💰 Магистратура түлектері бакалаврлардан артық табыс табады — сарапшы

💰 Магистратура түлектері бакалаврлардан артық табыс табады — сарапшы

«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ сарапшылары 2017 жылғы түлектердің зейнетақы аударымдарының мөлшері бойынша зерттеу жүргізді.

«Оқуды аяқтағаннан кейін үш жыл өткен соң магистрлердің жалақысы күндізгі және сырттай оқу нысанына бөлінбестен орта есеппен 230,5 мың теңгені құрайды, бұл бакалавриат түлектері арасындағы ұқсас көрсеткіштен 35%-ға жоғары. Докторантура түлектерінің жалақысы 336,5 мың теңгені құрайды, бұл бакалаврларға қарағанда 97%-ға (170,8 мың теңге) және магистрлерге қарағанда 46%-ға жоғары», – деп хабарлады ЕРДО Болжамдау департаментінің директоры Дмитрий Шумеков.

Бакалаврлар арасында ең жоғары жалақыны «Әскери іс және қауіпсіздік» бағыты бойынша оқуды аяқтағандар алады — 268,5 мың теңге. Ең төмен жалақы «Ветеринария» мамандығын бітіруші түлектерде тіркелді – 129,6 мың теңге.

Магистрлерге келетін болсақ, ең жоғары жалақы «Іскерлік әкімшілік» (614,8 мың теңге), «Қоғаммен байланыс» (500,7 мың теңге), «Тау-кен ісі» (391,6 мың теңге), «Мұнай және газ» (386 мың теңге) мамандықтары бойынша оқуды аяқтағандардың үлесінде.

https://www.facebook.com/100044366714072/posts/405937517561802/

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *