Танымдық–жобалық іс-әрекетінің технологиясы
Жобалық іс-әрекет – бұл білім беру мазмұнының кез келген бағыты бойынша іздеу, зерттеу, практикалық тапсырмаларын шешу үшін белгілі бір жоспарлар, белгілі бір мақсаттары бар мақсаттылық іс-әрекет. Жобалық іс-әрекет негізінде ересектер мен балалардың белгілі бір практикалық проблеманы бірлесе жұмыс істеу үдерісінде қол жеткізілетін іс-әрекеттің нәтижеге бағыттылығы (оның барысында бала өзі үшін көптеген жаңа және бұрын білмегенді ашады) туралы идея жатыр. Бұл нәтижені шынайы практикалық іс-әрекетте көруге, зерделеуге, қолдануға болады.
Педагог баланың іс-әрекетін бақылау арқылы оны бірте-бірте қатысуға тартады, эпизодқа қатысуға, кейінірек серіктестікке, соңында ынтымақтастыққа жетелейді. Ересектердің жобалық іс-әрекетін сатылай ынталандыру баланың ұжымда жұмыс істеу қабілеті мен өзінің темпераментін, мінез-құлқын ортақ істің мүдделеріне бағындыру, шығармашылық жанжалдарды шешу, келісімділікке қол жеткізу, іс-әрекет қатысушыларына көмек көрсету, әрқайсысының іс-әрекетін бағалау қабілеттерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Шығармашылық жобалау педагогтан балаға деген төзімділік, махаббат, оның ересектер әлеміне кіру жолында мүмкіндіктеріне сенуді талап етеді. Мектеп жасына дейінгі балаларда жобалық іс-әрекетті дамытуда үш кезеңді көрсетуге болады, ол мәні бойынша шығармашылық болып табылатын зерттеу, іздеу, проблемалық әдістерінің жиынтығын қосатын жобалық іс-әрекетінің педагогикалық технологиясының бірін білдіреді.
Бірінші кезең – үш жарым жастан бес жастағы балалармен іске асыруға болатын еліктеу-орындаушы кезең. Бұл кезеңде балалар «екінші рөлдегі» жобаға қатысады, ересектердің тікелей ұсынысы бойынша немесе оған еліктеу арқылы іс-әрекеттерді орындайды.
Екінші кезең – әртүрлі бірлескен іс-әрекет тәжірибесі бар, іс-әрекеттерді келісетін, бір-біріне көмек көрсете алатын бес-алты жастағы балалар үшін тән дамытушы кезең. Бала ересектер көмегіне сирек жүгінеді, құрдастарымен бірлескен іс-әрекетті белсендірек ұйымдастырады. Балаларда өзін-өзі бақылау және өзін-өзі бағалау дамиды, олар өздерінің, құрдастарының әрекеттерін объективті бағалауға қабілетті. Бұл жаста балалар проблеманы түсінеді, мақсатты айқындайды, іс-әрекет нәтижесіне жету үшін қажетті құралдарды таңдауға қабілетті болып табылады. Олар ересектермен ұсынылған жобаларға қатысуға дайындығын көрсетеді, сонымен қатар шығармашылық, зерттеу, тәжірибелі-бағдарлы жобалардың жөнелтпелі нүктесі болып табылатын проблеманы өз бетімен табады.
Үшінші кезең – алты жастағы балалар үшін тән шығармашылық.
Ересектерге осы кезеңде балалардың шығармашылық белсенділігін дамыту және қолдау, балалардың алдағы іс-әрекетінің мақсаты мен мазмұнын дербес анықтау, жобамен жұмыс жасау тәсілдері мен оны ұйымдастыру мүмкіндіктерін таңдау үшін жағдай жасау өте маңызды.