Райымбек батыр. Жұрнақ, жұрнақтың түрлері.

24-сабақ

1. Сабақтың тақырыбы: Райымбек батыр. Жұрнақ, жұрнақтың түрлері.

2. Сағат саны: 2 90 (100%)

3. Сабақ түрі: тәжірибелік

4. Сабақтың мақсаты:
• оқыту: Тақырып бойынша алған теориялық білімдерін практикамен ұштастыру.
• тәрбиелік: Ұқыптылыққа, жауапкершілікке, тиянақтылыққа баулу.
• дамыту: Ойлау, сөйлеу, қабылдау қасиеттерін жетілдіру, дамыту.

5. Оқыту әдісі: шағын топпен жұмыс

6. Материалды – техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: мультимедиялық жабдықтар
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест тапсырмалары.
б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы


7. Әдебиеттер:
1. Негізгі (н)

8. Құрманбаева Ш. Қазақ тілі: денсаулық сақтау саласына арналған оқу-әдістемелік кешені. Алматы: Қазығұрт, 2010ж.
9. Ш. Бектуров, Қазақ тілі: жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған оқулық. –Алматы: Білім, 1994.
10. Н. Оразақынов, Н. Әміреев, Н. Сапақов. Қазақ тілі сөз мәдениеті- Алматы: Мектеп 2006
11. Ж. Адамбаева, Ф. Оразбаева, Қ. Оңалбаева. Қазақ тілі- Алмаы: Мектеп, 2006
12. Б. Құлмағанбетова, У. Туребекова, Г. Ибраева. Қазақ тілі – Алматы: Мектеп, 2007
13. Бектұров Ш. Қазақ тілі: ана тілі деңгейінде үйрету құралы. Алматы, Әділет ЖҚМ, 2002
14. Қараев М.Ә. Қазақ тілі: (Фонетика, лексикология, морфология, синтаксис) Алматы, Ана тілі, 1993

2. Қосымша (қ)
1. Қазақ тілі пәні бойынша практикалық сабақтардың 1-курс студенттеріну арналған әдістемелік нұсқаулар жинағы. Шымкент, 2002
2. Н. Беріков. Қазақ тілі сабақтары – Ақтөбе: Ана тілі, 1994
4. Г. Байжанова, А. Маймақова. Іс жүргізу – Астана: Фолиант, 2007
5. В.И. Сакала, Б.В. Сакала, Н.В. Сакала. Қазастан Республикасында іс қағаздарын жүргізу – Алматы: LEM, 2006
6. С. Кенжахметұлы. Жеті қазына – Алматы: Ана тілі, 1997
7. К. Сариева. Қазақ тілі және ел тану – Алматы: Lebiz, 1997
8. А. Нысаналин. Қазақтың мақал-мәтелдері – Алматы: Мектеп, 2004
9. С. Қалиева, М. Оразаев, М. Смайылова. Қазақ халқының салт-дәстүрлері-Алматы: Рауан, 2002
10. Е. Елубаев. Жүз жұмбақ, жүз жаңылтпаш – Алматы: Мектеп, 1999
11. Ә. Хазимова. Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу – Алматы, 2004
12. Л. Дүйсебекова. Қазақ ресми іс қағаздары – Алматы. Ана тілі, 2005
13. Н. Оралбаева, Ғ. Мадина, А. Әбілқаев. Қазақ тілі – Алматы: қазақ университеті, 1998
14. К.О. өмірбаева. Қазақ тілін көпдеңгейлік оқыту – Ақтөбе, 2005
15.Қазақша-орысша фразеологиялық сөздік
16.Қазақша-орысша аударма сөздік

8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6% )
• Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
• Оқытушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
• Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15 %)

1. Морфологиялық таладау жасау.
2. Өткен тақырыптар бойынша сұрақтар.

