Зат есім. Зат есімнің жұрнақтары. Жалпы және жалқы есім.


30-сабақ

1. Сабақтың тақырыбы: Зат есім. Зат есімнің жұрнақтары. Жалпы және жалқы есім.

2. Сағат саны: 2 90 (100%)

3. Сабақтың түрі: тәжірибелік

4. Сабақтың мақсаты:
• оқыту: Оқушылардың теориялық білімдерін саралай отырып, практикалық дағдымен байланыстыру.
• тәрбиелік: Отанды сүюге, құрметтеуге, желтоқсандықтарға әрдайым құрмет көрсетуге, адамгершілікке, әділеттілікке, ел мен жердің қадір-қасиетін ұғынуға тәрбиелеу.
• дамыту: Оқушыларды өз беттерімен жұмыс жасау, бір-біріне көмек бере білу, өз ойларын толық айту дағдыларын дамыту.

5. Оқыту әдісі: шағын топпен жұмыс

6. Материалды – техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: мультемедиялық жабдықтар
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест тапсырмалары, сөзжұмбақ.
б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы

7. Әдебиеттер:
1. Негізгі (н)

1. Құрманбаева Ш. Қазақ тілі: денсаулық сақтау саласына арналған оқу-әдістемелік кешені. Алматы: Қазығұрт, 2010ж.
2. Ш. Бектуров, Қазақ тілі: жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған оқулық. –Алматы: Білім, 1994.
3. Н. Оразақынов, Н. Әміреев, Н. Сапақов. Қазақ тілі сөз мәдениеті- Алматы: Мектеп 2006
4. Ж. Адамбаева, Ф. Оразбаева, Қ. Оңалбаева. Қазақ тілі- Алмаы: Мектеп, 2006
5. Б. Құлмағанбетова, У. Туребекова, Г. Ибраева. Қазақ тілі – Алматы: Мектеп, 2007
6. Бектұров Ш. Қазақ тілі: ана тілі деңгейінде үйрету құралы. Алматы, Әділет ЖҚМ, 2002
7. Қараев М.Ә. Қазақ тілі: (Фонетика, лексикология, морфология, синтаксис) Алматы, Ана тілі, 1993

2. Қосымша (қ)
1. Қазақ тілі пәні бойынша практикалық сабақтардың 1-курс студенттеріну арналған әдістемелік нұсқаулар жинағы. Шымкент, 2002
2. Н. Беріков. Қазақ тілі сабақтары – Ақтөбе: Ана тілі, 1994
4. Г. Байжанова, А. Маймақова. Іс жүргізу – Астана: Фолиант, 2007
5. В.И. Сакала, Б.В. Сакала, Н.В. Сакала. Қазастан Республикасында іс қағаздарын жүргізу – Алматы: LEM, 2006
6. С. Кенжахметұлы. Жеті қазына – Алматы: Ана тілі, 1997
7. К. Сариева. Қазақ тілі және ел тану – Алматы: Lebiz, 1997
8. А. Нысаналин. Қазақтың мақал-мәтелдері – Алматы: Мектеп, 2004
9. С. Қалиева, М. Оразаев, М. Смайылова. Қазақ халқының салт-дәстүрлері-Алматы: Рауан, 2002
10. Е. Елубаев. Жүз жұмбақ, жүз жаңылтпаш – Алматы: Мектеп, 1999
11. Ә. Хазимова. Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу – Алматы, 2004
12. Л. Дүйсебекова. Қазақ ресми іс қағаздары – Алматы. Ана тілі, 2005
13. Н. Оралбаева, Ғ. Мадина, А. Әбілқаев. Қазақ тілі – Алматы: қазақ университеті, 1998
14. К.О. Өмірбаева. Қазақ тілін көпдеңгейлік оқыту – Ақтөбе, 2005

8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6% )
• Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
• Оқытушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
• Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15 %)

