23-сабақ
1. Сабақтың тақырыбы: Қабанбай батыр. Сөз тұлғасы. Негізгі және туынды түбір.
2. Сағат саны: 2 90 (100%)
3. Сабақ түрі: тәжірибелік
4. Сабақтың мақсаты:
• оқыту: Тақырып бойынша алған теориялық білімдерін практикамен ұштастыру.
• тәрбиелік: Ұқыптылыққа, жауапкершілікке, тиянақтылыққа баулу.
• дамыту: Ойлау, сөйлеу, қабылдау қасиеттерін жетілдіру, дамыту.
5. Оқыту әдісі: шағын топпен жұмыс
6. Материалды – техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: мультимедиялық жабдықтар
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест тапсырмалары.
б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы
7. Әдебиеттер:
1. Негізгі (н)
1. Құрманбаева Ш. Қазақ тілі: денсаулық сақтау саласына арналған оқу-әдістемелік кешені. Алматы: Қазығұрт, 2010ж.
2. Ш. Бектуров, Қазақ тілі: жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған оқулық. –Алматы: Білім, 1994.
3. Н. Оразақынов, Н. Әміреев, Н. Сапақов. Қазақ тілі сөз мәдениеті- Алматы: Мектеп 2006
4. Ж. Адамбаева, Ф. Оразбаева, Қ. Оңалбаева. Қазақ тілі- Алмаы: Мектеп, 2006
5. Б. Құлмағанбетова, У. Туребекова, Г. Ибраева. Қазақ тілі – Алматы: Мектеп, 2007
6. Бектұров Ш. Қазақ тілі: ана тілі деңгейінде үйрету құралы. Алматы, Әділет ЖҚМ, 2002
7. Қараев М.Ә. Қазақ тілі: (Фонетика, лексикология, морфология, синтаксис) Алматы, Ана тілі, 1993
2. Қосымша (қ)
1. Қазақ тілі пәні бойынша практикалық сабақтардың 1-курс студенттеріну арналған әдістемелік нұсқаулар жинағы. Шымкент, 2002
2. Н. Беріков. Қазақ тілі сабақтары – Ақтөбе: Ана тілі, 1994
4. Г. Байжанова, А. Маймақова. Іс жүргізу – Астана: Фолиант, 2007
5. В.И. Сакала, Б.В. Сакала, Н.В. Сакала. Қазастан Республикасында іс қағаздарын жүргізу – Алматы: LEM, 2006
6. С. Кенжахметұлы. Жеті қазына – Алматы: Ана тілі, 1997
7. К. Сариева. Қазақ тілі және ел тану – Алматы: Lebiz, 1997
8. А. Нысаналин. Қазақтың мақал-мәтелдері – Алматы: Мектеп, 2004
9. С. Қалиева, М. Оразаев, М. Смайылова. Қазақ халқының салт-дәстүрлері-Алматы: Рауан, 2002
10. Е. Елубаев. Жүз жұмбақ, жүз жаңылтпаш – Алматы: Мектеп, 1999
11. Ә. Хазимова. Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу – Алматы, 2004
12. Л. Дүйсебекова. Қазақ ресми іс қағаздары – Алматы. Ана тілі, 2005
13. Н. Оралбаева, Ғ. Мадина, А. Әбілқаев. Қазақ тілі – Алматы: қазақ университеті, 1998
14. К.О. өмірбаева. Қазақ тілін көпдеңгейлік оқыту – Ақтөбе, 2005
15.Қазақша-орысша фразеологиялық сөздік
16.Қазақша-орысша аударма сөздік
8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6% )
• Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
• Оқытушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
• Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (14 %)
1. Морфологиялық таладау жасау.
2. Өткен тақырыптар бойынша сұрақтар.
10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)
Қабанбай батыр
Қабанбай 1691 жылы дүниеге келген. Әкесі Қожақұл батыр болған. Қабанбай жеті жасқа келгенде, әкесін қалмақтар өлтіреді. Бұл кез – қазақ пен қалмақтың жауласып тұрған кезі. Қабанбайдың Есенбай деген ағасы жылқы бағады екен. Бір күні Есенбайдың жылқысын қалмақтардың ұрылары Арсылан мен Өлже – жырғыл айдап кетеді. Ізін қуып барған Есенбайды олар өлтіріп тастайды. Бұл қаза жас Қабанбайдың жанына жара салады. Ыза болған Қабанбай кек алудың амалын іздейді. Бір жүйрік атқа мініп, жылқының ізі бойынша жолға шығады. Сары тауға келгенде, түйе бағып жүрген Ердене деген қырғыз жігітіне жолығады. Ол қалмақпен қырғыз соғысында қолға түскен тұтқын екен. Екеуі сөйлесіп, Қабанбай одан көмек сұрайды. Ерденнің көмегімен ұры Өлжені өлтіріп, екеуі кері қайтады. Артынан қуып жеткен Арсаланды Қабанбай жекпе-жекте өлтіреді. Қабанбай өз еліне бармай, Алтайдағы әпкесіне кетеді. Қабанбайды жездесі жақсы қарсы алады. Осы жерде бірнеше жыл тұрады. Бұл елдің қалмақтары айдап кеткен жылқыларын қайтарып алуға көмегін тигізеді. Осыдан бастап Қабанбайдың батырлығы елге жайылады.
Сөз тұлғасы
Қазақ тіліндегі сөздер тұлғасына қарай әр түрлі болып келеді. Кейбір сөздер жалаң бір ғана түбірден тұрса, екінші бір сөздер сөз тудырушы жұрнақтардың жалғануы арқылы жасалады. Сөздердің тағы бір түрлері екі немесе одан да көп түбір сөздердің бірігуінен жасалады. Соған орай қазақ тіліндегі сөздер тұлғасына қарай бес топқа бөлініп қарастырылады:
1. Түбір; 2. Туынды; 3. Біріккен сөз; 4. Қос сөз; 5. Қысқарған сөз.
Сөздердің морфологиялық тұлғасына қарай:
11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)
Морфологиялық талдау жасау, мәтінмен жұмыс жасау, тапсырмалар.
12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10%)
Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау.
13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)
1. Ердене деген кім? Ол не істеді?
2. Жұрнақтың неше түрі бар?
3. Райымбек батыр қандай ерлік жасады?
14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)
Қабанбай батыр.. Сөз тұлғасы. Негізгі және туынды түбір.