10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)

Райымбек батыр

Қазақ халқының бостандығы үшін үлкен үлес қосқан ерлердің бірі – Райымбек батыр. Райымбек батыр жастайынан қолына қару алып, Жетісу жерін басқыншылардан азат етуге қатысқан. Батыр есімін жүрегінде сақтаған халық оның сүйегі жерленген жерде күнбез орнатқан. Оның халық «әулие» деп құрметтеген. Қазақ әулие деген сөзді ертеде ерлік пен кемеңгерліктің, пәктіктің жиынтығы ретінде қолданған. Райымбекті де жұрт сондай қасиеті үшін әулие десе керек.
Жамбыл өзінің «Өтеген» деген поэмасында Райымбекті дастанның бас қаһарманы — Өтеген және басқа да даңқты батырлар мен қатар қояды.
18 ғасырдың екінші жартысында бір кездегі аса қуатты жоңғар мемлекеті әлсірей бастайды. Қалдан – серен өлген соң, оның тағына таласушы ұрпақтары бірінің басын бірі ала бастайды да, үстемдігі әлсірейді. Бұл кезде Абылай аренаға шығады да, ел мен ердің басым көпшілігі жоңғарға қарсы азаттық ұрысқа ұйымдастырады. Сонымен бірге ондаған жылдар бойы қалмақпен соғыста мол тәжірибе жинаған Қабанбай, Бөгенбай, Райымбек, Өткеген, Тайлақ, Науырызбай сияқты батырлардан құрылған жасақ жоңғарларды шығысқа қарай ығыстырады.
Райымбек қолы әбден күш алып, жеңіске жеткенде, қалмақтар оның найзасынан ғана емес, ұранға айналған атынан да қорқатын болады. Жоңғарлар басып алған жер суды тастап, қаша бастайды.
Кеген ауданында қалмақ ханы – Ақанастың есімімен аталып кеткен Ағанас деген жер бар. Сол Ақанастан, Таушелек пен жалаңаштан Торайғыр мен Көрторғайдан қалмақтарды қуып, Кегенге асырғанда, Райымбек қолы ту тіккен шоқы қазір «Жалаулы» деп аталады.


Жұрнақ, жұрнақтың түрлері

Жұрнақтар өздері жалғанған сөздердің мағыналарын не мүлдем өзгертіп басқа мағына тудыру үшін, не сәл ғана өзгертіп түрлендіру үшін қолданылады.
Қазақ тіліндегі жұрнақтар екі топқа бөлінеді: 1. Сөз тудырушы; 2. Сөз түрлендіруші.
Сөз тудырушы жұрнақтар өзі жалғанған сөздердің мағыналарын түпкілікті өзгертіп, жаңа сөз тудыру үшін қолданылады. Мысалы: мал (төрт аяқты, шөп жейтін, ақылсыз жартылыс) – мал-шы (екі аяқты, мал жейтін, ақылды жаратылыс). Сөз тудырушы жұрнақтар арқылы бір сөз табынан екінші сөз табы да жасалына береді. Мысалы: ақыл-ды (зат есім – сын есім), тер-ме (етістік – зат есім), ақ – та (сын есім — етістік) т.б. сөздер.
Сөз түрлендіруші жұрнақтар өздері жалғанған сөздердің мағыналарын түбегейлі өзгертпейді, тек сәл ғана өзгертіп оған қосымша мағына үстеу үшін қолданылады. Мысалы: бар-ды, сары-лау, бес-інші, бала-қай, т.б. сөздер.

11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)

Морфологиялық талдау жасау, мәтінмен жұмыс жасау, тапсырмалар.

12. Жаңа тақырыпты бекіту: 2 мин (2%)

Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау.

13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)
1. Райымбек батыр қандай ерлік жасады?
2. Райымбек батырды не үшін әулие деп атады.
2. Жұрнақтың неше түрі бар?

14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)
Қабанбай батыр. Райымбек батыр. Сөз тұлғасы. Негізгі және туынды түбір. Жұрнақ, жұрнақтың түрлері.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *