БӨЛТІРІК ШЕШЕННІҢ ҰЛЫНА АЙТҚАН ӨСИЕТІ

БӨЛТІРІК ШЕШЕННІҢ ҰЛЫНА АЙТҚАН ӨСИЕТІ

1.Жеті атаңды,
2. Жеті руды,
3. Жеті жарғыны,
4. Жеті құбыланы,
5. Жеті жақсыны,
6. Жеті жаманды,
7. Жеті жетімді біл.
1. Жеті атасын білмегенді жетесіз дейді,
2. Жеті руды білмегенді жер көріп, ел танымаған дейді.
3. Жеті жарғыны білмегенді жөнсіз дейді.
4. Жеті құбыланы білмегенді көкірек—көзсіз дейді.
5. Жеті жақсыны білмегенді жаман дейді.
6. Жеті жаманды білмегенді надан дейді.
7. Жеті жетімді білмегенді арзан дейді.
Жеті жетіні білгенді Адам дейді.

Жеті жақсыны білсең адаспайсың,
Ақылсыз қадам баспайсың.
Ақылыңа сай талабың болмаса,
Жалғыз ақылмен алысқа аспайсың.
Білімсіз бірлік жоқ,
Малсыз тірлік жоқ.
Мал мен білімге сай кісілігің болмаса,
Жақынға да, жатқа да жақпайсың.

Осыны ұққайсың.
Жақсы кəсіп—анық ырыс,
Жақсы сөз жарым ырыс.
Жеті жақсы; Ақыл, талап, білім, бірлік, кісілік (адамгершілік) кəсіп (мамандық).
*Жеті ата: Əке, Бала, Немере, Шөбере, Шөпшек, Немене, Туажат.*
Жеті қазына; Ер жігіт, Сұлу əйел, Ақыл, білім, Жүйрік ат, Қыран бүркіт, Берен мылтық, Жүйрік тазы.

Ақыл сөздер.
Дініңе сеніммен қара,
Үлкендер мен ғалым адамдар алдында көп сөйлемеуге тырыс.
Алыс сапарға, игілікті іске аттанарда қариялардан бата ал.
Үйге, мешітке жəне қасиетті орындарға оң аяқпен кіру керек.
Туған жерді ұмытпа. Ол жерге жиі бар, бір уыс топырағын қастерлеп сақта.
Ата—баба қорымдарына барып, оларға дұға оқуды ұмытпа.
Біл, білме жолдағы қорымдарға дұға оқып, бет сипауды есіңнен шығарма.
Көп адам жиналған жерге, сəлемдеспей өтпе.
Барыңды бағала, Бақытыңды қадірлей біл.

Жанұя сақталса, кішкене бүлдіршіндер өз қандастарының ішінде, ата—əжесінің тізесінде отырып ертек тыңдаса, келіндер ерін сыйлап, ерте тұрып таңғы ас əзірлеп, ата—енеге сəлем салып иіліп сыпайылық танытса…
Бөбектердің жүзінен қуаныш, күлкі, еркелеу сезіліп тұрса—бұдан артық бақыт болмас сірə да — деген екен………………..
QAZAQ ELI

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *