Маханбет Өтемісұлы. Қосымшалардың орын тәртібі.

25-сабақ

1. Сабақтың тақырыбы: Маханбет Өтемісұлы. Қосымшалардың орын тәртібі.


2.Сағат саны: 2 90 (100%)

3. Сабақ түрі: тәжірибелік

4. Сабақтың мақсаты:
• оқыту: Оқушылардың білім деңгейін көтеру, ұжымдық түрде білім алуға баулу,
сөздерді өзара байланыстырып, ойды жүйелеп айту дағдысын қалыптастыру, грамматикалық тақырыптармен байланыстыра білу.
• тәрбиелік: Адамгершілікке, білімділік пен біліктілікке тәрбиелеу
• дамыту: Алған білімдерін толықтырып, сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорларын
молайту.

5. Оқыту әдісі: шағын топпен жұмыс
6. Материалды – техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: мультимедиялық жабдықтар
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест тапсырмалары, сөзжұмбақ.
б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы


7. Әдебиеттер:

1. Негізгі (н)

1. Құрманбаева Ш. Қазақ тілі: денсаулық сақтау саласына арналған оқу-әдістемелік кешені. Алматы: Қазығұрт, 2010ж.
2. Ш. Бектуров, Қазақ тілі: жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған оқулық. –Алматы: Білім, 1994.
3. Н. Оразақынов, Н. Әміреев, Н. Сапақов. Қазақ тілі сөз мәдениеті- Алматы: Мектеп 2006
4. Ж. Адамбаева, Ф. Оразбаева, Қ. Оңалбаева. Қазақ тілі- Алмаы: Мектеп, 2006
5. Б. Құлмағанбетова, У. Туребекова, Г. Ибраева. Қазақ тілі – Алматы: Мектеп, 2007
6. Бектұров Ш. Қазақ тілі: ана тілі деңгейінде үйрету құралы. Алматы, Әділет ЖҚМ, 2002
7. Қараев М.Ә. Қазақ тілі: (Фонетика, лексикология, морфология, синтаксис) Алматы, Ана тілі, 1993

2. Қосымша (қ)
1. Қазақ тілі пәні бойынша практикалық сабақтардың 1-курс студенттеріну арналған әдістемелік нұсқаулар жинағы. Шымкент, 2002
2. Н. Беріков. Қазақ тілі сабақтары – Ақтөбе: Ана тілі, 1994
4. Г. Байжанова, А. Маймақова. Іс жүргізу – Астана: Фолиант, 2007
5. В.И. Сакала, Б.В. Сакала, Н.В. Сакала. Қазастан Республикасында іс қағаздарын жүргізу – Алматы: LEM, 2006
6. С. Кенжахметұлы. Жеті қазына – Алматы: Ана тілі, 1997
7. К. Сариева. Қазақ тілі және елтану – Алматы: Lebiz, 1997
8. А. Нысаналин. Қазақтың мақал-мәтелдері – Алматы: Мектеп, 2004
9. С. Қалиева, М. Оразаев, М. Смайылова. Қазақ халқының салт-дәстүрлері-Алматы: Рауан, 2002
11. Е. Елубаев. Жүз жұмбақ, жүз жаңылтпаш – Алматы: Мектеп, 1999
12. Ә. Хазимова. Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу – Алматы, 2004
13. Л. Дүйсебекова. Қазақ ресми іс қағаздары – Алматы. Ана тілі, 2005
14. Н. Оралбаева, Ғ. Мадина, А. Әбілқаев. Қазақ тілі – Алматы: қазақ университеті, 1998
15. К.О. өмірбаева. Қазақ тілін көпдеңгейлік оқыту – Ақтөбе, 2005

8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)
• Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
• Оқытушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
• Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15 %)
1. Қосымшалардың түрлерін ата.
2. Кірме сөздер дегеніміз не?
3. Арнаулы сөздер дегеніміз не?

10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)

МАХАМБЕТ ӨТЕМІСҰЛЫ
(1803 – 1845)
Он тоғызыншы ғасырдағы қазақ әдебиетінде жыраулық поэзияны одан әрі дамытып, өзінің жарық жырлары арқылы жауынгерлік өлең үлгісін биік сатыға көтерген бірден-бір ақын – Махамбет Өтемісұлы. Ол 1830 жылдарда Қазақстанның батыс өлкесіндегі Исатай бастаған көтерілістің басшыларының бірі әрі басты насихатшысы болды. Исатай батырдың сенімді серігі, халықты оның төңірегіне топтастыра білген идеолог ретінде Махамбет ел билеушілеріне, олар арқылы отарлыққа қарсы батыл іс-әрекеттерге барды. Ақын өлеңдерінде көтерілістің мақсат-міндеттері де, себеп-салдары да айқын көрініс табады.


Қосымшалардың орын тәртібі

Қазақ тілінде қосымшаның екі түрі бар. Олар жұрнақ және жалғау. Жұрнақ өзі жалғанған сөзге жаңа мағына беріп, туынды сөз жасайды. Ал жалғау сөздерді байланыстырады.
Қосымшаның ерекшеліктері
1. Түбірден жеке мағына бере алмайды: білімді, басшы.
Бұл сөздердегі –ім, -ді, -шы – қосымша морфемалар, оларды өзі қосылып тұрған түбірден бөліп қолдана алмаймыз.
2. Қосымшалар түбірге жаңа мағына қосады: біл десек, қимыл, іс-әрекетті білдіреді, ал білім десек, дерексіз заттық мағынаға ауысып тұр; -ді қосылып сындық мағына жасалған: білімді адам (қандай?) немесе қосымша мағына үстейді: мектеп+ке бағыттық мағына беріп тұр.
3. Қосымша морфемада дербестік болмайды, түбірдің айтылуына қарай өзгеріп отырады (мектеп+тер, бала+лар, адам+дар, үй+лер, кітап+тар).
Қосымшаның екі түрі бар: жұрнақ және жалғау.


11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)

1. Кеспе қағаздар, жаттығу жұмысы.
2. Морфологиялық талдау жасау.

12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10%)
Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау.

13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)

1. Қосымшаның неше түрі бар?
2. М. Өтемісұлының ерліктерін ата.
3. Жалғаудың түрлерін атаңдар.

14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)

Маханбет Өтемісұлы. Қосымшалардың орын тәртібі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *