Ерте палеолит — б.з.б. 2 млн. – 140 мың жылдықтар (аң аулау,терімшілік).
Орта палеолит — б.з.б. 140-40 мың жылдықтар(от алу үйренген).
Кейінгі палеолит — б.з.б. 40-12 мың жылдықтар (рулық қауым).
Мезолит кезеңі — б.з.б. 12-5 мың жылдықтар (жебелі садақ,Бумеранг).
Неолит — б.з.б. 5-3 мың жылдықтар (неолит төңкерісі,ит).
Қола дәурі — б.з.б. 2-1 мың жылдықтар (жекеменшік пайда болды).
Ерте темір дәуірі — б.з.б. XII-VIII ғасырлар.
Сақ дәуірі -б.з.б. VIII-II ғ.-Астанасы-Шырақ Рабат.
Қаңлылар — б.з.д. IIIғ астанасы Битянь(Оңт Қаз)
Үйсіндер — б.з.д. IIғ астанасы –Қызыл -Аңғар (Ыстық көл)
Ғұндар — б.з.д. Iғ — б.з Iғ
Сарматтар — б.з.д. IIIғ Батыс Қазақстан ( Иран тілдес )
Түрік қағанаты 552-603ж.
Батыс Түрік қағанаты 603-704ж.
Түркеш қағанаты 704-756ж.
Қарлұқ мемлекеті 756-940ж.
Қарахандар мемлекеті 942-1210ж.
Оғыз мемлекеті IX — XIғ.
Қимақтар мемлекеті IX – XІғ.
Қарақытайлар мемлекеті 1120-1213ж.
Наймандар мемлекеті XIIғ.
Керей мемлекеті Xғ.
Қыпшақтар мемлекеті XIғ. басы-1219ж.
Шыңғысқан шапқыншылығы 1219-1224ж. (шын аты-Тимучин) (1155-1227ж)
Отырар қозғалысы 1219 қыркүйек
Ақсақ темір (Темірлан) 1336-1405ж. ақпан астанасы-Самарқанд
Алтын Орда (Бату құрған) XIIIғ.
Ақ Орда XIII- XVғ.
Моғолстан XIV- XVғ.
Әбілқайыр хандығы 1428-1468ж.
Ең алғашқы адам -Олдовой шатқалынан (Шығыс Африка-Кения),оны –епті адам деп атаған.
Тік жүретін адамдар екі түрі бар:
Питекантроп -1891ж. Ява аралынан табылған.
Синеантроп –Қытай адамы 1927ж.-Чжо-Коу (Пекин)үңгірінен табылған
Неандерталь адамы тұңғыш рет –Германияның Неандерталь деп аталатын жерден табылған.
М.М.Герасимов Өзбекстанның тесіктес үңгірінен-1938ж. 8-9 жасар баланың сүйегін тапқан
Х.А.Алпысбаев Оңт.Қаз-ғы Қаратау жотасынан -1958 жылы тас ғасыр адамның тұрақтарын тапқан.
Тас ғасыры мынандай кезеңге бөлінеді.
1. Палеолит (Ерте, Орта, Кейінгі ).
2. Мезолит (Орта тас дәуірі).
3. Неолит (Жаңа тас дәуірі ).
1. Ерте Палеолит адамдары- б.з.д. 2млн-140 мың жылдықтар.
Адамдардың еңбек құралдары тастан жасалғандықтан бұл кезең Тас ғасыры ( б.з.б.800-140 мың.жыл ) деп аталады .
Төменгі Палеолитте тасты жару үшін Жұмыр тасты қолданған.
Тұрақтары: Шабақты, Бөріқазған, Тәңірқазған тұрақтары ( Оңт Қаз табылған ).
Алғашқы қауымдық құрлыста Қазақстан жерінде: Мамонттар Мүйіз тұмсықтар, Бейзондар т.б. жануарлар өмір сүрген.
Б.з.б.100-80 мың жылдай бұрын Мұз басу дәуірі басталды. Тек б.з.б. 12 мыңыншы жылы ғана ауа-райы жылынды.
Адамдардың алғашқы қоныстанған жері Оңт Қазақстандағы Қаратау жотасы. Алғашқы адамдар — аң аулау, терімшілікпен айналысқан:
Археологиялық табылған жерлер: Шу жағасындағы Қазанқап шатқалы және Қарасу тұрағынан адамзат дамуын бірнеше кезеңінің ізі табылды. Ол жерден 15-мыңға жуық заттар табылды.
Алғашқы еңбек құралдары тастан жасаған, оларды археологиялық: Шоппер (шапқы) немесе шоппинг деп аталады. Алғашқы адамдарды Епті адам және Тік жүретін адам деп атаған.
2. Орта Палеолит мустер дәуіріндегі адамдар – б.з.б. 140-40 жылдықтар.
Бұл кезде еңбек құралдарын дөңгелек өзек тастан (нуклеус) жасау әдісі кең тараған.
Орта Палеолит ежелгі адамдар ұйымы Үлкен қауым қалыптасты.
Аң аулау ең басты әдісі аңды қуып жүріп, шаршатып ұстау. Оған көп адам қатысты.
Ежелгі мустер дәуіріндегі адамды Неандертальдық деп атаған.
Орта палеолитте ең ірі жаңалық от алуды үйренге.
Археологиялық ескерткіштері Топалы шатқалынан табылды.
Қызыл Рысбек тұрақтары және Арыстанды мекеніндегі Ш. Уәлиханов тұрағы Орта Палеолитке жатады.
Орт Қазақстанда табылған ең көне тұрақ Жезқазған облысындағы Обалы сай.
Мустер дәуіріндегі қоныстар Ертіс өңіріндегі Қанай ауылынан табылған.Мұзбел ескерткіші орталық Қазақстаннан табылған.Жағабұлақ ескерткіші батыс Қазақстаннан табылған.
3. Кейінгі Палеолит дәуіріндегі адамдар – б.з.б. 40 – 120 мың жылдықтар.
Бұл дәуірдегі адамдарды саналы адам деп атаған. Мұндай адамның сүйегі бірінші рет Франциядағы Кро-маньон үңгірінен табылғандықтан, оларды Кро–Маньондықтар деп атады.
Кейінгі Палеолитте Бола (Болас) деп аталатын қару пайда болды.
Кейінгі Палеолитте ұйымның алғашқы түрі рулық қауым қалыптасты.
Археологиялық ескерткіштері : Оңт Қазақстандағы Ащы сай тұрағы. Бұлжерден 15-шақты оттың орны табылған.
Орталық Қазақстандағы Батпақ тұрағы және Қарабас көңбесі. ІІІ – Қарабас көңбесінен – 172 парфюриттен жасал-
ған заттар табылды. Ірі балықтарды аулауға ыңғайлы ілмекті сүңгілер кейінгі Палеолитте қолданды.
Кейінгі Палеолитте пышақ тіліктер жасауды үйренді.
Мезолит дәуірі –б.з.б. 12 – 5 мың ж.
Мезолит дәуірінде уланған немесе өртенгіш жебелер пайда болды. Бұл дәуірде ауа-райы жылынып, төрт мезгіл
қалыптасқан. Жебелі садақ пен Бумеранг дүниеге келген.
Қазба жұмыстары нәтижесінде садақтың доғал және домалақ ұштары табылған. Оларды терісі бағалы аңдардың, терісін бүлдірмей алу үшін пайдаланған. Мезолит дәуірінде адамдар балық аулау үйренген.
Неолит дәуірі – 5-3 мың ж.
Неолит дәуірінде Аналық рулық қауым (матриархат) қалыптасты. Ең ірі жаңалығы Неолит төңкерісі адамдар өн –
діруші шаруашылықпен айналыса бастаған. Дән үккіштер Неолитке жатады. Неолит дәуірінде кетпенді ойлап тапқан.
Бұл дәуірде адамдар аңдарды қолға үйрете бастаған, ең алғашқы ит үйретілді.
Неолит адамдары саз балшықтан жасалған, отта күйдірілген мықты қыш ыдысы “Керамика” үйренген.
( Геометриялық өрнек пайдаланылған).
Неолит дәуірінде тас қалақтардан сына дайындай білді. Оны жұмыр тастан жасаған. Неолит дәуірінде “Микролит” дайындауды меңгерген. Неолит адамдары енді жаппай отырықшылыққа көшу басталды, қыш ыдыстары жасалынды, кен кәсібі мен тоқмашылық қолға алынды.
Өлген адамдарды өртеп, қабірге әшекей заттары мен тас қаруларын, тамақпен бірге қойылған. Солт. Қазақстандағы
Железника ауылынан Неолит қабірі табылған. Мәйіт өртелінген (Кремация) түрінде садақ жебелерімен үш қыш ыдысымен табылған.
Тас өңдеудің жаңа әдістері тегістеу, бұрғылау, ұнтақтау пайда болды.
Неолит тұрақтары.
1. Арал өңіріндегі Сексеуіл тұрағы.
2. Қостанай облысындағы Ботай тұрағы.
3. Қарақұдық тұрағы.
Неолит дәуірінде шығыс Қазақстаннан Үсті-Нарым ескерткіші табылды.
Қола дәуіріндегі Қазақстан — б.з.б. 2-1 мың ж.
Қола дәуірінде рулық қатынастар ыдырап, орнына қуатты тайпалық бірлестіктер пайда болды. Ең алғашқы қоғамдық бөлінісі мал шаруашылықтың егіншіліктен бөлінуі.
Қола дәуіріндегі Яшма мен Кварциттен жасалған құралдар солтүстік шығыс Балқаштан табылған. Қола дәуіріндегі адамдар мыс пен қалайыны қосу арқылы , қола алуды үйренді. Қолда өсетін жануарлар саны көбейді. Сондықтан далалық өңірлерде шаруашылықтың жаңа түрі көшпелі шаруашылығына ауыса бастады.
Аналық рудың орнына аталық отбасылық рулық қатынас Патреархат орнай бастады.
Балқыту пештері Атасу өзенінің жағасынан табылған. Қола дәуірінде жайлауға көшу салты шықты.
Қола дәуірінің ерекшеліктері.
1. Қола металургиясы.
2. Мал шаруашылығы.
3. Теселі егіншілік.
Қола дәуірінің тұрағы Бейғазы Дәндібай, Атасу, Түгіскен, Арқайым.
Қола дәуірінде жеке меншік пайда болды.
Халық үшке бөлінді.
1. Жауынгерлер – қызыл.
2. Абыздар — ақ.
3. Қарапайым халық – сары, көк.
Кен өндіру үш әдіспен алынды.
1. Кварцит қабаты – Омырау әдісі. (Жұмсақ кенді).
2. Қатты қабатты — отпен уату әдісі. (Қатты кенді , ІІІ –Vғ. Зергерлік өнер).
3. Кені көп қабатты – астын үңгіп қазу. (Металда көп қолданды).
VIIІ –IХғ. Қазақстан күміс заттарды шығару өндірісі Жетісуда болды.
Андронов мәдениеті.
1914ж. Оңт. Сібірдегі Андронов (Ачинск) деревнясының жанынан Ежелгі Қола дәуірінде өмір сүрген тайпалардың қоныстары табылды. Бұл өте үлкен аймақ. Еуропа мен Азиядағы Қола дәуірінің мәдениетінің ескерткіші. Бұл жер Батыс Сібірден Памир тауларына дейін созылып жатыр.
Андронов мәдениетінің негізгі орталықтарының бірі Орт. Қазақстан. Бұл өңірден 150-дей қабірлер мен қорымдар табылған. Ең ежелгі қалада Арқайым осы кезде пайда болған. Ол Қостанай мен Челябі облысының түйіскен жерінде орналасқан. Археологиялық ескерткіштері Сырдарияның төменгі ағысында Түгіскен кесенесі. Андронов мәдениеті кезеңінде көшпелі шаруашылық дамыған , сол кезде киіз үй пайда болған.
Сақ тайпалары – VIII-II ғасырлар.
Cақ мәдениеті темір кезеңінде кең тарады. Шаруашылығы мал шаруашылығы. Батыс және Оңтүстік Қазақстанда түйе шаруашылығы дамыды. Сақтардың ат мифологиясын күн және отпен байланыстырды.
Сақтар туралы грек тарихшысы Герадот жазған,ол сақтарды Азиялық Скифтер деп атаған, ал парсы деректерінде: сақтарды құдіретті еркектер деп атаған. Иран жазбаларында оларды: жүйрік атты Турлар деп атаған.Олар орта Азия мен Қазақстанда өмір сүрген. Сақ әскерінің соғысу шеберлігі жоғары, аттың үстінде шабандоз, садақ атудан мерген болған.
Сақ қоғамында халық үшке бөлінген:
1. Жауынгерлер.
2. Абыздар.
3. Қауым мүшелері.
Қоғамдық құрылысы әскери демократия түрінде болды.
Б.з.б. 519-518ж. 1Дарий сақ жеріне басып кірді. Сақтар қатты қарсылық көрсетті. Сақ жауынгері Ширақ ерлік көрсетіп 15 мыңдай парсыны өлтірген. Сақтардың бір бөлігін Дарий өзіне бағындыра алды.Сақтар ержүрек болғандықтан
Дарий әскерінің құрамында да соғысты. Тіпті Даридің өлмейтін 10 мыңдық әскерінің құрамында болды.
Б.з.б. 490ж. Марафон шайқасында сақтар парсылармен одақтасып гректерге қарсы соғысты. Ахаменид патшасы Кир сақтармен соғысып жеңіліс тапты, оны әйел патша Томирис басын кесіп, Дарияға лақтырған.
Геродот сақтарды үшке бөлген
1. Шошақ бөрікті сақтар ( Тиграхауда) — Жетісуды мекендеген
2. Парадарая сақтар — Арал маңын мекендеген
3. Хаомаварга сақтары — Мұрғаб аңғарын мекендеген
Геродот сақтар мен парсыларды өз еңбегінде жазған ( және Страбон). Сақ тайпаларымен Ахаменид әулетінің
патшалары да соғысқан. Ол Иран жазбаларында Авеста деп аталады.
Археологиялық ескерткіштері :сақтар дәуіріндегі аса маңызды ескерткіштердің бірі, Іле өзенінің жағасындағы Бесшатыр кесенесі. Кесене көптеген қорғандардан тұрады. Шығыс Қазақстанда Шілікті қорғаны табылған. Археологтар ол жерден 13- қола жебе және көптеген олжа қазылып алынды.
1969ж Алматыдан 50 шақырым жердегі Есік қорғанынан Алтын адам табылды. Бұл жауынгер б.з.б. Vғ. өмір сүрген. Арал өңірінде өмір сүрген Апасиак (Парадарая) сақтарының астанасы Шырақ-Рабат қаласы. Бұл қала Қызылорда қаласынан Оңт. Батысқа 300 шақырым жерде Қызылқұм шөлінде орналасқан. Қаланың орталық бөлігі Цитадель деп аталады.
Діні туралы: сақтардың ең үлкен құдайы Митра (қабан бейнесі) деп аталады. Ол күн күркіреу деген мағына берген. Сақтардың Аримаспа деген тайпасы (Алтынды қызғыштай қорғаушылар) алтынға бай Алтайды мекендеген. Б.з.б. IVғ.сақ жеріне А. Македонский шабуыл жасаған болатын. Ол Ахаменидтерді (Иранды) жеңіп Орта Азияға басып кірді. Б.з.б. 330 -327ж. Македонский Сырдария өзенінің жағасына дейін жаулап алды. Оның бұйрығымен Сырдария жағасында Александрия Есхата (Шеткі Александрия) деген қала салынған. Б.з.б. 323ж А. Македонский қайтыс болып, оның импе- риясы бөлшектеніп кетті. Көтеріліске шыққан халық көптеген қалаларды, оның ішінде Шеткі Александрияны құлатты.
Б.з.б. VIIғ. Қазақстан мен Сібір жерінде сақтар дәуірінен қалған аңдық стиль пайда болды. Бұл барлық оқиғаларды аңдардың суретімен бейнеледі.
Үйсіндер мемлекеті – б.з.б. ІІғ.
Территориясы Жетісу .Астанасы Қызыл Аңғар (Чегучен) Ыстық көл жағасында орналасқан. Титулы Гуньмо (басшысы).
Жетісудағы сақ жерлерін б.з.б. ІІғ. Орта Азиядан келген Үйсін тайпалары мекендеді. Үйсіндердің орналасқан жері Жетісу, Іле даласы. Батыс шекарасында Қаңлылармен, шығысында Ғұндармен шекаралас болған.
Үйсіндер Қытаймен дипломатиялық және туыстық қатынаста болған. Шаруашылығы көшпелі мал шаруашылығы және төрт түлік мал шаруашылығы.
Үйсін қорғандары:
Ең үлкен диаметрі — 50-80 м,биіктігі -15 м.
Орташа диаметрі -15м, биіктігі -4м.
Кішкене — 10м, биіктігі -1м.
Археологиялық ескерткіштері: 2300м биіктіктен қараңғы тау шатқалынан Қарғалы диодемасынан табылған. Ол әйел басына киетін бас киім.
Қаңлылар мемлекеті б.з.б. ІІІ ғ.
Қаңлы тайпалық бірлестігі құрылды . Астанасы Битянь қаласы. Халқының саны-600 мың, оның 120 мыңы әскерлер болған. Территориясы Қаратау жотасынан Сырдарияның орта ағысына дейінгі жерлерді мекендеген. Шаруашылығы – мал шаруашылығы, аң аулау, балық аулау қосалқы шаруашылық болған. Сонымен қатар қолөнерде дамыған. Қаңлылар туралы Қытай деректерінде жазылған. Археологиялық ескерткіштері – Көк-Мардан елді мекені. Қаңлылардың зерттелген қорымы – Мардан-Күйік. Ол Отырар жазирасында орналасқан. Қабірдің бетіне әртүрлі бейнелер ойылған – Мөр табылған. Мөрдің бетіне абыздар мен басшылар бейнеленген. Бұл мөрлер Ираннан әкелінген.
Ғұндар мемлекеті. Б.з.б. Іғ. – б.з. Іғ.
Б.з. қарсаңында және І ғасырда Еуразияның ұлан байтақ даласында, соның ішінде Қазақстан жерінде маңызды оқиға болған, бұл оқиға тарихта – халықтардың ұлы қоныс аударуы деген атпен белгілі.
Ғұндар Атиланың (Еділ) басшылығымен Еуропаға дейін жаулап алған болатын. Соңында Венгрия жеріне барып тұрақтады. Ғұндардың жойқын шабуылы батысында — Рим империясын құлатуға,ал шығысында — Қытай қорғанын салды — руға бірден-бір себепкер болды. Ғұндар өз заманында жолындағы халықтарды талқандап,ұлы қоныс аударуды тудырды.
Ғұндар Қазақстан жеріне Орталық Азиядан б.з.б. Іғ. соңы мен б.з.Іғ. келді. Ғұндар туралы Қытай деректерінде жазылған.
Б.з.б. ІІІғ. Ғұндардың басшысы болып Мөде Шанью келді. Ол батыста Үйсіндерді, шығысында Қытайды талқандап, алым- салықты төлетіп отырды. Ғұн мемлекеті қуатты дәрежеге көтеріліп, Тибетке және Хуанхе өзенінің орта ағысына дейін бағындырып қол астында ұстаған Ғұндардың басшыларын Шанью деп атаған. Шанью Қытайды бағындырып Сұлу ханшасын әйелдікке алып, кейін мемлекет әлсіреді.
Б.з.б. 55ж. Ғұн мемлекеті ыдырап, оңт. және солт. болып 2 бөлініп кетті.
1. Оңт. Ғұндар Хань империясына бағынған.
2. Чжи-Чжи бастаған солт. Ғұндар өз тәуелсіздігін сақтаған. Ол Таластың бойына қала салдырған. (Қазақстанға І-ші қоныс аударуы).
Ғұн тайпалары – ежелгі түрік тілінде сөйлеген. Ғұндардың екінші қоныс аударуын Чжи-Чжи басқарған. Ғұндардың Қазақстан жеріне екінші рет қоныс аударуы 93 жылдан басталды. Олар жолындағы тайпаларды бағындырып, оңт. Орыс даласына, одан әрі Дунайға дейін жеткен.
Ғұн тайпалары 24 руға бөлінген. Оларда жылына 3 рет жиналыс жасалып, құрбандық шалынды. Мал шаруашылығы ғұндар өмірінде ерекше орын алған. Негізгісі – жылқы мен қой. Әскердің негізін – атты жауынгерлер құрады.
Сарматтар мемлекеті – Б.з.б. ІІІғ.
Шаруашылығы – көшпелі мал шаруашылығы. Олар Батс Қазақстанда өмір сүрген. Дидардың айтуы бойынша “Скифия
жеріне басып кірген — Сарматтар”- дейді. Сармат тайпалар одағына – Роксоландар, Сирактар, Ауорыстар, Аландар т. б. тайпалар кіреді. Сарматтар – Иран тілдес болған.
Мәдениеті үшке бөлінген.
1. Ерте мәдениет – Прохор.
2. Орта мәдениет – Суслов.
3. Кейінгі мәдениет – Жаңа мәдениет.
VI – XIIғ. Қазақстанда — Түрік кезеңі.
Түрік қағанаты – 552-603ж. Ұлы қоныс аударуы ( ІІ-Vғ.) Қазақстан, Орта Азия мен Еуропа аумағындағы тайпалардың территориясына көп өзгерістер енгізді. Vғ. Соңнда Төле тайпалары Әмударияға дейін жетті. 552 ж. «Түрік атауы» алғаш рет Қытай шежіресінде кездеседі. Қытайлар Түріктерді Ғұндардың ұрпағы деп есептеген. 552 ж. Түрік қағанатының
негізін – Бумын қалаған. Ол өлген соң (552ж) оның ізбасары — Мұқан қаған кезінде қуатты мемлекет болды.
561-563ж. эфталиттерге қарсы соғыста – Иранмен одақтасады. Түрік қағанаты – Орталық Азияда саяси үстемдікке жетті.
Түріктер Жерорта теңізіне баратын – Жібек жолын қол астында ұстау үшін күрес жүргізді, оған Иран кедергі болды. Сол
үшін Түрік қағанаты Визаньтия империясымен сауда және әскери келісім жасады. Иран елі жеңіліс тауып жылына 40мың алтын мөлшерінде алым-салық төлеп тұруға келісім берді. Естеми қаған мен оның ұлы Түрк Санф билеген кезде
мемлекет әлсіреп, бөлшектеніп кетті.
603 жылы Түрік қағанаты Батыс және Шығыс Түрік қағанаты болып екіге бөлініп кетті.
Батыс Түрік қағанаты – 603-704ж.ж.
Орталық ауданы – Жетісу.
Териториясы – Қаратаудың, Жоңғарияға дейінгі ежелгі Үйсін жері.
Батыс түрік қағанатында 10-тайпа болғандықтан – Он оқ елі (Будун) деп атаған.
Оның 5-тайпасы – Дули. 5-тайпасы – Нушиби.
Қарапайым халықты – Қара будун (қара бодан) деп атады.
Астанасы – «Сұяп» қазіргі Қырғыстандағы — Тоқмақ қаласы. Жазғы орталығы – Мыңбұлақ.
Титулы – Қаған. Оның орынбасарлары – Жабғу, Шал және Елтебер.
Сот қызметін – Бұйрықтар мен Тархандар атқарады.
VIIғ. Басында Жеғұй қаған (610-618ж.) және оның інісі Тоң-Жабғу қаған (618-630ж.) билігі тұсында қағанат күшейген. Қағанат өзара ішкі соғыстан әлсіреді. 16 жылға созылған (640-657ж.ж.) тайпа аралық соғыс қағанатты әлсіретті. Оны-Таң
империясы пайдаланып, Жетісуды басып алды. Жетісуды кейін – Қытай VIIғ. басып алды.
Түркеш Қағанаты – 704-756ж.
Жетісуда билік басында – Үш-Елік қаған (699-706ж.) бастаған Түркештер келді. Ол Династияның негізін қалаған Арапға қарсы күрес жүргізді. Териториясы – Шаш (Ташкент) қаласынан Тұран мен Бесбалыққа дейінгі аралық.
Басты астанасы – Сұяп.
Екінші ордасы Іле өзенінің жағасындағы – Күнгіт қаласы.
Үш-Елік қаған елді, қайсысы 7 мыңнан әскері бар 20 мың бөлікке бөліп тастады.
705 ж. Араптар Мәуреннахырды (Сырдария Амудария ортасы) жаулап ала бастайды.
706-711ж. Үш-Еліктің орнына оның баласы Сақал қаған отырады.
Түркеш қағанаты Сұлу қағанның 715-738 ж. тұсында күшейді. Сұлу қаған екі жақты соғыс жүргізді. Батста Араптармен,
шығыста Қытайлармен Сұлу қаған араптарға қарсы бірнеше батыл соққы беріп талқандап көзге түсті. Араптар оған Әбу-Музахим «Сүзеген» деген ат қойды.
751ж. тараздың маңындағы Атлах қаласының маңында Араптар мен Қытайлар арасында 5-күнге созылған жойқын соғыс болды. (Атлах шайқасы). Шешуші сәтте Қытайлардың қол астындағы Қарлұқтар бас көтеріп, Араптар жағына шығып кетеді. Қытайлар тасталқан болып жеңіледі. Бұл соғыстың тарихи маңызы Ислам діні енген. Сол жылы қағандар бір-біріне силық ретінде Мускус жіберіп отырған. Оны бұқалардың мүйізінен алған. Түркеш қағанаты Арап-Қытай шапқыншылығынан ыдырады.
Қимақ қағанаты –ІХ-ХІғ.
Қимақ Қытай деректерінде Янмо деген атпен белгілі. Териториясы Ертіс маңы мен Қазақстанның солт. шығысы. Ұйғыр қағанаты құлағаннан соң (840ж.) олардың біразы Қимақтарға қосылды. Астанасы – Имақия.
Одағында 12 тайпа болған. Ең күшті тайпасы Қыпшақтар. Қимақтардың оңтүстігінде –Қуман өмір сүрді.
ХІғ. Басында Қимақ қағанаты құлады. Оларды дара билікке ұмтылған Қыпшақ хандары құлатты.
Қарахандар мемлекеті – 942-1210ж.ж.
Қарахан мемлекетінің негізін салушы Сатук-Богра хан (915-956ж.). Ол 942ж. Баласағұн билеушісін құлатып өзін жоғары қаған деп жариялады. ХІғ. 30ж. мемлекет 2-ге бөлінді:
1. Батыс хандық – астанасы Бұқар қаласы.
2. Шығыс хандық – астанасы Баласағұн.
Ихта термині Қарахандар мемлекетінде пайда болды (салық жинау құхығы). Оны иемденушілер Ихпадар деп аталды. Мемлекеттік ресми діні – Ислам діні (мұсылман). Түркі тіліндегі мұсылман әдебиеті осы кезде пайда болған. Оның өкілдерінің бірі – Жүсіп Баласағұн. ХІІғ. күшейген Қарақытайлар (Қидандар) Жетісуды басып алады. 1141ж. Екі хандықтың билі де Қарақытайлардың қолына көшті. Териториясы – Балқаштан Алакөлге дейін жетті. Шаруашылығы – көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы. Төр түлік малдан көбінесе – Жылқы өсіріледі. Себебі жылқы олар үшін – тамақ, сусын әрі көлік.
Қарақытайлар мемлекеті – 1128-1213ж.
Астанасы – Баласағұн.
Қарақытай мемлекеті бұрын — Қидандар тайпасы болған. Олар моңғол тілдес тайпа. 924 ж. Алтайдан Тынық мұхитына дейінгі жер – Ляо империясының қол астында болған. Қидандар билеушісі – Солт. Қытайда тұрды. 1125ж. Баласағұнды басып алып, сол кезден бастап – Қарақытайлар деп аталынды. Қарақытайлар шекарасын: Шығыста Енисейге дейін, Батыста Таласқа дейін кеңейтті. 1137ж. Мәуренахырдың билеушісін Махмут ханды бағындырды (Амудария, Сырдария).
Хорезім шахы – жылына 3000 алтын динар салық төлеп отырды. Басшыларын – Гүрхан деп атады.
1208ж. Наймандар Күшлік ханның басшылығымен Моңғолиядан шегініп Жетісуға көшіп келді. Бұл кезде Қарақытайлар халқы салық көп салып, беделінен айрылған болатын. Осыны пайдаланған Күшлік хан 1211ж. Жетісудағы билікті түгел тартып алды. 1213ж. Қарақытайлар өмір сүруін тоқтатты.
Қарлұқ мемлекеті – 756-940ж.
Қарлұқтар жайлы алғашқы деректерде «Болат» деген атпен белгілі. ( Vғ.). Териториясы – Алтайдан Балқаштың шығысына дейін. VIIғ. Қарлұқ бірлестігіне үш ірі тайпа: Болат, Шігіл; Ташлық кірген. Қарлұқ тайпаларының көсемдері Елтебер деген атпен белгілі. Қарлұқтар туралы Хғ. Арап географы Ибн Хау Кан Қарлұқ жерін 30 күншілік деп сипаттады.
Ең бай қаласы – Көпестер қаласы (Тараз).
Сол заманда Қарлұқ елінде 25 қала болған. Қарлұқ қағанаты — өзара соғыстан әлсіреді. Діні – Ислам діні.
Ұйғыр қағанаты 749-840ж.
Оны Енисей қырғыздары құлатты. Жеңілген Ұйғырлар Қарлұқтардың құрамына қосылды. 840ж. Қарлұқ көсемі қаған атағын алды. Қарлұқтар – Жетісуда 200 жылдай билік етті. ІХғ. аяғында Испиджапты (Сайрамды) басып алды. Таразды қоршады қала жеңіліп Ислам дінін қабылдады. 940 ж. Дұшпандар Баласағұнды басып алып, Қарлұқтарды құлатты.
Оғыз мемлекеті ІХ-ХІғ. басы.
Астанасы – Янгикент.
Оғыздардың басшылары – Жабғу (Ябғу).
Жабғудың орынбасары – Күл-Еркіндер.
Әскери қолбасшы – Сюбасшы беп аталады.
Оғыздар – Пұтқа табынып, Шамандарға, бқсыларға табынды.
Ең алғаш Оғыз мемлекеті туралы ІХ-Хғ. Әл-Якубидің еңбектерінде айтылады. Оғыздар Қрлұқтар жерін басып алып,
мәдениетін таратты. 751ж талас шайқасында қытайлар арабтардан жеңіліс тапты. Ал Қарахан династиясының негізін
қалаушылардың бірі Сатух Богра хан мұсылман дінін қабылдады.
Сәулет өнері және жалпы өнер.
Ең ежелгі мұсылман кесенелері – Буранин қаласынан табылды. ХІІғ. Сырлы Там кесенесі, Сырдарияның төменгі
ағысынан табылды. Х-ХІІғ. Қазақстанда сәулет өнерінің ішінде ең көп салынғаны – Мавзолейлер, ең ежелгі кесене Бабаша-Хатун кесенесі.
Оны 16 қырлы күнбезі төбесін түгел жауып тұрды.
ХІ-ХІІғ. салықтан Айш-бибі кесенесі өте көрнекті ескерткіші болып табылды. Бұл кесене Жамбыл (Тараз) қаласында салынған. Жамбыл қаласында салтанатты күнбездердің бірі, Хғ. салынған Қарахан кесенесі.
Орта ғасырлық ахитектуралық ескерткіштердің маңыздысы моншалар болып табылды. Ол мошалардың ішіндегі маңыздылары Тараз және Отырар моншалары. Олар ХІ ғасырдан, күні бүгінгі дейін сақталған.
Шыңғысхан шапқыншылығы 1219 – 1224ж (1155-1227ж).
Астанасы — Қарақорым.
Моңғол тайпалары ХІІғ. Орхон мен Керуленнің ортасында өмір сүрген.
ХІІғ. аяғында Моңғол тайпаларында Ерте феодалдық қатынас орнай бастады.
ХІІІғ. басында Шыңғысхан басқарған Моңғол мемлекеті құрылды. Ол Қият-Бөржігіт тайпасынан шыққан. Иссугей қолбасшының от басында туған. Шын аты Темүжүн. 9-жасқа толған кезде әкесі Татарлар қолынан қаза табады. Келешегі Шыңғысханды тәрбиелеуге көп еңбек сіңірген Керей ханы Торы.
20ж. созылған қиян кеске күрес үстінде, Темүжүн барлық моңғол тайпаларын біріктіріп, 1206ж. құрылтай жиналысында ең жоғарғы қаған атағын алады. (Шыңғысхан атына иемденеді).
1206ж. оның «Яссылар» деп аталатын заңдары шықты. Ол заңдар өте қатал, тек өліммен ғана аяқталады.
Қытай деректерінде моңғол халқы үшке бөлінді:
1. Оң қанат (Баруңгар).
2. Сол қанат (Жоңғар).
3. Орталық (Күл).
Әскер: ондық, жүздік, мыңдық, түмен (он мыңдық), жүз мыңдық болып бөлінеді.
Алдымен Шыңғысхан Енисей қырғыздары мен Буряттарды, Якуттарды жаулап алады. 1211-1215 ж. Қытайды жаулап, Пекинді алады. Қытайдан олар Тас атқыш (Катапульт) қолға түсірді. Шыңғысхан үнемі жеңіске жетіп отырды. Себебі, оларда: темірдей тәртіп, жылдам қозғалу, әскердің көптігі, жаулап алатын ел туралы мағлұмат және қарудың жеткілікті болуы. Моңғолдар Жетісуды еш қарсылықсыз жаулап алды. Қарлұқ билеушісі Арсылан және Бұзар Баласағұн қалалары соғыссыз берілді.
Қыпшақ дәуірінде Орта Азиядағы ірі мемлекет Хорезімщах болған, ол мем-ті Мұхаммет басқарды. Шыңғысхан мен Хорезмшах арасында сауда байланыс болды. 1218ж. жазда Шыңғысхан Отырарға сауда керуенін жіберіп, олардың тыңшылар екенін білген Қайырхан түгел өлтіртті. Отырар қорғанысы 1219ж. қыркүйекте басталды. Моңғолдар 150 мың әскерімен барған, оның 111 мыңы моңғолдар, ал қалғандары қарлұқтар мен ұйғырлар болды. Отырарды Шыңғысханның екі ұлы Шағатай мен Үгедей қоршады. Отырар билеушісі Қайырхан 80 мың әскерімен 5 ай қорғанды. Қол басшысы Қараша-Хаджиб өздерін қорғап тұрған Сұпохан қақпасын түнде ашып жіберді. Ішке кірген Моңғолдар қал халқын түгел қырды. Қолға түскен Қайырханды үстіне күміс құйып өлтірді. Моңғолдарға берілмеген – Сығанақ қаласы 7 күн қорғанды. Сонымен қатар Жент, Ашынас, Үзгент, т.б қалалары түгел құлатылды. 1221ж. көктемде Моңғолдар Орта Азияны түгел жаулап алды. Соғыс қимылдары Иран, Ауғаныстан, Солт. Үндістанға қарай ауысты. Жебе, Сүбедей,Бахадүрлер бастаған моңғолдар Қыпшақтар мен Орыстарды талқандап 1224ж. Қазақстан арқылы Ертістегі Шыңғысханға оралды. Моңғолдар Қазақстан мен Орта Азияны 5жылда (1219-1224ж.) түгел жаулап алды. Шыңғысхан кейін моңғолдардың Шығыс Еуропаға жорығын немересі Бату хан 1237ж. басқарды. 7 жылдық соғысты Бату Днепрге дейін жаулап алып, 1240ж. Киев Русын жаулап алды. Батудың әскерлерінің көп бөлігі Қыпшақтар құрады (Қыпшақтық) деп атаған. 1227ж. Шыңғысхан қайтыс болған соң бүкіл қазақ жерін 3 ұлына бөліп берді.
1. Үлкен ұлы Жошыға – Ертістен батсқа қарай жерлері, Волганың төменгі бойына дейінгі Дешті-Қыпшақтар жерін берді.
2. Екінші баласы Шағатайға – Оңт. және оңт. шығыс Қазақстан, Шығыс Түркістан және Мәуренахрды берді.
3. Үшінші ұлы Үгедейге – Жетісудың солт. бөлігі.
4. Кіші Ұлы Төлеге – туған жері Моңғолия және Қарақорымды берді.
Қазақстан экономикасына моңғол жапқыншылығының әсері — өндіргіш күштері әлсіреді.
1227ж. Шыңғыстың үлкен ұлы Жошы да қайтыс болды. Бату Шығыс Еуропадан кейін, орыстарды жеңіп, Польша, Венгрия, Чехия, Днепрге дейін бағындырды. Сөйтіп ол Алтын Орда мемлекетін құрды. Үгедей Ұлысы – 1251ж. жойылды.
Алтын Орда мемлекеті – ХІІғ.
Астанасы Сарай-Бату (Сарай-Берке). Орыс князьдары алтынмен алым-салық төлеп отырған, князь атағын алу үшін Алтын Ордаға келіп алған. Алтын Ордада тілі де, діні де әр түрлі халықтар тұрған. Моңғолдар аз болған. ХІVғ. Моңғолдар түркіленіп, Алтын Орда халқы татарлар деген атау алған. Алтын Орда алғашында Моңғолиядағы ұлы ханға тәуелді болған.
1260ж. Моңғол империясы бірнеше ұлыстарға бөлініп кетті. Тек Батуды інісі Берке хан (1256-1266ж.) тұсында тәуелсіздікке қол жеткізді. Ал Мөңке хан тұсында өз атынан теңге щығара бастады. Алтын Орда Өзбек хан (1312-1342ж.) және Жәнібек хан (1342-1357ж.) тұсында гүлденіп, құдіреттілігі арта түсті. 1312ж. Өзбек хан Ислам дінін Алтын Ордадағы мемлекеттік дін деп жариялады.
1357-1380ж. аралығында таққа 20-дан астам хан отырды. Бұл кезең – ҰЛЫ ДҮРБЕЛЕҢ деп аталды, ол Тоқтамыстың келуі мен аяқталды. 1380ж. Куликова шайқасында орыс әскерлерінің басшысы – Дмитрий Донской, Алтын Орда басшысы Мамайды жеңген болатын. Кейін Тоқтамыс Алтын Орда билігін тартып алып, 1382ж. Мәскеуді өртеп жіберді.
XV ғ. Ортасында Алтын Орда бірнеше мемлекеттерге бөлінген болатын: Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасы, Моғолстан, Сібір, Қазан, Қырым, Астрахань хандығы.
Ақ Орда мемлекеті ХІІІ-ХVғ. басы.
Моңғол шапқыншылығынан кейін Қазақстанда пайда болған бірінші мемлекет Ақ Орда.
Шығыс Дешті қыпшақтың аумағында ХІІІ-ХVғ. басында Ақ Орда мемлекеті өмір сүрді. Астанасы – Сығанақ қаласы. Териториясы Арал Маңы, Сырдың төменгі ағысы, Тобыл және Сарысу өзендерінің аралығы. Алғашқы ханы Сасы Бұқа.
Ақ Орда Ерзен хан тұсында тәуелсіз хандық болып жарияланды. ХІV ғ. ортасында Ерзен мен Мүбәрәк қожа тұсында мемлекет күшейді. Ақ Орда Ақсақ Темір соққыларынан құлады. Ақ Орданың ыдырауы нәтижесінде – Ноғай ордасы мен Әбілқайыр хандығы құрылды.
Ақсақ Темір (Әмір Темір), — (Шын аты – Темірлан).
Ақсақ Темір 1336ж. туылып 1405ж. қайтыс болған.
Ол түркіленген Моңғол тайпасынан – Барлас руынан шыққан Торғай Бектің баласы. Жас кезінде Темір көп хандарға қызмет етеді, қарақшылықпен де айналысқан. Кейін Хорезмшахы Хусейннің әпкесі – Ұлжан Тарханға үйленеді. Шыңғысханның ұрпағына Гурген күйеу бала болған. Сенімге кірген соң Хусейн оны қолбасшы етіп сайлайды.
1370ж. Хусейнді өлтіріп Хорезмге Әмір болады. Осы 1370-1405 жылы Темір 35 жыл бойы Орта Азияда жеке үстемдік құрды. Әмір Темір Мәуренахр (Амудария мен Сырдария ортасына) өз империясын құрған. Астанасы Самарханд. Ақсақ Темір алғашқы жорығын – Ақ Орда мен Моғолстаннан бастаған. 10 жылда (1370-1380ж.) оншақты рет шабуыл жасап, Ақ
Орда мен Моғолстанды жойып жіберді. Алтын Орданы жеңу үшін Темір қолшоқпары – Тоқтамысты пайдаланды. Тоқтамыс 1380 жылы Мамайды жеңіп Алтын Орданың билігін тартып алып, Темірдің өзіне қарсы шығады. Темір 1389ж.,
1391ж. және 1395ж. үш үлкен жорық жасап Алтын Орданы күйретіп, Тоқтамысты өлтірді. Ақсақ Темір империясына –
Түркістан, Хорезм, Ирак, Ауғаныстан, Кавказ сырты, Үндістанның солт. тағыда басқа елдер кірген. Темір 27 мемлекетті жаулап алған. Ол өзі туралы — «Түзгі» деген кітап жаздырған. Әмір Темірдің бізге пайдасынан зияны көп тиді.
Ол мұсылман мемлекеттерін талқандаған. Соғыста қаталдық көрсетіп, тұтқындарды 4-5 мыңдап тірідей көмді. Адам басынан тау тұрғызған. Көтеріліс жасаған – Үргеніш қаласының халқын қырып, орнына арпа еккізді. Бізге бір пайдасы өз беделін көтеру үшін Түркістанда Қожа Ахмет Яссауи кесенесін салдырған. (1396-1399ж.).
1405ж. ақпан айында 300 мың әскерімен Қытайға бара жатып, Отырар маңында (Темірланда) өкпесіне суық тиіп қаза болады. Ол өлер алдында билікті үлкен ұлы Мироншахқа қалдырған, бірақ ірі қолбасшылар бағынбай бөлініп кетті. Оның ұрпақтарының бәрі қастандықпен өлтірілді. Әкесі Тарағай Бек.
Темірдің – 250 мың әскері болған.
Моғолстан мемлекеті ХІVғ. басы – XVIғ.
Астанасы – Алмалық.
Шағатай мемлекеті 14 ғасырдың ортасында 2-ге бөлінді. Соның шығыс бөлігі 1348 жылы Моғолстан деп аталды. Моғолстан мемлекетінің алғашқы ханы – Тоғылық Темір хан болды. Оны дулат тайпасының әмірі – Болатшы бастаған ақсүйектер сайлаған. Моғолстан туралы Мұхаммет Хайдар «Дулати Тарихи Рашиди» еңбегінде Түркістаннан Ертіске дейінгі 7-8 айлық жол деп көрсеткен. Териториясы қазіргі Оңт. Қазақстан мен Қырғыстан.
Моғолстан халқы түркі тілдес тайпалар. Ең көбі Дулат тайпалары болған. Тоғылық Темірден кейін (1347-1362ж.) Ільяс Қожа кезінде мемлекет күшейді. Қызыр Қожаның ұлы Мұхаммет хан (1408-1416ж.) тұсында Темірден тәуелсіздігін алды. Сонымен қатар Мұхаммет хан Исламды күейтті.
Уәйіс хан (1418-1428ж.) тұсында Ойраттармен көп соғыс жүргізді. Уәйіс ханның ұлы – Есен Бұға (1433-1462ж.) билігі тұсында жағдай тұрақтанды, дәл осы ХVғ. ортасында қазақтың алғашқы хандары Керей мен Жәнібек Есен-Бұғаға көшіп келді. Сондықтан біз қазақ хандығының құрылуының ХVғ. 50-60ж. көрсетеміз.
Моғолстан – ұлы жүзге кірді. Шығыс Дешті-Қыпшақ, Жетісу, Оңт. Қазақстан ХІV-XVIғ. – Түркістан деп аталды.
Әбілқайыр хандығы – 1428-1468ж.
XVғ. 20-шы жылдары Қазақстанның далалық аймағында Шайбан әулеті Әбілқайыр хандық құрды. Ол 1428-1468ж. аралығында 40 жыл билік құрды. Әбілқайырдың құрған мемлекеті – Көшпелі Өзбектер мемлекеті деп аталды. Кейін бұл жер – Орта жүздің құрамына енді (Найман, Арғын, Қыпшақ).
1430ж. Әбілқайыр Хорезмді басып алды. 1446ж. Сығанақ, Созақ, Ар-Кек, Үргеніш т. б. қалаларды басып алды.
Әбілқайырдың алғашқы астанасы Тарра, Орда Базар еді, кейін астанасы Сығанаққа ауыстырылды.
1457ж. Әбілқайыр Сығанақ түбінде Ойраттардан оңбай жеңілді. Осы жеңілісті пайдаланып Керей мен Жәнібек Әбілқайырдан бөлініп шығып, Моғолыстан ханы Есен-Бұғаға барды. Есен-Бұға оларға жер берді. Қазіргі Шу өзені мен Қозыбасы өңірінде қазақтың туы тігіліп, алғаш рет қазақ хандығы құрылды. (XVғ.).
Ноғай ордасы – XIV-XVIғ.
Алтын Орда ыдыраған соң пайда болған мемлекеттердің бірі – Ноғай Ордасы.
Територияясы – Батыс қазақстан.
Ноғай Ордасындағы ең үлкен тайпа – Маңғыттар.
Ноғайлар 2-ге бөлінді:
1. Еділдің шығыс бөлігі – Үлкен Ноғайлы ел.
2. Ал Батысты – Кіші Ноғайлы елі деп атады.
Ноғай адам аты, ол Бату ханның қол басшысы болған. Ноғай Ордасының негізін Едіге қалаған. Едіге Алтын Орданы 15 ж.
билеген. (1396-1411ж.). Едіге 1419 жылы қайтыс болған. Ноғай ордасы Едігенің ұлы – Нұраддин тұсында күшейді, жері Сібірге дейін жеткен (қазіргі Түмен). Ол Ноғай даласы деп аталды. Ордадағы әкімшілік дипломатиялық билікті князь шешті. Ноғай ордасында ұлыстық билеу сақталды. Ұлыс билеушісі – Мырза болды. Ноғай ордасында 300 мыңдай әскер шығаратын мүмкіндік болды. Кейін олар Кіші жүздің құрамына енді.
Қазақ хандары.
Керей (1459-1473 ж.ж.) мен Жәнібек (1473-1480 ж.ж.).
Бұрындық – 1480-1511 ж.ж.
Қасым хан – 1511-1518 ж.ж.
Хақназар хан – 1538-1580 ж.ж.
Шығай хан — 1580-1582 ж.ж.
Тәуекел хан – 1582-1598 ж.ж.
Есім хан – 1598-1628 ж.ж.
Жәңгір хан – 1628-1652 ж.ж.
Тәуке хан – 1680-1715 ж.ж.
Әбілхайыр хан -1715-1748 ж.ж.
Абылай хан – 1771-1781 ж.ж.
Қазақ хандығының құрылуы XIV-XVIIIғ.
Қазақ хандығы XVғ. 50-60ж. құрылды. Алғашқы хандары Керей мен Жәнібек, олар 1480ж. дейін билік етті. Жәнібектен соң Керейдің ұлы Бұрындық 31 жылдай 1480-1511ж. билік етті. Бірақ осы Бұрындық хан кезінде-ақ Қасым Сұлтанның аты шыға бастады. Жәнібек ханның ұлы Қасымның билігі (1511-1518ж.) кезінде қазақ хандығы күшейіп, шартылдай түсті.
Қасым хан 1455ж. туылған. Ол Сырдария бойындағы қалалар үшін Мұхаммет Шайбанимен ұзақ соғысты, алмакезек жеңіске жетіп отырды.
1510 ж. Мұхаммед Шайбани Сығанаққа шабуыл жасап, бірақ өзі қирай жеңілді. 1510ж. Шайбани Мерв түбінде Қорасанда
Иран шахымен соғыста қаза тапты. Осы жеңістен соң Сыр бойындағы қалалар Қасымханға, яғни қазақтарға бағындырылды. 1513ж. көктемде Қасымхан Сайрамды басып алды. Қасымхан өзі билік билік құрған жылдары алғаш рет заңдар жинағын енгізді. Ол: «Қасымханның қасқа жолы» деп атады.
Бұл заң 5 бөлімнен тұрады.
1. Мүлік заңы.
2. Қылмыс заңы.
3. Әскери.
4. Елшілік.
5. Жұршылық.
Қасымхан тұсында қазақ халқының саны 1 млн.-ға жетіп, 300 мың атты әскер шығара алатын мүмкіндік болды.
Хақназар хан – 1538-1580ж.ж.
Қасым хан қайтыс болған соң қазақ хандығына Хақназар хан таққа отырады. Қазақ жерін одан әрі күшейтіп, жерін ұлғайтқан – Хақназар хан болды.
Моғолстан ханы Абдар Рашит Жетісу мен Ыстық көл маңын жаулап алу үшін, 1550-1560ж. қазақ хандығына соғыс ашады. Жетісуға Ойраттардың тонаушылық жорықтарының жиелеуі, Жетісу қазақ жерлерінің жағдайын ауырлатты. Ойраттар Батыс Моңғолия мекендеген тайпа, оларды кейде жоңғарлар деп те атаған. Мағол хандығына қарсы соғыстың сәтсіздігі ойраттардың шапқыншылығы салдарынан, Хақназар хан Жетісудың бірталай жерінен айрылып қалады.
Сібір ханы мен Моғолстан билеушілері қазақтарқа қарсы шапқыншылығы жиелеп кетті.
Хақназар ертеден жауласып келе жатқан Шайбани ұрпағымен қарым-қатынас жасауға ұмтылып,Бұхара ханы ІІ Абдаллах
пен одақтасады. Ташкент маңы билеушісі Баба сұлтан, Бұқара ханына бағынбай соғыс ашады. 1579ж. қазақ хандығы Абдаллах ханды жақтамақ болған әрекетін Баба сұлтан сезіп қалып, Хақназар ханның екі ұлын өлтіртеді. 1580ж. Баба сұлтанның жасырын жіберген қарақшылыры, аулына келіп Хақназар ханды, туыстарын тегіс өлтіреді.
Шығай хан – 1580-1582ж.
Хақназар хан мен Жалын сұлтанды өлтіргеніне өшігіп, Абдаллах пен бірігіп Баба сұлтанның көзін жоюға кірісті. Баба сұлтанға қарсы күреске Шығай ханның баласы Тәуекел сұлтанда тартылды. 1582ж. Баба сұлтанға қарсы бірлескен жорық жасауға шешім қабылдады. Нәтижесінде Баба сұлтан жеңіліс тауып, өзбек-қазақ әскерлері Баба сұлт. өкшелей қуып Срысу мен Ұлытаудан асырады. Осы жорықта Шығай хан қайтыс болады.
Тәуекел хан 1582-1598ж.
1582ж. маусымда Шығайдың ұлы Тәуекел бастаған қазақ әскерлері Түркістан түбінде болған шешуші шайқаста Баба сұл. өлтіреді. Қазақ әскерлрінің жеңісін Абдаллах хан өз пайдасына шешті. Сыр бойындағы қалалар Абдаллах ханға бағынды. 1583ж. Тәуекел хан өзбек ханымен жасасқан антты бұзады. Тәуекел ханның шабуылы: Сауран, Түркістан, Отырар, Сайрам қалаларын басып алып, Ташкентке қатер төндіреді. 1597-98ж. қысында Абдаллах пен оның ұлы арасындағы қайшылықты пайдаланған Тәуекел хан соғыста дер кезінде шығып Ташкент қаласының түбінде Абдаллах ханды өлтіреді. Абдаллах ханның тағына отырған баласын бүлікші әмірлер өлтіреді. Өзбек хандығында билікке талас болады, осы шиеленісті сырттай бақылап отырған Тәуекел хан, 1598ж. жазда Мәуренахырға баса көктеп кіреді. Өзбек сұлтандары қолдаған Тәуекел хан Ақши, Искендір, Ташкент, Самарқант қалаларын басып алады. Есім сұлт. 20 мең әскерімен Самарқантта қалдырады. Өзі 80 мың қолмен Бұқараны қоршауға алады. Бұқара қаласын 20 күн қоршауда ұстаса да басып алалмайды. Осы шайқаста Тәуекел хан қайтыс болады. Екі жағы да хансыз қалған, өзбек ханы мен қазақ хандары бас қосып соғысты тоқтату шартына қол қояды. Сыр бойындағы қалалар және Ташкент қазақ хандығының құрамына қосылады. Тәуекел хан қайтыс болған соң інісі Есім хан таққа отырады.
Есім хан 1598-1628ж.
Есім хан Орта Азия қалаларымен бейбіт эканомикалық байланыс орнатуға ұмтылады. Қазақ хандығын бір мемлекет етіп құруға мақсат етеді.
ХVIIғ. Басында қазақ хандығы бөлшектене түседі. Есім хан Түркістан қаласын өзіне астана етсе, Тұрсын хан өзін тәуелсіз
хан жариялап, Ташкент қаласын астана жариялайды. Осы ішкі тартысты аңдып отырған Бұқара ханы қазақ хандығына жорық ұйымдастырады. 1603-1624ж. Айғыржан деген жерде шайқас болады. Бұл шайқаста Бұқара әскері жеңіліс тауып Самархан бекінісіне келіп тығылады.
1611ж. Бұқара әскерін Иманкули хан басқарып келді. Ташкент түбіндегі ұрыста Есім хан әскері жеңіске жетіп, Бұқара ханы келісімге келеді. 1620-21ж. 4,5,6 Қазақ, Бұхар соғысында, қазақ әскерін Тұрсын хан бастап жеңіске жетеді.
1627ж. ең соңғы 7 қанды шайқаста да жеңіске жетеді. Бұхар ханы Иманкули жеңілісін мойындайды.
Жәңгір хан – 1628-1652ж.
Жәңгір хан тұсында, жоңғарлардың күшейген кезі. 1643ж. Жоңғарлар қалың қолымен қазақтың жеріне баса көктеп кіреді. Жәңгір хан бастаған 600 жауынгер 50 мың Жоңғар әскеріне қарсы шығады. 1652ж. Жоңғарлар қазақ жерін тағыда баса көктеп кіреді. Осы соғыста Жәңгір хан қаза табады. Жәңгір қайтыс болған соң, хан тағына оның ұлы Тәуке отырады.
Тәуке хан 1680-1715ж.
Тәуке хан тұсында қазақ хандығы күшейді. Үш жүз орталықтандырып, бір тудың астына жиналды. Осы 1680ж. жоңғарлар
Тәуке хан отырған Түркістанға бата алмады. Тәуке ханның заңдары «XVIIIғ. әдет ғұрып заңдары» яғни «Жеті жарғы» заң жобасы жасалынды. Бұл заңда «Қанға қан, жанға жан» принципі жойылып, енді құн төлеу заңына енгізілді.
Ердің құны — 1000 қой, әйелдің құны – 500 қой, ал Ақсүйектерге 7 есе артық төледі.
Қазақ арасында абыройы күшті жүздер:
1. Ұлы жүз — Төле би.
2. Орта жүз – Қаз дауысты Қазыбек би.
3. Кіші жүз — Әйтеке би.
Осы билер алдында заңдар дүниеге келді: Қасым ханның тұсында шыққан «Қасым ханның қасқа жолы», деген заң жинағының 5 тарауына екі тарау қосып «7 жарғы» заң жинағы шықты.
1680ж. Жоңғарлар оңт. қазақстанға шабуыл жасады. Осы шабуылда Түркістан қаласығана аман қалды. 1710ж. Жоңғарларға тойтарыс беру мәселесін талқылау үшін, Қарақұм маңында үш жүздің басын қосты. Осы жерде хандық жасақтар құралып, Жоңғарларға қарсы соғысқа шықты. Басқыншылар оларды талқандап шығысқа қарай ығыстырды.
1716ж. Жоңғарлар Іле өзенінен Аягқзге қарай бет алды. 1718ж. көктемінде Аягөз маңында 3 күнге созылған қан төгіс
соғыс болды. Үшінші күні қазақ әскері жеңіліске ұшырады, себебі әскер басқарған Әбілқайыр сұлт. мен Қайып сұлтандар арасында ауыз біршілік болмады.
1723ж. Қазақ даласын «Ақмешін» жұты шарпыды.Жұттан шыққан елге жоңғарлардың 70 мың әскері тұтқиылдан шабуыл жасайды.
1724-1725ж жоңғарлар Түркістан мен Ташкент қалаларын басып алды.Осы кездегі жоңғар шабуылы қазақ тарихында «Ақтабан шұбырынды,Алқакөл сұлама»д.а. 1728ж қазақ әскері Бұланты өзенінің жағасында жоңғар әскеріне қуатты соққы берді.Осы жеңісте халық жігерлене түсті.Ордаьасы тауына жиналған қазақ жүздерінің өкілдері жауғу қарсы тұруға бірауыздан шешім қабылдады.Әбілқайырхан барлық жасақтардың бас қолбасшысы болды. 1729ж Балқаш көлі маңында Аңырақай маңында қазақ әскерлері жеңіске жетіп,кіші жүз бен орта жүздің көп бөлігін азат етеді.
Әбілхайыр хандығы 1715-1748ж. Кіші жүздің Ресей империясының құрамына кіруі.
1729ж. Балқаш көлінің маңында, жеңіске жеткеннен кейін 1730ж. Әбілхайыр хан Ресей империясының үміт артуына себеп болды.Олармен бірігіп бар күшті қалмақтарға қарсы күреске күшті жұмылдыру еді. 1731ж. ақпанның 31 күні қазақ
елшілері Сейтқұл Құндағұлұлы, Құлымбет Қоштайұлының кіші жүзді, империя құрамына алуды, императрица Анна
Ионовна қабыл алды. Анна Ионовна Әбілхайырдан ант алу үшін қабілетті дипломат – Тефкелефті жібереді. 1731ж.
қазанның 10 күні Әбілхайырдың саясатын қолдаған сұлтандар Ресейдің қоластында кіруге ант берді. 1734ж. орыс үкметі
Кирилов басқарған арнайы экспедиция жабдықталды. 1737ж. Башқұрт халқының көтерілісін басуда орыс үкіметі кіші жүздің жасақтарын пайдаланады. 1738ж. тамыз айында Орынбор комиссиясының басшысы, көрнекші тарихшы Татишев Орынборда қазақ сұлтандарының сьезін шақырды. Кіші жүзден 25, орта жүзден 27 старшина Ресейге жіберілгендігін қуаттап антқа қол қойды. 1740ж. орта жүздің билеушілері Абылай мен Әбілмәмбет Ресейдің қарамағына кіруге ант берді.
1741-1742ж. Жоңғар қоңтайшысы Қалдан Цэрен орта жүзбен кіші жүзге «ақтабан шұбырындыдан» кем түспейтін шабуыл жасады. 1742ж. 20 мамыр күні Ресейдің сенаты қазақтарды қорғау жөнінде арнайы жарлық шығарады. 1747ж. Әбілхайыр хиуа тағындағы бақталасы Батыр сұлтанның баласы Қайыптық, қазақ хандығын әлсіретеді. 1748ж. Әбілхайыр Барақ сұлтанның қолынан қайтыс болады. Әбілхайыр қайтыс болғаннан кейін, оның орнына хан тағына Нұралы хан отырады. Ресей империясы Нұралының билігіне шек қояды. Кіші жүздің бір бөлігі Батыр сұлтанды хан деп таныды.
1745ж. Қалмақтардың билеушісі Қалдан Цэрен қайтыс болғаннан кейін, жоңғария мемлекеті құлады. Орта Азияда шиеленіс басталды, осы жағдайды патша үкіметі бекініснер салына бастады.
Ресей ең алғашқы сәттен ақ бүкіл қазақ жерлерін біртіндеп қосып алуды мақсат етті. Осы ниетпен 1734 жылы И.К.Кирилов басқарған арнайы Орынбор экспедициясы құрылды. 1735 жылы Орынбор бекінісі салына бастады. Қазақ жерін айналдыра қоршай әскери шептер құрылды, олар: Горкая, Ертіс, Колыван, Есіл, Орек т.б. шептер.
1755 жылы арнайы Орынбор қазақ әскерлері құрылды. Ол Жайық қалашығына (Қәзіргі Орал қаласы) жоғары Жайық бекінісіне дейінгі дейінгі жерлерді алып жатқан Жоғарғы Жайық әскери шебіне орналасты. Ал, Жайық қалашығынан Каспий теңізіне дейінгі аралықта, Жайық қазақ әскерлері (1591жылы құрылған) орналасқан болатын. Еділ мен Жайық аралығында Каспий теңізінің солт. жағалауын орыс помещиктері Безборотко мен Юсупов иеленді. 1775ж. жалпы қазақтарға Ертіс өзенінен өтуге тыйм салды. 1764ж. қазақтарға Ертіс өзеніне 10 шақырым жақындап көшуге тыйм салды.
Осылайша Кіші жүз және Орта жүз қазақтары өздерінің ең жақсы қысқы және жазғы жайылымдарынан айрылды. Бұл жағдай Жайық және Орынбор қазақтары мен қазақтардың қарым-қатынасын шиеленістері мен ауылдарды ойраңдап, тұтқын алып,малдарын мыңдап айдап кетіп отырды. Сыртқы істер колегиясы 1755ж. 11 көкекте казатарды, қазақтарды қас-дұшпан ретінде қарауға рұхсат берді.
Қорыта айтқанда, XVIIІ ғасырда Ресейдің орталық әкімшілігі қазақ жеріне белсенді түрде тереңдеп ене бастады және қазақ халық қоғамының эканомикалық негізін шиқалтатын шараларды іске асырды. Бұл қазақ халқының отаршылдыққа қарсы күресіне алып келді. Күрес сонымен бірге патша үкіметінің құйыршықтарына айналған кейбір қазақ билеушілеріне де қарсы бағытталды.
Абылай хандығы 1771-1781ж.
Орта жүздің сұлтаны Уәлидің баласы, азан шақырып қойған аты «Әбілмәнсүр». 1711ж. дүниеге келген, атасы Түркістан қаласының билеушісі, оның есімі Абылай болған. Әбілмәнсүрдің қашып жүргендегі лақап аты Сабалақ. 1771ж. орта жүздің ханы Әбілмәмбет дүние салады. Абылай 3 жүздің басын біріктіріп, өзін қазақ ханымын деп жариялайды. 1781 ж. Абылай қайтыс болады. Одан 30 ұл, 40 қыз тарайды. Абылайдың бас мирасқоры Уәли сұлтан Ресей мемлекеті орта жүз ханын танығанымен, ол қабілетсіз басқарушы болады.
XVIIғ. әлуметтік-экономикалық жағдайы.
Қазақстанның оңт. аудандарында феодалдық жер иеленудің – Сойырғал деп аталатын түрі болды. Оны билеуші хан соғыстағы ерлігі үшін немесе азаматтық өмірдегі еңбегі үшін сыйға берді.
Сырдария қалаларында мұсылман дінбасылары – Шайхы ислам, Қазы, Шайхы, Молда т.б. болды. Оларда сойырғал, ихта, милкь, уахф деп аталатын тұрақты түрлері болды.
Алым салықтың түрлері:
Малшыларда – соғым, сыбаға, ерулік, беруге.
Егіншілер мен қолөнершілерде – ұшыр, баж, тағар, харадж деп аталатын салықтарды төлеп отыру міндеттенді. Тағы бір міндеттері – Сауын деп аталды. Оның мәні бай адамдар малын кедейге берді. Ол оны бағып, күтіп бұзаумен бірге қайтарады. Сауын малын жаюды көршіге беру.
Ақша түрлері
1. Алтын динарлар.
2. Күміс дирхемдер.
3. Мыс теңгелер.
Қазақстан мен Орта Азияда ақшаның осы үш түрі де шығарған жалғыз қала – Отырар.
Қазақстан тарихы пәнінің мақсаты мен міндеттері және дерек көздері.
Тарих адамзат қоғамының өткенін зерттейтін ғылым. Ол жер бетіндегі барлық халықтардың матералдық және рухани өмірі саласындағы сан ғасырлар бойындағы тәжірибесінің жиынтығы, бүгінге дейін өткен меңдаған ұрпақтардың кейінге қалдырған мұрасы. Қоғамның әрбір мүшесі ұрпақтар зердесінің, бір сөзбен айтқанда, тарихи зерденің негізінде қалыптасады. Тарихи сана қоғамдық сананың жеке бір бөлігі болып табылады, және дүниеге көзқарас жүйесінде маңызды орын алады. Тарихи сананы қалыптастыру жас ұрпақты өз халқының рухани өмірімен жақындастыруға, оның
мәдениеті мен тарихының бастауларын түсініп өсуіне көмектесуі тиіс.
Қазақ халқының тарихы дүние жүзлік тарихтың маңызды бір бөлігі болып табылады. Түрік халықтарының қатарына
жататын қазақтар саны жағынан олардың ішінде төртінші орын алады, ал териториясы жағынан дүниежүзі халықтарының ішінде алғашқы ондыққа кіреді. Тарихта әртүрлі этнонимдермен белгілі болған қазақтардың арғы ата-бабалары әрқилы қиын-қыстау жолдардан өтті, жат елдің басқыншыларға қарсы өз тәуелсіздігі үшін күрес жүргізді және дүниежүзлік өркениетке өздерінің лайықты үлесін қосты. Алайда қасырларға созылған орталық езгі кезеңінде үстемдік етушілер халықтардың бостандығын, жерін,табиғи байлық -тарын, мәдени ескерткіштерін тартып алып қана қоймай олардың тарихи зердесін де өшіруге тырысты. Жаулап алынған
елдердің халқын өздерінің тарихи дәстүрінде тәрбиелеу орталық саясаттың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.
Қазақ халқының тарихын ревалюцияға дейін де, одан кейінде Ресей тарихшылары жазды және империялық ұлы державалық идеология тұрғысынан түсіндірілді. Өз халқының тарихын шындық тұрғысынан қарастыруға ұмтылған ұлттық тарихшылар жазалауға ұшырап отырды.
Бүгінгі күні тәуелсіз Қазақстанның тарих ғылымының алдында үлкен де жауапты міндеттер тұр. Көп ғасырлар орталық бұғауынан құтылған ол халықтың шындыққа негізделген тарихи санасын қалыптастыру, жас ұрпақты отан сүйгіштік рухында тәрбиелеуі тиіс. Өткенді қайта жаңғыртуға тарихи деректер көмектеседі.
Олар мынадай топтарға бөлінеді.
1. Заттай ескерткіштер (еңбек құралдар, қол өнер бұйымдары, үй тұрмысында пайданылатын бұйымдар, ыдыс-аяқ, киім-кешек, әшекей заттар, металдан жасалған ақшалар, қару-жарақ, тұрғын үйлердің қалдықтары және т.б.). Ежелгі
замандардан қалған заттай ескерткіштерді зерттеумен арнайы тарихи археологиялық ғылым айналысады. Жер қыртысының қабаттарында заттай деректердің бай қорлары сақталған. Олар қазба жұмыстары арқылы бізге жетеді. Археологиялық ескерткіштер әлі жазу болмаған өте ерте дәуірлерді зерттеуде баға жетпес деректер болып табылады.
2. Этнографиялық ескерткіштер, яғни халқымыздың ежелгі тұрмыс салтының бүгінге дейін жеткен қалдықтары: салт-дәстүрлері, діни сенім-нанымдары. Оларды зерттеумен этнография ғылымы айналысады.
3. Лингвистикалық ескерткіштер немесе халқымыздың тілінде сақталған тарихи деректер. Географиялық атаулар, жеке адамдардың есімдері, басқа тілден кірген сөздер, ескі тілдердің қалдықтары халқымыздың шығу тегін анықтауда, миграциялық процестер мен ежелгі қоғамдық қатынастырды зерттеуде көп көмегін тигізді.
4. Фольклордық материялдар, яғни халқымыздың ауыз әдебиетінің ескерткіштері әртүрлі аңыз әңгімелер, ертегілер, мақал-мәтелдер, тарихи жырлар, шежірелер.
5. Жазба деректер: тасқа, металға, сүйекке, керамикаға жазылған ежелгі жазулар мен қағаз бетіне түскен әртүрлі қолжазба және баспа құжаттар. Қазақстан тарихи жөнінде мәліметтер түрлі тілде: көне парсы, көне грек, латын, қытай, көне түрік, арап, парсы және орыс тілдерінде жазып қалдырылған.
6. Кино-фото-фоноқұжаттар деректердің ең жаңа түрлері болып табылады. Бұлар бізге және келешек ұрпақтарға ХХ ғ-да
болып өткен аса ірі тарихи оқиғалардың тынысын, тарихи қайраткерлердің бет бейнесі мен үнін жеткізді.
Қазақ халқының қалыптасуы және қазақ жүздері.
Қазақ және Орта Азияның басқа да Түрік тілдес халықтарының этникалық негізін осы аймақты сонау тас және қола дәуірінен бері мекендеп келе жатқан ежелгі адамдар, одан бері сақ Скиф, Үйсін, Қаңлы, Ғұн, Түрік, Түргеш, Қарлұқ, Оғыз, Қимақ, Қыпшақ, Найман, Арғын, Керей т.б. тайпалар құрады. Қазақ халқының қалыптасуын ХІІІ ғасырдағы моңғол шапқыншылығы біраз кейінге шегерді. Осы кезеңде қазақ даласына біраз моңғол тайпалары да келді. Бірақ олар жергілікті халықпен сіңісіп кетті.
Этнос немесе халық дегеніміз түр тұлғасы, мәдениеті, тілі мен салт-дәстүрі ортақ адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты қауымы. Этностың қалыптасуындағы ең маңызды, басты белгі жер тұтастығы. Қазақ халқы және оның этникалық териториясының қалыптасуы негізінен XV-XVIғ. Аяқталды.
Қазақстанның бір ерекшелігі мұнда тайпалық бірлестіктер жезден пайда болды. Қазақ жүздері туралы мәліметтер жазба деректерде XVI ғасырданбастап кездеседі. Олардың пайда болуы Қазақстанның табиғи климаттық жағдайларына, халқының көшпенді өмір сүруіне байланысты. Ұлы жүз Жетісу мен Оңт. Қазақстанда, Орта жүз Орталық және Солт. Қазақстанда, Кіші жүз Батыс Қазақстанда мекендеді.
Қазақ хандығының құрылуы. “Қазақ” атауы туралы.
Қазақ хандығын құрушылар Жәнібек пен Керей сұлтандар болды. Олар 1457ж. Әбілхайыр хандығынан бөлініп Моғолстанға көшіп барды. Моғолстан ханы Есенбұға Жәнібек пен Керейге Жетісудың батысындағы Шу өңірінен қоныс бөліп берді және оларды өз мемлекетінің батыс шекарасын қорғау үшін пайдаланбақ болды. Олармен бірге мұнда 200 мыңнан астам халық көшіп келген еді. 1462 жылы Моғолстан ханы Есенбұға қайтыс болды. Осындай жағдайда 1465 жылы қазақ хандығы құрылды. Жәнібек пен Керейдің күшейуінен сескенген Әбілхайыр 1468 жылы оларға қарсы жорыққа аттанып бара жатқанда қайтыс болады.
“Қазақ” деген термин бастапқы кезде көшпенділердің хан билігіне бағынғысы келмей тәуелсіз, еркін жүрген топтарын білдіретін әлуметтік мағынада қолданылды. Жәнібек пен Керей хандығы нығая келе олардың қол астындағы барша халық қазақтар деп атала бастады. Бірте-бірте бұл термин этникалық мәнге ие болып халық атауына айналды.
Осылайша қазақ хандығының дүниеге келуімен бірге “қазақ” этнонимі халық атауы пайда болды.
XVII ғасырдағы қазақ қоғамы.
Жазба әдебиет діни және тарихи кітаптардан тұрады. Қадырғали Жалайридің “Жамиғат туарих” (Жылнамалар жинағы) XV-ХVIIғ. Қазақ тарихына арналды. XVІғ. өмір сүрген Мұхаммед Хайдар Дулати өзінің “Тарихи Рашиди” деген еңбегінде қазақ хандығының тарихы туралы баға жетпес мәліметтер жазып қалдырды.
XIVғ. аяғы мен XVғ. бас кезінде Түркістан қаласында салынған Қожа Ахмет Яссауи кесенесі сәулет өнерінің үздік ескерткіші болып табылды. Оның ұзындығы 65,5м, ені 45,5м, биіктігі 35,7м.
1726ж. Кіші жүз ханы Әбілхайыр, Ағамандар Сүгір, Едікбай, Қажыбай, Құлынбай және басқалары Ресейден кіші жүз қазақтары үшін “қорғаушылық сұрауға” елші Қойбағарды жөнелтті. Бірақ оның бұл сапары нәтижесіз қалды. Әйтседе
Әбілқайыр өзінің көздеген мақсатын аяқсыз тастамай 1730ж. қыркүйекте УФА арқылы Петербуркке орыс әйел императоры Анна Иоанновнаға өздерінің бодандыққа және қорғаушылыққа алуды сұраған өтінішін хатпен жолдап әрі ауызекіде айтуды тапсырып, қайтадан елшілік жіберді. 1731ж. 19 ақпанда имератор әйел Анна Иоанновна кіші жүзді Ресейдің бодандығына қабылдайтыны жөніндегі сенім грамотасына қол қойды. Тиісті ант қабылдау үшін қазақстанға Әбілқайыр ханға тапсырылатын грамотамен сыртқы істер комиссиясының тілмашы А.И.Тевкелев бастаған елшілер жіберілді. Елшілік 1731ж. 5 қазанында Әбілқайырдың ордасына келді. Кіші жүз билеушілерінің көпшілігі ант
беруге қарсы екені белгілі болды. Тевкелев әртүрлі алдап-арбау, паралау арқылы қулығына асырып Әбілқайыр мен оның жақтастарынан ант қабылдады. Бұл оқиға қазақ жерін біртіндеп қосып алудың бастамасы болды.
Ресей ең алғашқы сәттен-ақ бүкіл қазақ жерлерін біртіндеп қосып алуды мақсат етті. Осы ниетпен 1734ж. И.К.Кирилов басқарған арнайы Орынбор экспедициясы құрылды. 1735ж. Орынбор бекінісі салына бастады. Қазақ жерін айналдыра
қоршай әскери шептер құрылды, олар: Горькая, Ертіс, Колыван, Есіл, Орек т.б. шептер.
1755ж. арнайы Орыньор қазақ әскерлері құрылды. Ол Жайық қалашығынан (қазіргі Орал қаласы) жоғарғы Жайық бекінісіне дейінгі жерлерді алып жатқан жоғарғы Жайық әскери шебіне орналасты. Ал, Жайық қалашығынан Каспий теңізіне дейінгі аралықта Жайық қазақ әскерлері(1591ж. құрылған) орналасқан болатын. Еділ мен Жайық аралығындағы Каспий теңізінің солтүстік жағалауын орыс помещиктері Безбородко мен Юсупов иеленді. 1775ж. жалпы қазақтарға Ертіс өзенінен өтуге тыйм салды. 1764ж. қазақтарға Ертіс өзеніне 10 шақырым жақындап көшуге тыйм салынды.
Осылайша кіші жүз және орта жүз қазақтары өздерінің ең жақсы қысқы және жазғы жайылымдарынан айырылды. Бұл
жағдай Жайық және Орынбор казактары мен қазақтардың қарым –қатынасын шиеленістері мен қоймады. Патша үкіметі қазақтарды жуасыту үшін дүркін-дүркін жазалай экспедицияларын ұйымдастырып, ауылдарды ойрандап, тұтқын алып, малдарын мыңдап айдап әкетіп отырды. Сыртқы істер коллегиясы 1755ж. 11 көкекте казактарды, қазақтарды қас дұшпан ретінде қарауға рұқсат берді.
Қорыта айтқанда, ХVIIIғ Ресейдің отарлық әкімшілігі қазақ жеріне белсенді түрде тереңдеп ене бастады және қазақ қоғамының экономикалық негізін шайқалтатын шараларды іске асырды.
Бұл қазақ халқының отаршылдыққа қарсы күресіне алып келді. Күрес сонымен бірге патша үкіметінің құйыршықтарына айналған кейбір қазақ билеушілеріне де қарсы бағытталды.
Қазақтардың Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуы.
Қазақ жерлерінің тартып алыну жайылымдық жерлердің өрісін тарылтып, мал шаруашылығына үлкен зиян тигізді. Бұл жағдай отаршылдарға қарсы күреске шығуға мәжбүр етті. Кіші жүз және орта жүз қазақтарының қозғалысының басталуы
Е.Пугачев жетекшіл еткен шаруалар соғысымен(1773-1775ж.ж.) тұспа-тұс келді.
Өзін ІІІ Петр патшамын деп жариялаған Пугачев қазақтар арасында ”манифестер” таратты . Бұл манифестерде ол
қазақтарға бостандық және бұрынғысынша еркін өмір сүру құқығын беруге уәде берді.
Бұл манифестер қазақтардың Пугачев әскеріне жаппай қосыла бастауына ықпал етті. 1773ж. қыркүйегінде көтерілісшілер орыс қамалдары мен бекіністеріне шабуылдай бастады. Жылдың соңында Жайық өзенінің төменгі бойы қазақтардың бақылауында болды. Абылай хан көтерілісшілерді қолдай отырып, жазалау отрядтарына көмек көрсетуден бас тартты. Кіші жүз қазақтары Жайық, Орынбор қалаларын қоршауға және Клагин қамалын алуға қатысты. Орта жүз қазақтары Преснегорький, Петропавл қамалдарына шабуыл жасады.
1775ж. қаңтарында Пугачев дарға асылғаннан кейін патша әскерлері көтерілісшілерді жазалауға кірісті. Оларға Нұралы хан белсене көмек көрсетті. Жазалаушыларға қарсы күресте Сырым Датұлы бастаған Байбақты руының жасағы ерекше ерлігімен көзге түсті.
1775ж. күзінде отаршылдыққа қарсы қозғалыс жаңа күшпен өрістеді. Оны табын руынан шыққан 22 жастағы Сапура Мәтен қызы басқарды. Сапура күресті басқарушы өзі, емес Көктемір Әулие деген аңыз таратты. Кейбір сұлтандардың сатқындығы салдарынан қозғалыс 1776 ж. жазында уақытша бәсеңдеді.
Сырым Датұлының бастауымен болған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі.
Сырым Датұлының бастаған көтерілісі 1783-1797ж.ж. болды. Кіші жүз қазақтарын көтеріліске шығуға мәжбүр еткен себептер: Ресейдің орталық саясаты, қазақтардың жерін тартып алу, жер мәселесінің шиеленісуі, көшіп қонудың тарихи қалыптасқан маршруттарының бұзылуы, Ресейдің жергілікті әкімшілігі және орыс-қазақ әскерлерінің шектен шыққан зорлық-зомбылығы мен қарақшылығы.
Көтеріліс бірде өршіп, бірде бәсеңдеп отырды. Ресей үкіметі көтерілісшілерді алдаусырату мақсатымен жаңа тактика қолданып хан кеңесін құрды. Оған старшындар, сұлтандар кірді. Көтеріліс осыдан соң бірте-бірте бәсеңдеп, 1797ж. аяғында тыңшыды. Сырым Датұлы серіктерімен Хиуа хандығына өтіп кетті. Сол жерде 1802 жылы қайтыс болды.
1822-1824ж.ж. Әкімшілік реформалар. Исатай мен Махамбет бастаған көтеріліс.
1801ж. І Павел патшаның жарлығымен Еділ мен Жайық арасында Ішкі Орда немесе Бөкей хандығы құрылды. Оның ханы болып Нұралының ұлы Бөкей тағайындалды. Ол бүтіндей Ресей үкіметіне тәуелді болды.
Сырым Датұлының көтерілісі хан үкіметі Ресей империясының Қазақстандағы орталық саясатын толығымен қамтамассыз ете алмайтындығын көрсетті. Сондықтан Қазақстанды Ресей мүддесіне сай басқару жүйесін енгізу мақсатымен Сібір генерал-губернаторы М.Сперанский жасағын “Сібір қазақтары туралы ереже” 1822 жылы қабылдады. Сперанскийдің реформасы бойынша Сібір екі бөлікке Шығыс (орталығы Иркутск) және Батыс (орталығы Тобольск, 1839 жылдың Омск) Сібір болып бөлінді. Батыс Сібірге Орта жүз және Ұлы жүз қазақтарының бір бөлігі мекендеген територияға қарады. Ол “Сібір қазақтарының облысы” деп аталды.
Ережеге сәйкес Сібір қазақтарының облысы окруктерге, окруктер болыстарға, болыстар ауылдарға бөлінді. Сөз жүзінде окрукті аға сұлтан, болысты болыс, ауылды старшын басқарды, ал іс жүзінде олар Ресей әкімшілігіне толық тәуелді болды. Сол жүйесі ресей мүддесіне сәйкестендірілді. Хан өкіметі жойылды.
1824ж. Ресей үкметі “Орынбор қазақтары туралы ереже” қабылдады. Кіші жүз бірнеше бөліктерге бөлініп, оларды Орынбор генерал-губернаторы тағайындаған сұлтандар басқарды. Бұл бөліктер дистанциялардан, дистанциялар ауылдардан тұрды. Оларды басқарушылардың бәрін де шекаралық комиссия тағайындады.
Орта жүзбен кіші жүзде хандық биліктің жойылуы қазақ халқының саяси тәуелсіздігінің жойылуы еді. Ресейдің отарлық саясатының барған сайын күшеюі халықтың қарсылығын туғызып, 1836-1838ж.ж. Бөкей Ордасында жаңа көтеріліске алып келді. Бұл ұлт-азаттық көтерілісті Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы басқарды. Көтерілісшілерге қарсы тұрақты әскер отрядтары мен қазақ әскерлері жіберілді. Көтерілісшілер мен жазалаушылар арасында негізгі шайқастар 1837 жылы Тастөбе, 1838 жылы Ақбұлақ деген жерлерде болды.
Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс.
1837-1847ж. Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің ерекшелігі ол қазақтың үш жүзінде, бүкіл қазақ жерлерін қамтыған көтеріліс болдыжәне хандық қайта қалпына келтірілді, көтерілісшілердің саны 20 мыңға дейін жетті. Көтерілістің мақсаты қазақ жерлерінің территориялық тұтастығын қалпына келтіру,қазақ елінің мемлекеттік сақтау болды.
Кенесарыға екі майданда соғысуға тура келді: солтүстікте патшаның жазалаушы әскерлеріне, ал оңт. қоқандықтардың зорлық-зомбылықтарына қарсы. 1841 жылы үш жүз көлдерінің бас қосқан құрылтайында Кенесары ақ киізбен хан көтеріліп, қазақ хандығы қайта қалпына келтірілді. Бір өкініштісі, өздерінің жеке басының қамын көздеп сатқындық жолға түскен кейбір ел билеушілері Кенесарыға қарсы шығып, отаршылдарға қызмет етті.
Ұлт-азаттық қозғалыстың кең қанат жаюынан қатты сескенген патша үкіметі оны басып жаныштауға үлкен әскери күш бөлді. Көтерілісшілер оңт. қарай ығысуға мәжбүр болды. Кенесары күресте қырғыз халқын тартқысы келді, бірақ ол мақсаты орындалмады. Ол 1847 жылы қырғыз жерінде апат болды.
Ұлы жүздің Ресейге қосылуы.
Кіші және Орта жүздердің територияларының Ресей қол астына өтуі аяқталса да, бірқатар қазақ жерлері Орта Азия хандықтарына тәуелді еді. 1812-1816-1820ж. хиуа ханы Мұхаммед Рахым қазақ қоныстарын жан шошырлық күйзеліске ұшыратты. Қазақ шаруаларының Тентек Төре бастаған 1821ж. халық көтерілісі азаттық сипат алды. Көтерілісшілер саны 10 мың адамнан асады. 1871ж. Сұлтан Сүйік Абылайхан ұлы патша үкіметі өзіне қараған руларды Ресей құрамында болуын қалайды деп мәлімдеді. Осы жайлы Жалайыр руынан 66 мың адам қоныс тепкен территориясымен Ресей құрамына алынды. 1825ж. Жетісудың 50 мың адамы бар,Үйсін болысындағы қазақ-р Ресей құрамына кіруге келісім берді.
1848ж. Ұлы Жүз қазақтарын басқару туралы нұсқаулар, 1848ж. қаңтардың 10 күні ұлы жүз қазақтарын басқару туралы
пристав тағайындалды. 1854ж. көктемде Ресей әскерлері Верный деп аталған бекіністің ірге тасын көтерді. Бекініске Іле отрядының 470 солдатымен, офицерлер келіп қоныстанды. 1855ж. Қапалдан ұлы жүз приставасының резиденциясы Верныйға орын ауыстырды. ХІХғ. 1860 жылдары бекініске Ш. Уәлиханов тұрады.
Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы. ХІХғ.
60-90ж.ж. Қазақстанда жүргізілген әкімшілік реформалар.
ХІХғ. Бірінші жартысында Ресей Қазақстанның оңтүстігінде өзінің ықпалын күшейту мақсатымен Ақтау, Алатау, Қапал, Аягөз, Лепсі бекіністерін салды. 1854ж. көктемінде Верный бекінісі салына бастады.
Орыс әскерлері 1860 жылы Пішпек, 1863 жылы Созақ, 1864 жылы Әулие ата, Түркістан, Шымкент қалаларымен бекіністерін алды. Осылайша Ресей империясының қазақ жерлерін жаулап алуы толық аяқталды. Ендігі жерде ол Орта Азияны жаулап алуға кірісті.
1867ж. 11 шілдесінде “Жетісу және Сырдария облыстарын басқару туралы уақытша ереже”; 1868 жылғы 21 қазанда “Орынбор және батыс Сібір генерал-губернаторлықтарының далалық облыстарын басқару туралы уақытша ереже” қабылданды. Осы реформаға сәйкес қазақ жері бөлшектеніп үш генерал-губернаторлыққа: Түркістан, Орынбор, Батыс
Сібір генерал-губернаторлықтарына бөлініп берілді. Бүкіл үкімет билігі генерал-губернатордың қолына жинақталды. Қазақстанды басқару жүйесі әскери сипат алды. Генерал-губернаторлықтар облыстардан, облыстар уездерден тұрды. Қазақтар өзін-өзі басқару құқығынан айырылды, барлық билік Ресей чиновниктеріне берілді.
1868ж. желтоқсанда Орал мен Торғай облыстарында отаршылдарға қарсы көтеріліс басталды. Оны С. Түркебаев пен Б.Оспанов басқарды. 1870ж. Маңғыстауда болған көтерілісті И.Тіленбаев пен Д.Тәжиев басқарды.
1886ж. 2 маусымында “Түркістан өлкесін басқару туралы ереже”, 1891ж. 25 наурызында ”Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Торғай облыстарын басқару туралы ереже” қабылданды. Қазақстан териториясы 2 бөлінді.
ХІХғ. Екінші жартысында жүргізілген әкімшілік реформалар Қазақстанды біржола Ресей империясының отарына айналдырды. Реформаның ең ауыр зардыбы бүкіл қазақ жерін Ресей империясының меншігі деп жариялау болды.
ХІХғ. Екінші жартысында Ресей үкіметі Қазақстанға орыс шаруаларын қоныстандыру саясатын күшейте түсті. Орыс шаруаларына қазақтың ең құнарлы, жақсы жерлері тартып алынып берді.
Қазақстан азаматтық қарсыластық кезеңінде (1917-1920ж.ж.)
Қазақстанда Кеңес өкіметі ең алғаш орнаған қала Перовск (1917ж. 30 қазан). 1917ж. қазан айынан 1918ж. нурызына дейін Кеңес өкіметі Орынборда, Оралда, Жетісуда қарулы көтеріліспен, қалған аймақтарды бейбіт жолмен жеңді.
1917ж. 5-13 желтоқсанда Орынборда 2-ші жалпы қазақ сьезі өткізілді. Сьезі қазақ облыстарының териториялық-ұлттық автономиясын құру туралы шешім қабылдады, оны “Алаш” деп атады. 25 адамнан тұратын Алашорда үкіметінің басшысы болып Ә.Бөкейханов сайланды.
1918ж. мамыр, маусым айларында Петропавловск, Ақмола, Атбасар, Қостанай, Семей қалаларында Кеңес үкіметі құр.
Ақ гвардияшыларды оңтүстікке өткізбеу үшін 1918 жылдың жазында, Ақтөбе майданы құрылды. Ақ гвардияшыларды Сібір жақтан оңт. қарай өткізбеу үшін Солт. Жетісу майданы құрылды.
1920 жылы наурызына дейін Қазақстан жері ақтардан тазартылды.
Қазақстан 20-30 жылдарда.
1920ж. 26 тамызында қырғыз-қазақ АКСР-ін құру туралы декрет жарияланды. Ол РСФСР-дің құрамында болды, астанасы Орынбор қаласы болды. 1924 ж. қазақтар мекендеген Жетісу мен Сырдария облыстары Қазақ АКСР-нің құрамына қосылды. Астана Қызылорда қаласына көшірілді.
1925-1933 ж.ж. Қазақстан партия ұйымын Ф.Голощекин басқарды. Ол “Кіші қазан” идеясының авторы. Оның ойынша социалисттік революция қазақ ауылына соқпай, жанай өтті, онда большевиктердің ықпалы әлсіз, содықтан тап күресін өршітіп жаңа революция жасау қажет. Осы идеяны ол өзіне қарсы келген Т.Рысқұлов, С.Сәдуақасов, С.Сейфуллин, Қожанов, Мыңбаев сияқты қазақ ұлтының бетке шығарларын қудалау үшін пайдаланды.
Қазақстандағы индустрияландырудың алғашқы құрылысы Сібір мен Орта Азияны жалғастырған Түркістан-Сібір (Түркісип) темір жолы болды. Оның құрылысы 1927ж. көкек айында басталып, 1930ж. көкегінде аяқталды. Ұзындығы 1445км. Индустрияландыру жылдарында Шымкент қорғасын зауыты, Ащысай полиметалл комбинаты салынып, Текелі полиметалл, Жезқазған мыс қорыту комбинатының, Өскемен қорғасын-мырыш комбинатының құрылысы басталды. Нәтижесінде Қазақстан түсті металдан өндіру жөнінен Одақ бойынша 2-ші орынға, мұнай өндіру жөнінен 3-ші орынға шығып, Қарағанды КСРО-ның үшінші көмір базасына айналды.
Бірақ Қазақстандағы индустрияландыру тек шикі зат өндірі бағытында болды. Республиканың қазба байлықтары орталыққа тасылды. Мұнай, газ, металл өндіру, машина жасау, станок жасау, прибор жасау кәсіпорындары болған жоқ.
Ресейден қазақстанға көшіп келушілер көбейді. 20-30 ж.ж. аштық пен миграция салдарынан 1939ж. Қазақстанда қазақтардың үлес салмағы 38% төмендеді.
Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұйымдастыру дөрекі әкімшілік шаралар қолданып, күшпен зорлау арқылы, республиканың ерекшеліктері ескерілмей, алдын-ала дайындықсыз жүргізілді. Жергілікті халықты күштеп отырықшыландыру етек алды.
1928ж. 675 қазақ байларының мал-мүлкі тәркіленіп, өздері жер аударылды. Осының салдырынан 1931-1933ж. Қазақстанда бұрын болып көрмеген ашаршылық жайлап, республикада тұратын 6,2 миллион тұрғындардың 2,1 миллионы аштан қырылып, 1 миллионы шет елдерге көшіп кетті.
Мал шаруашылығы орны толмас шығынға ұшырады. Егер республикада ұжымдастыру қарсаңында 40,5 миллион мал боған болса, 1933ж. соның 4,5 миллионы қалды. Ұжымдастыруға қарсы республикада 372 көтеріліс болды. 20-30ж. республика мәдениеті үшін күрделі жылдар болды. Үлкен жетістіктермен қатар репрессиялар қазақ интеллигенциясын баудай түсіп, қырып жіберді.
1928ж. 44 бұрынғы “Алаш Орда” қайраткерлеріне “буржуазияшыл-ұлтшылдар” деген айып тағылып тұтқынға алынды. Олардың ішінде А.Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж.Аймауытовтар бар еді. 1930ж. ішінде М.Тынышбаев және
Х.Досмұхаммедовтар бар, тағы да 40 адам тұтқындалды. 1937-1938ж. репрессиялау жаппай сипат алды. Саяси қайраткерлер Т.Рысқұлов, С.Сәдуақасов, О.Исаев, О.Жандосов ақын-жазушылар С.Сейфуллин, Б. Майлин, І.Жансүгіров ғылымдар Қ.Жұбанов, С.Аспандияров атылып кетті. Қазақстанда 7 тұтқын лагерлері құрылды. Олардың ішіндегі ең ірілері «КарЛаг» және «Алжир» болды.
1937ж. Қиыр Шығыстан 100 000 кәрістер Қазақстанға көшіріп әкелінді. Осы жылы мыңдаған күрділер, түрктер, әзірбайжандар мен ирандықтар қазақстанға зорлап жер аударылды.
Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында.
1941ж. 22 маусым күні Ұлы Отан соғысы басталды. Соғыс жылдарында Қазақстаннан майданға 1млн. 366 000 адам қатысты. 20-дан астам атқыштар дивизиялары мен басқа да Әскери бөлімдер құрылды. Қазақстаннан майданға
14,1000автомобиль, 1,5000 трактор, 110,4000 ат пен 16,2000 арба жіберілді.
500 қазақстандық жауынгер Совет Одағының Батыры атағын алды. 4 қазақстандық Т.Бигелдинов, С.Луганский, И.Павлов және Л.Беда осындай атаққа екі рет ие болды. 2-кі қазақ қызы Ә.Молдағұлова мен М.Мәметова батыр атағын алды. Алғашқылардың бірі болып Рахымжан Қошқарбаев Рейстагқа ту тікті.
КСРО-ның батыс аймақтарын жаудан басып алуына байланысты Қазақстанның экономикалық маңызы арта түсті. Республикаға 200 кәсіпорын көшіріп әкеліп, қысқа мерзім ішінде майданға қажетті өнім бере бастады. Соғыс жылдарында Қазақстан бүкіл Одақта өндірілген мыстың 30% , марганец рудасының 60%, мыс рудасының 50%, висмуттың 65%, полиметалл рудаларының 70%, қорғасынның 85% берді.
Соғыс жылдарында бүтін бір халықтар Қазақстанға күштеп жер аударылды. 1941ж. күзінде 361 мың Еділ бойында тұратын немістер, 1943-1944ж. 507 мың балқар, қарашай, ингуш, чечен халақтары, 110 мың месхет түріктері, 180 мың қырым татарлыры жазалауға ұшырап, Қазақстанға депортациаланды.
Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда.
Соғыстан кейінгі интеллегенцияны қудалау қайта басталып, «Бекмахановтың ісі» деген науқат ұйымдастырылды. Соғыс жылдарында ол белгілі тарихшылар А.П.Кучкин, А.М.Панкратова, Б.Д.Греков, Н.М.Дружининдермен бірге Қазақстан тарихын жазуға қатымды. 1947 жылы “Қазақстан ХІХ ғ. 20-40-шы жылдарында” атты кітабын жариялады. Осыдан соң
болған ұлтшыл деген айып тағылып, 1952 жылы 2 желтоқсанда 25 жылға созылды. Ғылымдар А.Жұбанов, Қ.Жұмалиев, Б.Сүлейменов, Қ.Сәтбаев жазушылар М.Әуезов, Ю.Домбровский қудалауға ұшырады.
Тіптен қазақ халқының ұлттық эпосы да айыпталып, “Қобыланды”, ”Ер Сайын”, ”Шора батыр”, ”Ер Едіге” сияқты тарихи жырларға тиым салды.
Ақын-жазушылардың творчествосына идеологиялық бақылау күшейтілді.
1949ж. 29 тамызда Семей полигонында ең алғашқы ядролық заряд жарылды. 1964ж. дейін атмосферада 113 жарылыс жасалып, 1964 жылдан кейін сынақ жер астында өткізіле басталды. Барлығы 143 жарылыс жасалды. Бұл жарылыстар қазақстанға орасан зор экологиялық зардаптар алып келді.
1954ж. Қазақстанда Тың және тыңайған жерлерді игеру басталды. Тек 1954-1955ж. екі жылдың ішінде ғана республикада 18 млн. гектар тың жерлер игерілді. Осының нәтижесінде астық өндіру артып, ол жан басына шаққанда 2 мың кг. жетті.
Сонымен қатар тың игерудің жағымсыз жақтары да болды. 1960ж. дейін Қазақстанда 9 млн.-ға жер, жел эрозиясына ұшырап, құнарсызданды. 1954-1962ж. аралығына Қазақстанға Одақтың европалық бөлігінен 2 млн. жуық адам көшіп келді. Республикада қазақтардың үлес салмағы 30% қана болып, қазақ тілінің сақталуына қатер төнді.
Қазақстанның 70-80-ші ж.ж. әлуметтік-экономикалық дамуы.
1970-1985ж. аралығында республикада өнеркәсіп өнімі екі есе өсті. Павлодар және Шымкент мұнай өңдеу, Екібастұз және Ермак жылу электр станциялары, Қапшағай су электр станциясы, Жәйрем таукен байыту комбинаттары іске қосылды. Республиканың экономикалық потенциялы жаңа шикізат көздері мен отын энергетикалық ресурстарын игеру есебінен өсті. Қазақстан өнеркәсібінің 50 пайызы одақтық министірліктерге қарады. Олар республиканың табиғи байлықтары аяусыз тонап, орасан зор пайда тауып отырғанымен, өз пайдасының бір процентінен де аз бөлігін Қазақстан бюджетіне бөлді. Пайда табудың соңына түскен одақтық министрліктер республика мүддесін көзге де ілген жоқ . Әлуметтік салаларды дамыту, ұлттық кадрлар даярлау, қоршаған ортаны қорғау мәселелерінен бойларын аулақ салды.
Қазақстан өнеркәсібі шикізат өндіру бағытында ғана дамып, өңдеу салалары арта қалғандықтан, республика өз шикізатынан жасалған халық тұтынатын таурларын басқа республикалардан әлденеше есе қымбат бағаға сатып алуға мәжбүр болды. Осының салдарынан ұлттық табыс жылдан-жылға кеміп, өнеркәсіп дағдарысқа ұшырады.
Дағдарыс ауыл шаруашылығында да байқалды. Республика колхоз-совхоздарының өз шаруашылығынан пайда емес, зиян шегетіндерінің үлес салмағы 1985ж. 51 пайызға жетті. 1970-1985ж. аралығында қой етін өндіру 19 пайызға азайды. Әр гектарынан астық жылдан-жылға кеми түсті. Халықты азық-түлікпен қамтамассыз ету нашарлады.
Шаруашылықты басқарудың әміршіл-әкімшіліктің әдісі, орталықтың өктемдігі 80-ші жылдардың ортасында Қазақстан экономикасын дағдарысқа ұшыратты.
50-80 жылдардағы Қазақстан мәдениеті.
50-ші жылдың аяғында ой еңбегі мен дене еңбегін жақындастыру туралы Н.Хрущевтің идеясын іске асыру басталды. Жоғары оқу орындарына тасу үшін ендігі жерде талапкерлердің білімі емес, өндірістік стажы шешуші роль атқарды. Ғылымдар мен интеллегенция өкілдері жиі-жиі әртүрлі дене жұмыстарына жұмылдырылып отырды. Жоғары білімнің беделі төмендеді.
Қазақ әдебиетінің дамуына көрнекті жазушы М.Әуезов зор рөль атқарды. Оның 4 томдық «Абай жолы» романы 1959ж.
Лениндік силыққа ие болды. І.Еснберлин, Ә.Әлімжанов,Б.Момышулы, Ш.Мұртазаев, Ә.Кекілбаев,М.Мақатаев сияқты ақын-жазушылар халық арасынан кеіңінен табылды. Сонымен қатар ақындар мен жазушылар үстінен партия бақылау күшейе түсті. 1975ж. жарияланған О.Сүлейменовтың «АзиЯ» атты кітабы қатаң сынға ұшырап,тиым салынуы осының айғағы.
Екінші бір экологиялық проблема республикада су ресурстарының қатты азаюы. Арал теіңізіндегі су көлемі 2,5 есе кеміп, ұшырған тұзды жауын төңірегіндегі 1000-ған шақырым жерлерді улауда. Балқаш көлінде де осындай жағдай қалыптасуда. Көлдің су деңгейі 3 метрге төмендеп кетті.
Еліміздегі жер ресурстары да қиын жағдайда. 69,7 млн.гектар жер эррозияға ұшырап,жыл сайын шөл далаларға айналуда. Байқоңыр космодромы да Қазақстан экологиясына үлкен зиян тигізуде.
КСРО-ның ыдырауы. Республиканың тәуелсіздігін жариялау.ТМД-ның құрылуы.
1991ж. 19 тамыз күні елде мемлекеттік төңкеріліске әрекет жасалып, төтенше жағдай жөніндегі комитет құрылғандығы жарияланды. Президент М.С.Горбачев биліктен шеттетілді. Бірақ тамыз бүлігі жеіңіліске ұшырап,оған қатысушылар қамауға алынды. Бұл оқиға КСРО-ның біржола ыдырауын тездетті.
Қыркүйек айының жеті күні Қазақстан комунистік партиясы таратылып, республика іс жүзінде дербестіккеқол жеткізді. 1991ж. 1 желтоқсанында өткен бүкілхалықтық сайлауда Н.Назарбаев республика болып сайланды. 10 желтоқсанда Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атын өзгертіп оны Қазақстан Республикасы деп атау туралы шешім қабылданды. 1991ж. 16 желтоқсанында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» констититутциялық заң қабылданды және бұл күн «Тәуелсіздік күні»ретінде атап өтіледі.
1991ж. 8 желтоқсанда Минск қаласының маңындағы Беловежьеде Рессей, Белоруссия, Украйна басшылары бас қосып КСРО мемлекетінің таратылғанын жариялады. 13 желтоқсанда болған Қазақстан және орта Азия Республикалары жетекшілерінің кездесуінде” Беловежье” келісіміне қолдау көрсетілді. Әзірбайжан, Армения, Белорусь, Грузия, Қазақстан. Қырғызстан, Молдава, Рессей, Тәжікстан, Түркменстан, Өзбекстан республикаларының жетекшілері 21 желтоқсанда Алматы бас қосып, тәуелсіз мемлекеттер достастығые (ТМД) құру туралы қол қойды.
1992ж. наурызында Қазақстан Біріккен Ұлттар ұйымының (БҰҰ) мүшелікке алынып, оны дүнме жүзі қауымдығы таныды.
Қазақстан Республикасының конститутциясы.
1993ж. қаңтар айында тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясы қабылданды. Уақыт өткен сайын, реформалар тереңдеген сайын бұл Конституцияның әлсіз жақтары сезіле бастады. Сондықтан 1995ж. 30 тамызда болған бүкіл халықтық референдумда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды.
Оның ең бірінші бабында Қазақстан Республикасы демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет болып табылды,оның ең жоғарғы құндылығы адам, оның өмірі, құқығы мен бостандықтары деп атап көсетілген. Қазақстан унитарлық мемлекет болып табылады,яғни оның территориясында басқа ұлттық құрылымдарға жол берілмейді. Мемлекеттік тілі қазақ тілі. Орыс тілі ресми тіл ретінде қолданылды.
Басқару формасы жағынан Қазақстан Президенттік Респулика болып табылады. Президент — мемлекет басшысы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілі және мемлекеттің ішкі, сыртқы саясатының негізгі бағыттарын белгілейді, мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының үйлесімді қызмет етуін қамтамассыз етеді. Президент 7 жылға сайланады. Республиканың Жоғарғы Заң шығарушы органы Парламент болып табылады. Ол екі палатадан – Сенат және Мәжілістен тұрады. Атқарушы билік қызметін Республика Үкіметі атқарады. Сот билігін сот органдары атқарады.
Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясаты.
1992ж. наурызында Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшесі болып қабылданып, оны дүние жүзлік
қауымдастық тәуелсіз, дербес мемлекет ретінде таныды. Қазақстан сыртқы саясатының ең басты мақсаты тәуелсіздікті сақтау. Сондықтан да Қазақстан дүние жүзінің барлық елдерімен де достық қатынастар орнатып, олармен саяси, экономикалық мәдени байланыстарды дамыту.
Ең жақын көршілеріміз Ресей, Қытай, Орта Азия республикаларымен достық қатынастардың маңызы зор. Таяу және
Орта Шығыс елдерімен де байланыстар дамуда. Әсірісе ірі демократиялық өнеркәсіпті елдермен байланыстарды нығайту аса қажет. АҚШ бастаған бұл елдер Қазақстанның тәуелсіз болуы өздерінің ұлттық мүддесіне сай келетіндігін түсіне бастады. Олар республикамызға көптен инвестиция әкелуде.
Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы, Халқаралық валюта қоры, дүние жүзлік банк, Азия банкі, Ислам банкі сияқты халқа — ралық ұйымдардың да қолдануына сүйенуде.
Қазақстандағы демократиялық өзгерістер.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін саяси реформалар қолға алынып, заң шығарушы және атқарушы билік тармақтарын ажыратуға бағытталған шаралар жасалды. 1993 жылдың қаңтарында тәуелсіз қазақстанның тұңғыш конституциясы қабылданды. Қазақстан унитарлық, зайырлы және демократиялық республика деп жарияланды. Саяси жүйені онан әрі реформалау 1995ж. 30 тамызда жаңа Конституция қабылдауға алып келді. Заң шығару билігі екі палатадан, Сенат және Мәжілістен тұратын парламентке берілді. 1995ж. 29 көкегінде болған референдум президент Н.Назарбаевтың өклеттігін 2000ж. 1 желтоқсанына дейін ұзартты.
1998ж. соңында президент өз өклеттігінен бас тартатынын жариялап, жаңа сайлау белгіледі. 1999ж. 10 қаңтарында өткен сайлауда Қазақстан халқының көпшілігі реформаларды онан әрі жалғастыруға бағытталған саясатты қолдайтынын көрсетіп, Н.Назарбаевті қайта президент етіп сайлады. Сайлау қазақстан тарихында тұңғыш рет баламалы түрде өтті.
1995ж. наурыз айында Қазақстан халықтарының Асамблеясы құрылды. Қазақстан көп ұлтты ел болғандықтан Асамблея осы ұлттардың мүддесін білдіріп, олардың ынтымағын, бірлігін сақтайтын кеңесші орган. Қазақстан халықтарының тілі мен мәдениетін, әдет-ғұрыптарын дамытуға ұлттық мәдени орталықтар көмектеседі.
Қазақстанның қазіргі экономикалық жағдайы.
Қазақстан КСРО-ның терең саяси-экономикалық дағдарысы жағдайында тәуелсіздік алды. Сондықтан басты мақсат финанс және кредит жүйелерін тұрақтандырып, өндіріс деңгейінің құлдырауын азайтатын рыноктык механизмдер құру болды. Экономикалық реформаның басты бағыты экономикалық қатынастарды либераландыру, жекешелендіру негізінде меншіктің түрлерін өзгерту, кәсіпкерлікті дамыту, шетел инвестициясын көптеп тарту болды. Финанас жүйесін тұрақтандыру 1993ж. қараша айында ұлттық валюта-теңгені енгізу арқылы жүзеге асырылды. Осының нәтижесінде 1995ж инфляция деңгйін айына 4 процентке дейін төмендетуге қол жетті.
Алайда басталған дүниежүзілік экономикалық дағдарыс, әсіресе Ресейдегі дағдарыс Қазақстан экономикасына да кері әсер етті. Ресей рублінің қатты құнсызданып кетуі Қазақстан рыногын арзан Ресей таурларына толтырып, жергілікті тауар өндірушілерге зиянын тигізді. Екінші жағынан дүниежүзілік мұнай бағасының күрт арзандауы да көп зиян әкелді. Осындай қолайсыз жағдайларды бастан кешірген Қазақстан экономикасы енді-ендң ғана тұрақтанып, есін жия бастады, соңғы кезде өндірістің өсуі байқалады.
Президент Н.Назарбаев республика халқына жолдауы:”Қазақстан-2030”
Ел Президенті 1997ж. аяғында өзінің Қазақстан халқына Жолдауында республикамыздың ұзақ мерзімге арналған стратегиялық даму бағдарламасын ұсынды. Бұл бағдарлама бойынша шамамен 30 жыл ішінде халқының әл-ауқаты жоғары, саяси жағынан тұрақты, тәуелсіз елге айналуы тиіс. Белгіленген мақсатқа жету үшін жеті басымдылықты іске асыруы қажет.
1. Ұлттық қауіпсіздік. Қазақстанның территориялық тұтастығын сақтай отырып, оның тәуелсіз мемлекет ретінде дамуын қамтамассыз ету.
2. Қоғамның ішкі саяси тұрақтылығы мен ұлттық бірлікті сақтай білсек қана мақсатқа жетуіміз мүмкін.
3. Ашық рыноктың экономика, шетелдік инвестиция мен ішкі қаржыға негізделген экономикалық өсу.
4. Қазақстан азаматтарының денсаулығы мен білім алуы.
5. Энергетикалық ресурстар. Еліміздің бай энергетикалық ресурстарын экономиканың дамуы мен халықтың тұрмысын жақсартуға тиімді жасау.
6. Инфрақұрылым, әсіресе көлік пен байланыс.
7. Кәсіпқой мемлекет.
Қойылған стратегиялық мақсатқа жету үшін қажетті нәрсенің бәрі елімізде бар.
1-ден: Еліміз тәуелсіздік алып, дербес даму жолына түсті.
2-ден: Еліміздің экономикалық және саяси жүйесі түбірінен өзгеріске ұшырады.
3-ден: Халқымыздың білім деңгейі мен творчестволық потенциялы жоғарылады.
4-ден: Еліміздің бай табиғи ресурстары.
5-ден: Еліміздің ұлан байтақ жерлері.
Міне, осы аталған жағдайлар тиімді пайдаланып, алға қойылған мақсаттарға жетуге жұмылдыруы тиіс. Бүгінгі жас ұрпақтар алдынан даңғыл жол ашылып отыр. Олардың әрқайсысының ортақ іске өз үлесін қосу мүмкіндігі бар.
ХХғ. Қазақстандағы әлуметтік демографиялық процестер.
1897ж. халық санағы бойынша Қазақстан территориясында қазақтар 81,7%, орыстар 10,9%, Украйндар 1,9% пройтті болған болса, 1914ж. шығыс Словяндардың үлес салмағы 29,6% дейін көбейді. Патша үкіметі қазақ жерлеріне басқа ұлт өкілдерін қоныстандыруды жоспарлы түрде жүргізіп отырды.
Осындай саясат Кеңес өкіметі тұсында да жалғасты. Егер қазақтардың республикадағы үлес салмағы 1926ж. 75,6% болған болса, 1939ж. 38% болды. Осылайша қазақ халқы өз жерінде ашшылыққа айналды.
Орталықтың қоныстандыру саясатының келесі кезеңі тың игерумен байланысты. Тек 1954-1962ж. ішінде Қазақстанға 2млн. адам көшіп келді. Осының салдарынан 1959ж. республикада қазақтардың үлес салмағы 42,7% көтерілді. Бұл жағдай қазақ халқының болашағына үлкен қатер төндірді. 1991ж. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін халықтың көшіқон процесінде жаңа құбылыс басталды. Ол республикадан басқа ұлт өкілдерінің көшіп кете бастауымен және тағдырдың айдауымен шет елдерде жүрген қазақтардың тарихи отанына қайта оралу процесінің бастауымен байланысты.
Қазақстан республикасының мемлекеттік рәміздері.
1992ж. 4 маусымында Қазақстан республикасының мемлекеттік рәміздері бекітілді. Сол жағында ұлттық өркен салынған, ортасында алтын түстес күн мен шарықтаған бүркіттің бейнесі бар, тудың түсі ашық көгілдір. Бұл түс жалпы адамдық біртұтастықты, оларға көгілдір аспанның бір екенлігін көрсетеді. Әлем көптеген ұлттармен діндерге бөлінеді, бірақта аспан олар үшін біреу-ақ. Күн өмір мен энергияның көзі. Сол себепті күннің бейнесі тіршіліктің бейнесі болып табылады. Бүркіт бостандықтың, биікке ұмтылудың, болашаққа қол созудың белгісі, жас, тәуелсіз Қазақстанның әлемдік өркениет биігіне ұмтылуын білдіреді. Тудың авторы суретші Шәкен Ниязбеков.
Елтаңба толық шеңбер кескінін береді, ол тіршілік, мәңгілік белгісі. Шаңырақ от басы амандығының, бейбітшілік пен тыныштық айғағы елімізде тұратын барлық ұлттардың ынтымығының белгісі. Елтаңба композициясын құрып тұрған және бір маңызды элемент ай мүйізді, алтын қанатты қос пырақ бейнесі. Жылқы пір тұтар қазақ халқы үшін айрықша қасиетті жануар. Елтаңбаның ортасында орналасқан бес бұрышты жұлдыз біздің құшағымыз бен жүрегіміз, бес құрлыққа ашық екендігін көрсетеді. Көк аспан болса әлемнің барша халықтарына ортақ деген сөз. Бұл біздің жер бетіндегі барлық
елдермен бейбітшілікке, достық пен бірлікке өмір сүргіміз келетіндігін аяндайды.
Елтаңбаның авторлары: Жандарбек Мәлібеков пен Шотаман Уәлиханов.
Ән ұранның сөзін жазғандар: Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев, Жадыра Дәрібаева.
Музыкасын 1944ж. компазиторлар: Мұқан Төлебаев, Евгени Брусиловский, Латив Хамиди жазған.
Ән ұранның басты идеясы қазақ халқы бостандық пен тәуелсіздік үшін ғасырлар бойы күрес жүргізген, ар-ұят, әділеттік, шындық ұғымдарын жоғары қойған қазақ даласы көптеген халықтарға пана болған дегенге келіп саяды және еліміздің барлық тұрғындарын бірлікке, ынтымаққа үндейді.
Тарихи оқиғалар көрсеткіші.
Б.з.б. 2,5 млн. 700 мыңыншы жылға дейін Олдувей дәуірі.
Б.з.б. 700 мыңнан 150-120 мыңыншы жылға дейін Ащел дәуірі.
Б.з.б. 150-120 мыңнан 35 мың жылға дейін Мустье дәуірі.
Б.з.б. 35 мыңнан 12-10 мың жылға дейін Кейінгі Палеолит.
Б.з.б. ХІІ мың жылдықтан V мың жылдыққа дейін Мезолит.
Б.з.б. V-ІІІ мың жылдықтар Неолит.
Б.з.б. ХVІІІ-ІХғ.ғ. Қола дәуірі.
Б.з.б. VІІІ-VІғ.ғ. Қазақстан аумағындағы тайпалық одақтардың құрылуы.
Б.з.б. 518ж. – І Даридің Сақтарға жорығы.
Б.з.б. VІ-ІІІғ. – “Есік” облысынан табылған « Алтын киімді адам » жерленген.
Б.з.б. ІVғ. — Б.з. ІІІғ. – Ғұндардың тайпалық бірлестігінің құрылуы.
Б.з.б. ІІІ-ІІғ.ғ. б.з. Vғ. – Үйсіндер мен Қаңлылар бірлестігі.
Б.з.б. ІІғ. Б.з. ХVғ. бас кезі – Ұлы Жібек жолы қызмет істеп тұрған.
542 ж. — “Түрік” атауының шығуы.
552 ж. – Түрік қағанатының құрылуы.
568 ж. — Тараздың жазба деректемелерінде алғаш рет аталуы.
603 ж. – Түрік қағанатының Батыс және Шығыс қағанаттарға бөлінуі.
603-704 ж.ж. – Батыс Түрік қағанаты.
704-756 ж.ж. – Түргеш қағанаты.
ХVІІІғ. 30 жылдары деректемелерінде Отырар (Фарап) туралы алғаш рет айтылуы.
766-940 ж. ж. – Қарлұқтар мемлекеті өмір сүрген.
VІІІғ. – Қазақстан тұрғындарының Ислам дінін қабылдай бастауы.
ІХғ. соңы – ХІғ. басы Оғыздар мемлекеті.
870-950 ж.ж. — Әбу Насыр Мұхаммед Әл-Фараби өмір сүрді.
893 ж. ХІғ. басы Қимақ мемлекеті.
942-1212 ж.ж. – Қарахандар мемлекеті.
960 ж. – Исламның Қарахандардың мемлекеттік діні болып жариялануы.
965 ж. – Оғыз Жабғуының Киев князьі Святаславпен әскери одағы; Хазар қағанатының талқандауы.
985 ж. – Князь Валдимирдің Түріктермен (Оғыздармен) одақтасып, Еділ Булгариясына жасаған жорығы.
ХІғ. басы 1219 ж. – Қыпшақ хандығы.
ХІғ. ІІ жартысы – Дешті Қыпшақ (Қыпшақ даласы) атауының пайда болуы.
ХІғ. – Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашқари өмір сүрді.
ХІ-ХІІғ.ғ. – Айша Бибі кесенесінің салуы.
1206-1227 ж. – Шыңғыс ханның ел билеуі.
1219-1224 ж. Қазақстан мен Орта Азияны моңғолдардың жаулап алуы.
1219-1220 ж. Моңғолдардың Отырарды қоршап алуы және қиратуы.
1227-1242 ж.ж. Шағатай ханның ел билеуі.
1227-1255 ж.ж. Батый ханның ел билеуі.
1236-1242 ж.ж. Батыйдың Руське және Шығыс Еуропаға жорығы.
1243 ж. Алтын Орданың құрылуы.
1245-1247 ж.ж. – Плано Карпинидің Қазақстан аумағы арқылы Моңғолияға сапары.
1257-1266 ж.ж. – Берке ханның (Алтын Орда) ел билеуі.
1269 ж. – Шағатай әулеті мемлекетінің құрылуы.
1271-1272 ж.ж. – Отырарда күміс теңгелерінің шығарыла бастауы.
1312-1342 ж.ж. — Өзбек ханның (Алтын Орда) ел билеуі.
1346 ж. – Моғолстанның құрылуы.
ХІVғ. ІІ ширегі – Ақ Орданың Алтын Ордадан бөлінуі.
1370 ж. – Асан Қайғы жырлаудың шамамен алынған туған жылы.
1370-1405 ж.ж. Темірдің ел билеуі.
ХІVғ. 70-90 жылдары – Темірдің Ақ Орда мен Моғолстан аумағына жорықтары.
1380-1395 ж.ж. – Тоқтамыс ханның (Алтын Орда) ел билеуі.
1397-1398 ж.ж. – Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің салына бастауы.
ХІVғ. аяғы ХVғ. ІІ ширегі – Ноғай Ордасы.
ХІVғ. – ХVғ. алғашқы ширегі – Қазақстанның оңт. мен солт. шығысында қала мәдениеті, егіншілік пен қол өнердің жандануы.
1409-1449 ж.ж. – Ұлықбектің Орта Азияда ел билеуі.
1422 (23) 1428 ж.ж. – Барақ ханның (Ақ Орда) ел билеуі.
1428-1468 ж.ж. — Әбілхайырдың Шығыс Дешті Қыпшақта ел билеуі.
1433 (35) – 1462 ж.ж. – Есен-Бұға ханның (Моғолстан) ел билеуі.
1457 ж. — Әбілхайыр хан әскерлерінің Ойраттармен шайқасы.
ХV ғ. 50-60 ж. – Қазақ халқы қалыптасуының аяқталуы.
1466 ж. – Қазақ хандығының құрылуы.
1468 ж. — Әбілхайыр ханның Моғолстанға жорығы.
1480-1411 ж.ж. – Бұрындық ханның ел билеуі.
ХV ғ. аяғы – Сібір хандығының құрылуы.
