Әлия Молдағұлова. Сөз таптарының түрлері.

29-сабақ

1. Сабақтың тақырыбы: Әлия Молдағұлова. Сөз таптарының түрлері.

2. Сағат саны : 2 90 (100%)

3. Сабақ түрі: тәжірибелік

4. Сабақтың мақсаты:
• оқыту: Оқушыларды Ұлы Отан соғысының қаһарман қыздарымен таныстыру. Қазақтың батыр қыздарын оқыта отырып, сөз таптырының түрлерімен таныстыру.
• тәрбиелік: Оқушылардың патриоттық сезімдерін ояту, елге, жерге деген сүйіспеншіліктерін арыттыру. Қаһарман болуға тәрбиелеу.
• дамыту: Оқушылардың білімдерін арыттыра отырып, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, өз ойларын еркін әрі жүйелі түрде жеткізуге машықтандыру, жаңа сөздерін меңгерту.

5. Оқыту әдісі: шағын топпен жұмыс

6. Материалды – техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: мультимедиялық жабдықтар
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест тапсырмалары, сөзжұмбақ.
б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы

7. Әдебиеттер:

1. Негізгі (н)

1. Құрманбаева Ш. Қазақ тілі: денсаулық сақтау саласына арналған оқу-әдістемелік кешені. Алматы: Қазығұрт, 2010ж.
2. Ш. Бектуров, Қазақ тілі: жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған оқулық. –Алматы: Білім, 1994.
3. Н. Оразақынов, Н. Әміреев, Н. Сапақов. Қазақ тілі сөз мәдениеті- Алматы: Мектеп 2006
4. Ж. Адамбаева, Ф. Оразбаева, Қ. Оңалбаева. Қазақ тілі- Алмаы: Мектеп, 2006
5. Б. Құлмағанбетова, У. Туребекова, Г. Ибраева. Қазақ тілі – Алматы: Мектеп, 2007
6. Бектұров Ш. Қазақ тілі: ана тілі деңгейінде үйрету құралы. Алматы, Әділет ЖҚМ, 2002
7. Қараев М.Ә. Қазақ тілі: (Фонетика, лексикология, морфология, синтаксис) Алматы, Ана тілі, 1993

2. Қосымша (қ)
1. Қазақ тілі пәні бойынша практикалық сабақтардың 1-курс студенттеріну арналған әдістемелік нұсқаулар жинағы. Шымкент, 2002
2. Н. Беріков. Қазақ тілі сабақтары – Ақтөбе: Ана тілі, 1994
4. Г. Байжанова, А. Маймақова. Іс жүргізу – Астана: Фолиант, 2007
5. В.И. Сакала, Б.В. Сакала, Н.В. Сакала. Қазастан Республикасында іс қағаздарын жүргізу – Алматы: LEM, 2006
6. С. Кенжахметұлы. Жеті қазына – Алматы: Ана тілі, 1997
7. К. Сариева. Қазақ тілі және ел тану – Алматы: Lebiz, 1997
8. А. Нысаналин. Қазақтың мақал-мәтелдері – Алматы: Мектеп, 2004
9. С. Қалиева, М. Оразаев, М. Смайылова. Қазақ халқының салт-дәстүрлері-Алматы: Рауан, 2002
10. Е. Елубаев. Жүз жұмбақ, жүз жаңылтпаш – Алматы: Мектеп, 1999
11. Ә. Хазимова. Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу – Алматы, 2004
12. Л. Дүйсебекова. Қазақ ресми іс қағаздары – Алматы. Ана тілі, 2005
13. Н. Оралбаева, Ғ. Мадина, А. Әбілқаев. Қазақ тілі – Алматы: қазақ университеті, 1998
14. К.О. Өмірбаева. Қазақ тілін көпдеңгейлік оқыту – Ақтөбе, 2005

8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6% )
• Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
• Оқытушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
• Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15 %)

1. Күрделі сөздердің түрлерін атаңдар
2. Б. Момышұлының қанатты сөздері
3. Т. Бегелдиовтың ерлігі жайлы айтыңдар.
4. Морфологиялық талдау.

10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)

Әлия Молдағұлова

Әлия Нұрмұханбетқызы Молдағұлова 1925 жылы 15 маусымда Ақтөбе облысы Қобда ауданындағы Бұлақ ауылында Нұрмұхамбет Сарықұлов пен Маржан Молдағұлованың отбасында дүниеге келді. 1933 жылы анасы қайтыс болғаннан кейін нағашы ағасы Әбубәкір Молдағұловтың отбасында тәрбиеленді.
Оқу жылдары. 1933 жылы Әубәкір отбасымен Әулиеатаға көшіп барды. Сол жерде Әлия мен Сапура (Әубәкірдің қарындасы) №11 мектеп есігін ашты. 1935 жылы Әубәкірдің Москвадағы Әскери-Транспорт Академиясына оқуға түсуіне байланысты, оның отбасы Москваға қоныс аударады. Әлия Москвада № 891 мектептің 4 сыныбын бітірді. 1938 жылы Академияны Ленинградқа көшірілуіне орай Молдағұловтар отбасы осы қалаға көшіп барды. Отбасындағы материалдық қиыншылықтарға орай, Әлия өз келісімі бойынша Ленингадтағы №46 мектеп-интернатқа орналастырылды. Мектеп тәрбиеленушілері №140 мектепте оқыды.
Соғыс. Лениград қоршауы. Интернат тәрбиеленушілері 1941 жылы соғыстың басталғаны туралы хабарды Сиверская станциясында демалыс лагерінде естіді. 1941 жылы наурызда №46 мектеп-интернат тәрбиеленушілері Ярославль обылысының Вятск селосына көшіріледі. Әскери ұшқыш болуды армандаған Әлия Вятскідегі мектептің 7 сыныбын бітіріп, Рыбинскідегі авиация техникумына оқуға түседі.
Мергендер мектебі. Желтоқсан 1942 ж. шілдеде 1943 ж. — Әлия Молдағұлова Москвадағы Орталық мерген қыздар даярлайтын мектептің курсанткасы.
Майдан. Шілде 1943 ж. – қаңтар 1944 ж. Солтүстік-Батыс майданның 54-атқыштар дивизиясының 4 батальонның мергені. 1944 жылы қаңтар айында дивизия Псков бағытында шешуші шайқасқа шықты. 1944 жылы 14 қаңтарда Псков обылысының Казачиха деревниясын жаудан азат ету кезінде Әлия ерлікпен қаза тапты. СССР Жоғарғы Советі Президумының Указымен 1944 жылы 4 маусымда Әлия Молдағұловаға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Халық есінде. Әлияның өмірі қысқа да, ерлікке толы. Оның бейнесі халық есінде мәңгі сақталды.

Сөз таптарының түрлері

Қазақ тіліндегі сөздер мағыналық және қызметтік ерекшеліктеріне қарай бірнеше топтарға бөлінеді. Сөздерді топтарға бөлгенде, ең алдымен, олардың арасындағы мағыналық ұқсастық назарға алынады. Мысалы: қазақтілінде өзен, тау, тас, деген сөздерді бір топқа, ақ, қызыл, кісі, үлкен деген сөздерді бір топқа, бар, кел, жүр сөздерін тағы бір топқа бөліп қарауымыз тегін емес. Тау, ақ, бар сөздерін бір топқа біріктіре алмаймыз. Өйткені ол қазақ тілінің грамматикалық заңдылығына қайшы келген болар еді. Сөйтіп, қазақ тіліндегі сөздердің бір тобы дүниедегі заттар мен құбылыстардың атын білдіреді. Екінші бір тобы заттар мен құбылыстардың түрін, түсін, көлемін, сынын, сапасын, сипатын білдіреді, ендігі тобы олардың амал-әрекет, іс-қимылын білдіреді.
Қазақ тіліндегі барлық сөздерді үлкен тоғыз сөз табына бөліп қарайтындығымыздың себебі осыдан. Қазақ тіліндегі сөз таптары мыналар: 1. Зат есім; 2. Сын есім; 3. Сан есім; 4. Есімдік; 5. Етістік; 6. Үстеу; 7. Еліктеу сөздер; 8. Шылау; 9. Одағай.

11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)

Сөз таптарына талдау жасау, жаттығу жұмыстары.

12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10%)

Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау.

13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)
1. Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұловаға нешінші жылы Кеңес Одағы Батыры атағы берілді. Ленин орденімен марапатталды.
2. Қай қалаларда Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлованың ескерткіштері орнатылған.
3. Сөз таптары туралы түсінік.

14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)
Әлия Молдағұлова. Сөз таптарының түрлері.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *