«Ашық» қосымшасын қолданбаған мұғалімнің атына арыз жазылған. Бұл туралы педагогтың өзі facebook парақшасында жазды.
«Мынадай арыз түсіпті менің атыма. Бұл» «қудалаудың» бір түрі деп ұқсам бола ма? Директорым түсініктеме сұрап отыр. Мен мынадай сауатсыз, оқу жылын шатыстырып жазған, сөйлемдері ұйқаспайтын, фамилиям қате жазылған шағым хатқа түсініктеме беруді қажет деп таппадым. Қалай ойлайсыздар достар? Вакцина паспортым бар, денім сау. Қызу болса өзімде бармаймын жұмысқа. Әлеуметтік жауапкершілігім жоғары. Дұрыс жасамайтын қызу өлшегіштеріне емес өзіме сенемін. «Ашық» жобасы күнделікті жұмысқа келетін қызметкерге емес, сырттан келетін бөгде адамдарға арналған деп түсініктеме берді БҚО Бас санитары. Мектептегі санитарлық нормалардың орындалуын сараласақ айтатын әңгіме көп менен басқа да проблемалар жеткілікті…
#Тыңдайтынүкімет» деп жазды.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=2375074669294990&id=100003774401716