ХV ғ. аяғы – ХVІ ғ. басы – Моғолстан мемлекетінің өмір сүруін тоқтатуы.
ХV ғ. аяғы — ХVІ ғ. басы – Жалпы ұлттық қазақ тілінің қалыптасуының аяқталуы.
1500-1508 ж.ж. – Мұхаммед Шайбанидің Орта Азияны жаулап алуы. Темір әулетінің құлауы.
1509-1510 ж.ж. — Мұхаммед Шайбани ханның қазақ жерлеріне жорығы.
1511-1518 ж.ж. – (немесе 1523) – Қасым ханның ел билеуі.
1538-1580 ж.ж. – Хақназар ханның ел билеуі.
1581-1582 ж.ж. – Ермактың Сібірге жорығы.
1583 ж. кейін – Тәуекел ханның ел билеуі.
1598-1628 ж.ж. – Есім ханның ел билеуі.
1635 ж. – Жоңғар хандығының құрылуы.
1643 ж. – Орбұлақ шайқасы.
1680-1718 ж.ж. – Тәуке ханның ел билеуі.
XVII ғ. аяғы – Тәуке ханның “Жеті жарғы” заңдары.
1718 ж.- Семей қаласы салана бастады.
1720 ж. — Өскемен қаласы салына бастады.
1723-1729 ж.ж. – “Ақтабан шұбырынды – Алқакөл сұлама.”
1728 ж. – Бұланты өзенінің жағасындағы қазақтардың жоңғарлар мен шайқасы.
1731 ж. – Кіші жүздің Ресейге қосыла бастауы.
1748 ж. — Әбілхайыр ханның өлтірілуі.
1748-1786 ж.ж. – Нұралы ханның кіші жүзде билік құруы.
1753 ж. – Петропавол қаласының салынуы.
1771-1781 ж.ж. – Абылай ханның билігі.
1781-1819 ж.ж. – Уәли ханның орта жүздегі билігі.
1783-1797 Сырым Датұлы бастаған қазақ шаруаларының көтерілісі.
1791-1794 ж.ж. – Ералы ханның кіші жүздегі билігі.
1797 ж. тамыз – Кіші жүзде хан кеңесінің құрылуы.
1801 ж. Бөкей хандығының (Ішкі орда) құрылуы.
1821 ж. – Оңт. Қазақстан қазақтарының Қоқон феодалдарының қанауына қарсы көтерілісі.
1822 ж. – “Сібір қазақтары туралы ереженің” жүзеге асып, Орта жүзде хан билігінің жойылуы.
1822-1854 ж.ж. – Бөкей ордасындағы Жәңгір ханның билігі.
1824 ж. – Ақмола қаласының орнауы.
1824 ж. – Кіші жүзде хандық биліктің жойылуы.
1824-1844 ж.ж. – Орта жүзде сыртқы окруктардың құрылуы.
1836-1837 ж.ж. – Исатай Тайманұлы бастаған көтеріліс.
1837-1847 ж.ж. – Кенесары Қасымұлының Ресей отаршылығына қарсы азаттық қозғалысы.
1854 ж. — Верный (қазіргі Алматы) бекінісінің іргесі қаланды.
1854 ж. — Семей облысының құрылуы.
1856 ж. қыркүйек – 1857 ж., қаңтар – Сырдария қазақтарының көтерілісі.
1860 ж. Ұзынағашта (Жетісу) Қоқан әскерінің күйрей жеңілуі.
1864 ж. Патша әскерінің Меркі, Түркістан, Әулиеата, Шымкентті алу.
1867 ж. Түркістан генерел-губернаторлығының құрылуы.
1869 ж. Орал, Торғай облыстарындағы көтеріліс.
1872 ж. Бөкей хандығының Астрахань губерниясының жеріне қосылу.
1881-1884 ж.ж. – Ұйғыр мен Дүнгендердің Жетісуға қоныс аударуы.
1889-1905 ж.ж. – Орынбор Ташкент темір жолының салынуы.
1901 ж. – Успен руднигіндегі ереуіл.
1911 ж. – Доссорда мұнай кәсіпшілігінің ашылуы.
1916 ж. – Маусым Қазақстанда ұлт азаттық қозғалыстың басталуы.
1916 ж. – Маусым,көкек Орынборда, Верныйда, (Алматы), Әулиеатада (Жамбылда), Перовскіде (Қызылордада), Семейде, Шымкентте жұмысшы және солдат депутаттары Кеңесінің құрылуы.
1917 ж. қазан,қараша айлары – Перовскіде, Әулиеатада, Шымкентте, Орынборда кеңес үкіметінің орнауы.
1917 ж. – “Алаш” партиясы құрылды.
1918 ж. – қаңтар,наурыз Ақтөбеде, Павлодарда, Семейде, Верныйда (Алматыда), Кеңес өкіметі орнады.
1919 ж. 10 шілде – РКСФР халық комиссарлар кеңесінің “Қырғыз өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитеті туралы” декретке В.И. Ленин қол қойған.
1920 ж. 26 тамыз В.И.Ленин мен М.И.Калинин “Афтономиялы Қырғыз (Қазақ) Кеңес Социалисттік Республикасын құру туралы” декретке қол қойды.
1921 ж. – Жаңа экономикалық саясатқа көшу.
1921 ж. – ақпан Жетісу мен Сырдария облыстарында жер-су реформасының жүргізіле бастауы.
1925 ж. – 15-19 көкек Қазақ АКСР Кеңестерінің V сьезі. Қазақ халқының тарихи атын қалпына келтіріп Қырғыз АКСР-ін Қазақ АКСР-і деп атау туралы қаулы.
1925 ж. 20 мамыр Қазақ АКСР Орталық атқару Комитеті мен Халық комиссарлары Кеңесінің егістік және шабындық жерлерді қайта бөлу туралы қаулысы
1928 ж. 27 тамыз қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетінің ірі байлардың мал-мүлкін конфескілеп, оларды жер аудару туралы декретті.
1928 ж. 20 желтоқсан – Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетінің латын алфавитіне көшу туралы қаулысы.
1929-1932 ж.ж. – Күштеп ұжымдастыру саясаты.
1929 ж.1 мамыр – Түркістан Сібір (Түркісіб) темір жолының ашылуы.
1931-1933 ж.ж.- Жаппай ашаршылық.
1932 ж. ақпан Қазақстанда алты облыстың: Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Батыс Қазақстан және Оңт. Қазақстан облыстарының құрылуы.
1934 ж. қаңтар Шымкент қорғасын зауытының бірінші кезегінің іске қосылуы.
1936 ж. Қазақ АКСР-ң Одақтас Республика болып қайта құрылуы.
1937-1938 ж.ж. – Жаппай жазалау науқаны.
1940 ж. 10 қараша Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қазақ тілін орыс графикасына негізделген жаңа алфавитке көшіру туралы заң қабылдау.
1941-1945 ж.ж. – Ұлы Отан соғысы.
1941 ж. 16 қараша 28 гвардияшылардың Мәскеу түбіндегі Дубосекова резьезіндегі қаһармандық ерлігі.
1945 ж. 26 қазан КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастыру туралы қаулысы.
1954 ж. 28 ақпан — Тың игерудің басталуы.
1956 ж. 10 қазан – Қазақстанның колхоздары мен совхоздары мемлекетке 1 миллиард 340 мың пұт астық тапсырды.
1957 ж. шаруашылық реформалар, Совнорхоздардың құрылуы.
1965 ж. шаруашылық реформалар. Шаруашылық есептің енгізілуі.
1978 ж. – Қазақ АКСР Конституцияның қабылдануы.
1979 ж. – Целиноград оқиғасы.
1985 ж. – Қайта құрудың басталуы.
1986 ж. 17 желтоқсан – Г.В.Колбиннің Қазақстан комунисттік партиясы Орталық Комитеті бірінші хатшысы болып сайланумен байланысты республика жастарының наразылығы.
1989 ж. маусым – Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің хатшысы болып Н.Ә.Назарбаев сайланды.
1990 ж. 24 көкек Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Н.Ә.Назарбаевты республиканың алғашқы президенті етіп сайлады.
1990 ж. – Қазақстанда “Азат”, “Желтоқсан” және т.б. саяси қозғалыстар мен партиялар құрылды.
1990 ж. қазан – Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің IV сессиясында мемлекеттік меншікті жекешелендіру жөнінде арнайы Заң қабылданды.
1991 ж. қыркүйек – Қазақстан компартиясының төтенше сьезінде оның қызметі тоқтатылды деп жарияланды.
1991 ж. – Қазақстан Социалистік, Халық Конгресі партияларының құрылуы.
1991 ж. 16 желтоқсан – Қазақстан республикасы егеменді, өз алдына тәуелсіз мемлекет деп жариялады.
1991 ж. 21 желтоқсан – Алматы қаласында 11 республикалардың (Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан,
Қырғыстан, Молдава, Ресей, Украйна, Өзбекстан, Түркменстан) өкілдері қатысқан кездесу болды. Онда тең құқықтық жағдайдағы Тәуелсіз мемлекеттер Достастығы құрылғандығы жөніндегі шартқа қол қойды.
1992 ж. наурыз – Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданды.
1992 ж. 4 маусым – парламент отырысында Қазақстан республикасының мемлекеттік рәміздері – Ту, Елтаңбасы және Ән ұраны қабылданды.
1992 ж. тамыз – Бүкіл дүние жүзіндегі қазақтардың саны 10 млн. 500 мың адамға жетті.
1992 ж. қазан – Алматыда дүние жүзі қазақтарының құрылтайы болып өтті.
1993 ж. 28 қаңтар – Егемен Қазақстанның тұңғыш Конституциясы қабылданды.
1993 ж. ақпан – Саяси ұйым “Қазақстанның халық бірлігі одағы” құрылды.
1993 ж. қазан – Ұлттық теңгенің енгізілуі.
1995 ж. 30 тамыз – Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды.
1997 ж. – Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған “Қазақстан 2030” жолдауы жарияланды.
1998 ж. – Қазақстанның астанасы Ақмола қаласына көшірілді.
1999 ж. 10 қаңтар – Н.Ә.Назарбаев жеті жылға президент болып қайта сайланды.
1 ВАРИАНТ.
1.Неолит дәуірінің қамтитын кезеңі
A) Б.з.д. 80-40 мың жылдықтар
B) Б.з.д. 5-3 мың жылдықтар
C) Б.з.д. 140-40 мың жылдықтар
D) Б.з.д. 30-10 мың жылдықтар
E) Б.з.д. 200-140 мың жылдықтар
2. Андроновтықтарда үй ішінде қатты құрметтелетін орын
A) төсек
B) төр
C) босаға
D) шаңырақ
E) ошақ
3. Қазақстан жерінің негізгі бөлігін б.з.д. VII-IV ғ.ғ. мекендеген тайпалар
A) Аландар
B) Үйсіндер
C) Сақтар
D) Түркілер
E) Қаңлылар
4. Оғыз қоғамындағы жабғудың орынбасарлары қандай лауазымды иеленді?
A) Жабғу
B) Бұйрық
C) Күл еркін
D) Елтебер
E) Сюбашы
5.Қожа Ахмет Яссауи кесенесі қай жерде
A) Таразда
B) Меркеде
C) Отырарда
D) Түркістанда
E) Сығанақта
6. «Несториандық» христиандарды қудалауға негіз болған 431 жылғы жоғары дін басыларының жиналысы
A) Никей соборы
B) Эфес соборы
C) Византия соборы
D) Ватикан соборы
E) Рим соборы
7. Алтын Орда қай ғасырда бір жола құлады
A) XIV ғ. соңында
B) XVI ғ. ортасына қарай
C) XIV ғ. ортасына қарай
D) XVI ғ. соңына қарай
E) XV ғ. ортасына қарай
8. Ақ Орда Алтын Орданың құрамынан дербес хандық болып қай хан тұсында бөлініп шықты
A) Орда Ежен
B) Ерзен
C) Барақ
D) Тоқтамыс
E) Шайбани
9. Жәнібек және Керей хандардың есімімен байланыстыны көрсетіңіз.
A) Ресеймен дипломатиялық қатынастардың орнатылуы.
B) Шайбандықтар билігінің қалпына келтірілуі.
C) Қытаймен дипломатиялық қатынастардың орнатылуы.
D) Жоңғарлармен күрес.
E) Қазақ хандығының құрылуы.
10. XVI-XVII ғасырлардағы бекініс, сауда және қолөнер орталығы.
A) Испиджаб.
B) Сайрам.
C) Созақ.
D) Талас.
E) Отырар.
11. Жоңғар тағы мұрагерлерінің бірі, Қытайлардан жеңіліс тауып, орта жүз ханы Абылайдан көмек сұраған.
A) Әмірсана
B) Даваци
C) Қалдан-Церен
D) Қанси
E) Цеван-Рабтан
12. Ноғай ордасында саны жағынан ең көп тайпа … болды.
A) Наймандар
B) Қыпшақтар
C) Маңғыттар
D) Дулаттар
E) Арғындар
13. Ғұн қоғамында шаньюйдің жақын туыстары … деп аталды.
A) Жүзбасы
B) Бек
C) Бұдұн
D) Жабғы
E) Түменбасы
14. 1917 жылы қарашада Торғай ошағындағы көтерілісшілердің саны
A) 20 мың адам.
B) 30 мың адам.
C) 40 мың адам.
D) 50 мың адам.
E) 60 мың адам.
15. ХІХғ. соңында жұмыс орнын өз еркімен тастап кеткендерге қолданылған жаза түрі.
А) 3 айға дейін абақтыға қамау.
В) 3 айға дейін тегін қоғамдық жұмысқа тарту.
С) 3 жылға дейін абақтыға жабу.
D) Дүре соғу.
Е) Ескерту жасау.
16. Шоқан Уәлихановты әлемге әйгілі еткен қандай еңбегі.
А) “Манас” туралы зерттеуі.
В) Қашқар сапарынан туған еңбек.
С) Алатау қырғыздары туралы еңбегі.
D) Қазақтар туралы этнографиялық еңбек.
Е) Ыстықкөлді картаға түсіру.
17. 1916 жылғы ұлт-азаттық соғыстың негізгі қозғаушы күштері.
А) жұмысшылар, жаңа туып келе жатқан буржуазия, қолөнершілер.
В) ауыл старшындары, ұлттық интеллигенция, жұмысшылар.
С) ұлттық қолөнершілер, қазақ жұмысшылары, шаруалар.
D) шаруалар, болыс бастықтары, ауыл старшындары.
Е) шаруалар, болыс бастықтары, туып келе жатқан ұттық буржуазия.
18. 1919 жылы Шығыс майданның Оңт. тобын басқарған.
А) К.Ворошилов.
В) Д.Фурманов.
С) М.Тухачевский.
D) М.Фрунзе.
Е) В.Куйбышев.
19. 1924 ж. 1 қаңтарынан бастап шаруаларға салықтың қандай түрі енгізілді?
А) Малмен және ақшамен төлеу.
В) Ақшалай төлеу.
С) Малмен төлеу.
D) Ақшамен және астықпен төлеу.
Е) Астықпен төлеу.
20. Түркісібті салуда қанша адам еңбек етті?
А) 200 мың адам.
В) 50 мың адам.
С) 150 мың адам.
D) 100 мың адам.
Е) 250 мың адам.
21. Қазақстанда ашаршылық жылдарына дейін қанша халық болды, қаншасы ашаршылық жылдарында қайтыс болды.
А) 4,2 млн. адам болды, 2 млн. адам қаза болды.
В) 7,2 млн. адам болды, 2,1 млн. адам қаза болды.
С) 3,2 млн. адам болды, 1,5 млн. адам қаза болды.
D) 5,2 млн. адам болды, 2,1 млн. адам қаза болды.
Е) 6,2 млн. адам болды, 2,1 млн. адам қаза болды.
22. 1940 ж. колхоз және совхоз егістіктерінде қанша трактор жұмыс істеді.
А) 25 000.
В) 46 000.
С) 30 000.
D) 41 000.
Е) 35 000.
23. 1926 жылы Әулиеатада археологиялық қазба жұмысын жүргізген атақты археолог.
А) Арцеховский.
В) Алпысбаев.
С) Акишев.
D) Марғұлан.
Е) Массон.
24. “Ресей кең-байтақ, бірақ шегінерге жер жоқ, артымызда – Мәскеу” деген өшпес сөздерді кім айтты?
А) И.Панфилов.
В) Л.Владимирский.
С) Е.Рыков.
D) Т.Тоқтаров.
Е) В.Клочков.
25. Қазақстан териториясындағы “Халық жаулары” әйелдеріне арналған лагерь.
А) Карлаг.
В) Гулаг.
С) Степлаг.
D) Алжир.
Е) Сиблаг.
26. 1954 жылғы тарихи оқиға.
А) Түркісіб теміржолы торабы ашылды.
В) Алматы қаласы ҚазКСР-ң астанасы аталынды.
С) Тың және тыңайған жерлерді игеру басталды.
D) Қазақстан Республикасы құрылды.
Е) Адам ғарышқа ұшты.
27. Қаракөл терілері халықаралық көрме мен жәрмеңкелерде көрсетілген шопан Қуанышбаев Жазылбектің шыққан жері.
А) Жамбыл облысы.
В) Талдықорған облысы.
С) Шымкент қаласы.
D) Шығыс Қазақстан облысы.
Е) Павлодар облысы.