждают друг друга высказывания И.Алтынсарина о том, что невежды лишены разума, неспособны мыслить, и утверждение П.П.Блонского, что пустая голова не рассуждает, чем больше опыта и знаний имеет голова, тем более она способна рассуждать. В этих мыслях раскрывается основа единства таких психических процессов как мышление и память» — деген автор [15, 127-128 б.].
Сонымен қатар Ы.Алтынсариіннің педагогикалық мұрасы «Немецкий журнал о школе им.Алтынсарина» [16], С.В.Чечеринаның «Как началось дело просвещение восточных инородцев» [17] және К.Есмағамбетовтың «Шетел ғалымдары қазақ ағартушылары туралы қандай пікірде» [18] деген еңбектерде қысқаша болса да сөз болған.
Сонымен, ұлы ағартушы-педагог Ы.Алтынсариннің педагогикалық мұрасы көптеген шетелдік ғалымдардың еңбектерінде 1890-2016 жылдары зерттеліп, біршама болса да насихатталуда екен.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Алектаров А.Е. Указатель книг, журнальных и газетных статей и заметок о киргизах. –Казань, 1990.
2. Эфиров А.Ф. Русификаторская школа у казахов в дореволюционной России // Советская педагогика. -1939. -№11-12. –С. 120-124; Педагогическая деятельность И.Алтынсарина // Советкая педагогика. -1945. -№4. –С. 28-33; Ибрай Алтынсарин (Жизнь и педагогическая деятельность). –Алма-Ата: Учпедгиз, 1949. -С. 48.
3. Константинов Н.А. Проблемы истории русской педагогики. –М. –Л. -1946. –С. 147-162.
4. Мединский Е.Н. История педагогики. –М.: Учпедгиз, 1947. –С. 408, 456.
5. Константинов Н.А., Струмленский В.Я. Очерки истории начального образования в России. –М.: Учпедгиз, 1953. –С. 154-165.
6. Константинов Н.А., Мединский Е.Н., Шабаева М.Ф. История педагогики. –М.: Учпедгиз, 1977.
7. Крымский А.Е. Рукописный фонд Центральной научной библиотеки АН УССР. I. 22524. –С. 75.
8. Ильминский Н.И. Воспоминания об Алтынсарине. –Казань, 1891. С. 444.
9. Ламашев Л. Ыбырай Алтынсарин және оның орыс достары мен ізбасарлары. –Алматы: Казахстан, 1988. -184 б.; Ыбырай Алтынсарин. –Алматы: Ана тілі, 1991. -120 б.
10. Оспанұлы С., Мырзағалиева Қ. Алтынсарин есімі алыс шетелдерде // Қазақ тілі мен әдебиеті. -2020. -№3. -26-37 б.
11. Ашайұлы Ә. Ұлттық педагогика негізінде оқу-тәрбие ісін ұйымдастыру (Баян-Өлгей өлкесіндегі қазақ мектептері бастауыш сынып тәжірибесінен): п.ғ.к. … дисс. –Алматы, 1993.
12. Әбдікәрім А. Алтынсариннің педагогикалық ілімдерін МХР қазақ мектептерінде насихаттау барысы // «Ы.Алтынсарин тәлім-тәрбиелік мұрасы және қазіргі мектеп мәселелері» атты республикалық ғылыми-практикалық конференциясының баяндамалары мен хабарламаларының тезистері. –Алматы: «Рауан», «Демеу», 1991.
13. Ташмурадова К.А. Педагогические идеи И.Алтынсарина и Хамзы Хакимзаде Ниязий // «Ыбырай Алтынсариннің тәлім-тәрбиелік мұрасы және қазіргі мектеп мәселелері» атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияның баяндамалары мен хабарламаларының тезистері. –Алматы: «Рауан», «Демеу», 1991. -88-90 б.
14. Станчиц М.А. Реализация идеи И.Алтынсарина о гуманизации образования в современной школе Белоруссии // Тезисы докладов и сообщений на республиканской научно-практической конференции «Педагогическое наследие И.Алтынсарина и проблемы современной школы». -Алматы: Рауан, 1991. –С. 101-102.
15. Артамонов Е.Р. Преемственность психолого-педагогического наследия И.Алтынсарина в советской возрастной и педагогической психологии //Тезисы докладов и сообщений на республиканской научно-практической конференции «Педагогическое наследие И.Алтынсарина и проблемы современной школы». -Алматы: Рауан, 1991. –С. 127-129.
16. Немецкий журнал о школе им. Алтынсарина // Учитель Казахстана. -1959. -30 июля.
17. Чечерина С.В. Как началось дело просвещения восточных инородцев // Журнал м-ва нар. Просвещения. -1907. -№10. –С. 121-131.
18. Есмагамбетов К. Шетел ғалымдары қазақ ағартушылары туралы қандай пікірде // Жалпы. -1994. -№11-12. -296-310 б.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *