Сын есім. Сын есімнің сөз тудырушы жұрнақтары.

32-сабақ

1. Сабақтың тақырыбы: Сын есім. Сын есімнің сөз тудырушы жұрнақтары.

2. Сағат саны: 2 90 (100%)

3. Сабақтың түрі: тәжірибелік

4. Сабақтың мақсаты:
• оқыту: Оқушылардың теориялық білімдерін саралай отырып, практикалық дағдымен байланыстыру.
• тәрбиелік:Шапшаңдыққа мысалдар арқылы танымдық қасиеттерін шыңдауға, ой – қиялын өз ойымен бере білуге тәрбиелеу.
• дамыту: Оқушыларды өз беттерімен жұмыс жасау, бір-біріне көмек бере білу, өз ойларын толық айту дағдыларын дамыту.

5. Оқыту әдісі: шағын топпен жұмыс

6. Материалды – техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: мультимедиялық жабдықтар
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест тапсырмалары, сөзжұмбақ.
б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы

7. Әдебиеттер:

1. Негізгі (н)

1. Құрманбаева Ш. Қазақ тілі: денсаулық сақтау саласына арналған оқу-әдістемелік кешені. Алматы: Қазығұрт, 2010ж.
2. Ш. Бектуров, Қазақ тілі: жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған оқулық. –Алматы: Білім, 1994.
3. Н. Оразақынов, Н. Әміреев, Н. Сапақов. Қазақ тілі сөз мәдениеті- Алматы: Мектеп 2006
4. Ж. Адамбаева, Ф. Оразбаева, Қ. Оңалбаева. Қазақ тілі- Алмаы: Мектеп, 2006
5. Б. Құлмағанбетова, У. Туребекова, Г. Ибраева. Қазақ тілі – Алматы: Мектеп, 2007
6. Бектұров Ш. Қазақ тілі: ана тілі деңгейінде үйрету құралы. Алматы, Әділет ЖҚМ, 2002
7. Қараев М.Ә. Қазақ тілі: (Фонетика, лексикология, морфология, синтаксис) Алматы, Ана тілі, 1993

2. Қосымша (қ)
1. Қазақ тілі пәні бойынша практикалық сабақтардың 1-курс студенттеріну арналған әдістемелік нұсқаулар жинағы. Шымкент, 2002
2. Н. Беріков. Қазақ тілі сабақтары – Ақтөбе: Ана тілі, 1994
4. Г. Байжанова, А. Маймақова. Іс жүргізу – Астана: Фолиант, 2007
5. В.И. Сакала, Б.В. Сакала, Н.В. Сакала. Қазастан Республикасында іс қағаздарын жүргізу – Алматы: LEM, 2006
6. С. Кенжахметұлы. Жеті қазына – Алматы: Ана тілі, 1997
7. К. Сариева. Қазақ тілі және ел тану – Алматы: Lebiz, 1997
8. А. Нысаналин. Қазақтың мақал-мәтелдері – Алматы: Мектеп, 2004
9. С. Қалиева, М. Оразаев, М. Смайылова. Қазақ халқының салт-дәстүрлері-Алматы: Рауан, 2002
10. Е. Елубаев. Жүз жұмбақ, жүз жаңылтпаш – Алматы: Мектеп, 1999
11. Ә. Хазимова. Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу – Алматы, 2004
12. Л. Дүйсебекова. Қазақ ресми іс қағаздары – Алматы. Ана тілі, 2005
13. Н. Оралбаева, Ғ. Мадина, А. Әбілқаев. Қазақ тілі – Алматы: қазақ университеті, 1998
14. К.О. Өмірбаева. Қазақ тілін көпдеңгейлік оқыту – Ақтөбе, 2005


8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6% )
• Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
• Оқытушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
• Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15 %)

1. 1986 жылы 16-желтоқсанда болған оқиға.
2. Тәуелсіз Қазақстан қандай болу керек.
3. Зат есімнің жұрнақтарын ата.
4. Жалпы және жалқы есім.

10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)

Сын есім

Заттың түр-түсін (реңін) сапасын, сипатын, салмағын, көлемін, дәмін, иісін білдіретін сөз табы сын есім деп аталады. Сын есім қандай? қай? деген сұрақтарға жауап береді.

Сын есімнің негізгі белгілері
1. Қазақ тіліндегі сын есім зат есімге анықтауыш болып тіркесіп жұмсалғанда ешқандай өзгеріске ұшырамайды: ақ көйлек, жақсы кісі, зерек оқушы, жеңіл жүк, кең бөлме, дәмді ас, өткір иіс т.б.
2. Сын есім септелмейді, тәуелденбейді, көптелмейді. Сын есім септік, көптік, тәуелдік жалғауларды қабылдаса, субстантивтеніп кетеді (субстантивтену – заттану,зат есімге айналу): Үлкенге (кімге?) – құрмет, кішіге (кімге?) – ізет (мақал).
3. Сын есімге тән қосымшалар – шырай жұрнақтары.

1) Қосарлану, қайталану арқылы жасалған күрделі сын есімдер дефис арқылы жазылады. Мысалы : жақсы-жаман, кішкене-кішкене, ұзынды-қысқалы
2) Күшейткіш буын арқылы жасалған күрделі сын есімдер дефис (-) арқылы жазылады. Мысалы: жап-жасыл.
3) Бірнеше сөздің тіркесуі арқылы жасалған күрделі сын есімдер бөлек жазылады. Мысалы: қызыл ала, ұзын бойлы.
4) Күшейткіш үстеу арқылы жасалған күшейтпелі шырай тұлғалы күрделі сын есімдер бөлек-бөлек жазылады. Өте әдемі т.б.

Сын есім жасайтын жұрнақтар
1. Есім сөздерден сын есім тудыратын жұрнақтар
1) –лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті: таулы, күлкілі, пайдалы, сулы, ағашты т.б.
2) –сыз, -сіз: көлсіз, ақылсыз, білімсіз, түйсіксіз, даусыз т.б.
3) –шыл, -шіл: өзімшіл, өлеңшіл, көпшіл, сауықшыл,ұйымшыл т.б.
4) –шаң, -шең: бойшаң, көйлекщең, сөзшең, кіршең т.б.
5) –қы, -кі, -ғы, -ғі: ауызғы, төргі, күзгі, жазғы, ішкі т.б.
6) –лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік: жолдастық, достық, ізгілік, апталық,айлық, адамдық т.б.
7) –тай, -тей, -дай, дей: таудай, көлдей, үйдей, арыстандай,жолбарыстай т.б.
8) –дақ, -дек, -тақ, -тек: жеңілтек, тапалтақ т.б.
9) –и, -паз, -қой, -қор: мәдени, әдеби, өнерпаз, әсемпаз, әзілқой, ызақор, намысқой, имансапқор т.б.
10) –дар, -тар, — тал, -мал, -кеш, -геш: борыштар, қарыздар, сезімтал, бауырмал, күлегеш т.б.

2. Етістіктерден сын есім тудыратын жұрнақтар

1) –ғыр, -гір, -қыр, -кір: өткір, ұшқыр, тұтқыр, алғыр т.б.
2) –к, -қ, -ық, -ік, -ақ, -ек: ашық, қашық, құрғақ, кесек, қанық т.б.
3) –қыш, -кіш, -ғыш, -гіш: білгіш, сөйлегіш, төбелескіш, сенгіш, тапқыш, сезгіш т.б.
4) –улы, -улі: жинаулы, үюлі, бүктеулі, салуы, қалаулы, байлаулы, санаулы т.б.
5) –ма, -ме, -па, -пе, -ба, -бе: қызба, бояма, беспе т.б.
6) –палы, -пелі, -малы, -мелі: жалпалы, көшпелі, алмалы, салмалы т.б.
7) –шақ, -шек: ұялшақ, — сүріншек, ұрыншақ т.б.
8) –ғақ, -гек, -қақ, — кек: ұрысқаақ, тайғақ.
9) –ымды, -імді, -мды, -мді: ұтымды, өтімді т..б
10) –ынды, -інді, -нды, -нді: ағынды, жуынды, түйінді, қағынды т.б.

11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)

Сөз таптарына талдау жасау, мәтінмен жұмыс жасау, тапсырмалар.

12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10%)

Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау.

13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)
Сын есімдер қай кезде бөлек, қай кезде дефис (-) арқылы бөлек жазылады?
Жаттығу. Мәтінен сын есімді тауып, мағыналық ерекшелігіне, шырай түріне ажырату.

14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)
Сын есім. Сын есімнің сөз тудырушы жұрнақтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *