Талғат Бигелдинов. Қысқарған сөз. Тіркескен сөз

27-сабақ

1. Сабақтың тақырыбы: Талғат Бигелдинов. Қысқарған сөз. Тіркескен сөз

2. Сағат саны: 2 90 (100%)

3. Сабақ түрі: тәжірибелік

4. Сабақтың мақсаты:
• оқыту: Қысқарған сөз, тіркескен сөз арқылы білімдерін жетілдіру. Талғат Бигелдинов туралы түсіндіру.
• тәрбиелік: Әдемі, таза, сауатты жазуға төселдіру. Ұйымшылдыққа, белсенділікке тәрбиелеу.
• дамыту: Қабылдауы мен ойлау қабілеттерін зерттей отырып, ой қорытқызу және жаңа ұғымды өзі іздеп табуға бағыттау, ой-өрісі мен дүниетанымын дамыту, өз ойын еркін айта білуге қалыптастыру.

5. Оқыту әдісі: шағын топпен жұмыс

6. Материалды – техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: мультимедиялық жабдықтар
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест тапсырмалары.
б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы

7. Әдебиеттер:

1. Негізгі (н)

8. Құрманбаева Ш. Қазақ тілі: денсаулық сақтау саласына арналған оқу-әдістемелік кешені. Алматы: Қазығұрт, 2010ж.
9. Ш. Бектуров, Қазақ тілі: жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған оқулық. –Алматы: Білім, 1994.
10. Н. Оразақынов, Н. Әміреев, Н. Сапақов. Қазақ тілі сөз мәдениеті- Алматы: Мектеп 2006
11. Ж. Адамбаева, Ф. Оразбаева, Қ. Оңалбаева. Қазақ тілі- Алмаы: Мектеп, 2006
12. Б. Құлмағанбетова, У. Туребекова, Г. Ибраева. Қазақ тілі – Алматы: Мектеп, 2007
13. Бектұров Ш. Қазақ тілі: ана тілі деңгейінде үйрету құралы. Алматы, Әділет ЖҚМ, 2002
14. Қараев М.Ә. Қазақ тілі: (Фонетика, лексикология, морфология, синтаксис) Алматы, Ана тілі, 1993

2. Қосымша (қ)
1. Қазақ тілі пәні бойынша практикалық сабақтардың 1-курс студенттеріну арналған әдістемелік нұсқаулар жинағы. Шымкент, 2002
2. Н. Беріков. Қазақ тілі сабақтары – Ақтөбе: Ана тілі, 1994
4. Г. Байжанова, А. Маймақова. Іс жүргізу – Астана: Фолиант, 2007
5. В.И. Сакала, Б.В. Сакала, Н.В. Сакала. Қазастан Республикасында іс қағаздарын жүргізу – Алматы: LEM, 2006
6. С. Кенжахметұлы. Жеті қазына – Алматы: Ана тілі, 1997
7. К. Сариева. Қазақ тілі және ел тану – Алматы: Lebiz, 1997
8. А. Нысаналин. Қазақтың мақал-мәтелдері – Алматы: Мектеп, 2004
9. С. Қалиева, М. Оразаев, М. Смайылова. Қазақ халқының салт-дәстүрлері-Алматы: Рауан, 2002
11. Е. Елубаев. Жүз жұмбақ, жүз жаңылтпаш – Алматы: Мектеп, 1999
12. Ә. Хазимова. Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу – Алматы, 2004
13. Л. Дүйсебекова. Қазақ ресми іс қағаздары – Алматы. Ана тілі, 2005
14. Н. Оралбаева, Ғ. Мадина, А. Әбілқаев. Қазақ тілі – Алматы: қазақ университеті, 1998
15. К.О. Өмірбаева. Қазақ тілін көпдеңгейлік оқыту – Ақтөбе, 2005


8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6% )
• Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
• Оқытушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
• Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15 %)

1. Қосымшалардың түрлерін ата.
2. М. Өтемісұлы қандай ерлік жасады.
3. Фонетикалық талдау жасау.

10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27мин (30%)

ТАЛҒАТ БИГЕЛДИНОВ
(1922 ж.т.)
Сәби кезінде ұшқыш болсам деп армандамайтын бала сирек болар. Екі рет Кеңес Одағының Батыры атағына ие болған Талғат Бигелдинов те осындай ізгі арманның иесі болды. Батыр кәдімгі ауыл баласы еді, ол 1922 жылы Ақмола облысы, Ақмола ауданы, Майлыбалақ ауылында дүниеге келді. Оның жастық шағы Фрунзе (қазіргі Бишкек) қаласында өтеді. Талғат осы қаладағы аэроклубқа үзбей барып жүргендіктен, оның ұшқыш болуға құмарлығы бірте-бірте арта түседі. Сөйтіп ол он алты жасында парашюттің жібек жібін ұстап, зеңгір көктен жерге қарай талай секірді. Аэроклубтағы осындай жаттығуларды толық меңгерген Талғат өзі талаптанып, Орынбор және Саратов қалаларындағы әскери авиация училищелеріне түсіп оқиды.


Қысқарған сөздер
Сөздердің бірқатары қысқартылып, ықшамдалып та жасалады. Қысқарған сөздер мемлекет, мекеме, ұйым, термин тіркестерінен құралған күрделі сөздердің, атаулардың қысқартылып қолданылуынан болады. Мысалы: ТМД (Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы), ҚазМҰУ (Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университеті) т.б.

Күрделі сөздердің қысқартылу жолдары
1. Күрделі сөз құрамындағы бас әріптер алынады. ҚХР (Қытай Халық Республикасы), ҚРҰҒА (Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясы) т.б. Қысқарған сөздер құрамындағы атаулардың алғашқы әріптері бас әріппен алынып, сөзге қосылған қосымша соңғы дыбыстың айтылу әуеніне қарай дефис (-) арқылы жалғанады: БҰҰ-ның құрамына ҚР да мүше.
2. Алғашқы сөздің бірінші буыны мен кейінгі сөздердің бас әріптері алынады: АлМУ (Алматы мемлекеттік университеті) т.б. Қосымша соңғы дыбыстың ыңғайына қарай дефиспен (-) қосылады: Гүлжан ҚазМҰУ-ға оқуға түсті.
3. Күрделі атаулардың құрамындағы әрбір сөздің басқы буындары қысқарады: колхоз, совхоз.
4. Күрделі атаулардың құрамындағы алғашқы сөздің бастапқы буыны және соңғы сөз толығымен жазылады: пединститут, медколледж т.б. Бұндай қысқартылымдар қосылып жазылады, қосымша екінші сөздің соңғы буынының ыңғайына қарай қосылады: пединститут+қа т.б.
5. Түрлі техника белгілерін көрсету үшін алынған атаулар қысқартылып беріледі: ЯК-40, ИЛ-18, ГАЗ-53, АН-2 т.б.
6. Тілде көптеген өлшем атауларының да қысқартылып жазылуы қалыптасқан: кг, см, км, г, т, га. Қысқартылған сөздердің тілде көрсетілген қалпында жазылуы дәстүрге айналған. Бұлардың ерекшелігі сөйлем ішінде, сөз тіркесінде кіші әріппен жазылып, қосымша дефис (-) арқылы жалғанады: Екі ауылдың арасы 50 км-ден асады.

Тіркесті сөздер
Екі немесе одан да көп сөздердің тіркесуі арқылы бір ұғымды білдіретін сөздерді тіркесті сөздер деп атайды. Мағынасы жағынан тұтастық қасиетке ие бұл сөздер бір-бірінен бөлек жазылады. Мысалы: балақ бау, қара ала, қара шұбар, сары май т.б.
Тіркесті сөздердің құрамы
1. Күрделі зат есімдерден: ауыл шаруашылығы, Сәтбаев көшесі, кәрі жілік, суық торғай т.б.
2. Күрделі сын есімдерден: қоңыр ала, қара көк, ақ сұр, торы төбел т.б.
3. Күрделі сан есімдерден: он сегіз, жиырма жеті, бір мың тоғыз жүз жетпіс, екі мың үш т.б.
4. Күрделі үстеулерден: күні бүгін, ертеден қара кешке, күн ілгері, күні кеше, күндерде бір күн т.б.
5. Есім сөздер мен көмекші етістіктердің тіркесінен: қызмет қыл, жәрдем ет, сабыр ет, көмек ет т.б.

11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)

Мәтінмен жұмыс жасау, жаттығу жұмыстары, тапсырмалар.

Семантикалық картамен жұмыс

реті Түрлері

мысалдар Түбір
сөз Туынды
сөз Қос
сөз Біріккен
сөз Қысқарған
сөз Тіркескен
сөз
1 қыстыгүні
2 оқулық
3 ақ құба
4 ҚР
5 шекара
6 көре-көре
7 құс
8 кг
9 әп-әдемі
10 бағдаршам
11 домбыра
12 Астана қаласы
13 ойыншық
14 келді
15 бала-шаға


12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10%)

Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау.

13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)

1. Нешінші жылы Т.Бигелдиновке екінші рет Кеңес Одағының Батыры атағын берді.

14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)
Талғат Бигелдинов. Қысқарған сөз. Тіркескен сөз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *