ҚР БҒМ «КАЛЬМАР ОЙЫНЫ» СЕРИАЛЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАРҒА ӘСЕРІ ТУРАЛЫ ТҮСІНІКТЕМЕ БЕРДІ
ҚР Білім және ғылым министрлігінде «Кальмар ойыны» сериалының қазақстандық оқушыларға әсері туралы түсініктеме берілді. Білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Каринова ата-аналар мен мектеп балаларға пайдалы ақпаратты теріс ақпараттан ажырату дағдыларын үйрету керектігін атап өтті. Сериал 18 жасқа толмағандарға көруге ұсынылмайды.
💬«Бұл сериал қазақстандық өнім емес және белгілі бір шектеулері бар. Сериал 18 жастан асқан ересек адамдарға көруге арналған. Сондықтан ата-аналар мен мектептер бұл мәселеге назар аударулары керек. Балалардың психикасы енді ғана қалыптасып келе жатқанда кез-келген ақпаратты ата-аналарда да, мектеп мұғалімдері де өз бақылауында ұстауы қажет. Тәлім-тәрбие тұрғысынан біз осы фильмдегі шектеулерге назар аудару керектігін есте ұстауымыз керек», – деді Білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Каринова.
Сондай-ақ ол биылдан бастап барлық білім беру ұйымында таңдау бойынша «Жаһандық құзыреттілік» курсы енгізіліп жатқанын хабарлады. Ол балалардың сыни ойлау, эмоционалды интеллектін дамытуға бағытталған. Оқушылар ақпаратты дұрыс қабылдауға үйренетін болады.