1. Мәншүктің ерліктері туралы
2. Сөз таптарының түрлерін ата
3. Әлия Молдағұлова туралы өлеңдер

10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)

Зат есім

1. Зат есім – заттың, құбылыстың атын білдіріп, кім? не? Деген сұрақтарға жауап береді.
Зат есім деректі және дерексіз болып бөлінеді:
1) Деректі зат есім (конкретті, нақты) – адамның сезім мүшелері арқылы білінетін заттар. Мысалы: көл, ай, су, айран т.б.
2) Дерексіз зат есім (абстракт) – тек ақыл-ой арқылы ғана танылған заттар. Мысалы: арман, ауа, намыс т.б.

Зат есім жасалу жолына қарай екіге бөлінеді:

1) Негізгі зат есім – зат атауын білдіретін толық мағыналы түбір сөздер жатады. Мысалы: түйе, ер, пышақ, ән, күй.
2) Туынды зат есім – морфологиялық тәсілмен, есімдер мен етістіктерге сөз тудырушы жұрнақ жалғану арқылы жасалады.: Мысалы: Түйе-ші, ер-лік, ән,-ші, күй-ші т.б.

Зат есім нәрсенің тобы мен тегін білдіруіне байланысты екігі бөлінеді:
1) Жалқы есім — жеке я дара заттарға берілген атаулар. Мысалы: Сырдария, Іле, Жамбыл, Қостанай, Шымкент.
2) Жалпы есім – бір тектес заттың ұғымдарын қамтитын атаулар. Мысалы: оқушы, студент, балық, қала.
Жалқы есім бас әріппен, жалпы есім кіші әріппен жазылады. Зат есім жекеше, көпше болып айтылады, тәуелденеді, септеледі, жіктеледі: Мысалы: жұмысшы, жұмысшылар, жұмысшыларым, жұмысшыны, жұмысымыз.

Зат есім жасайтын жұрнақтар
1. Есімдерден зат есім тудыратын жұрнақтар
1) –шы, -ші: оқушы, жұмысшы, биші, әнші т.б.
2) –шылық, -шілік: кемшілік, жұртшылық, егіншілік т.б.
3) –лас, -лес, -дас, -дес, -тас, -тес: жолдас, сабақтас, замандас, одақтас, салалас т.б.
4) –лық, -лік, -дық, -ты-, -тік: орындық, қорлық, батылдық, жылдамдық т..б
5) –хана: аурухана, емхана, асхана, дәріхана, кітапхана т.б.

2. Етістіктерден зат есім тудыратын жұрнақтар
1) –ма, -ме, -па, -пе, -ба, -бе: кеспе, сызба, көрме, қақпа т.б.
2) –қың, -кің, -ғын, -гін: басқын, тұтқын, қырғын, тізгін т.б.
3) –ыс, -іс, -с: айтыс, егіс, қоныс, бұрылыс, бекініс т.б.
4) –у: қамау, егеу, тұсау, көсеу, сұрау, жасау, жалғау т.б.
5) –ыш, -іш, -ш: қуаныш, сүйініш, жұбаныш, сағыныш т.б.
6) –қы, -кі, -ғы, -гі: шалғы, бұрғы, сүзгі т.б.
7) –қыш, -кіш, -ғыш, -гіш: сызғыш, сорғыш, қырғыш, басқыш т.б.

Қазақ тілі көптеген түркі тектес халықтар тіліндей жалғамалы (агглютинативті) тілдер қатарына жататындықтан, тілде жоғарыда көрсетілген зат есім тудыратын жұрнақтардан басқа да көптеген сөз тудырушы жұрнақтар бар. Біз солардың ішінен ең өнімділерін, сөз тудыруға неғұрлым қабілеттілерін көрсеттік.


11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)

Сөз таптарына талдау жасау, мәтінмен жұмыс жасау, тапсырмалар.

12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10%)

Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау.

13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)
1) Табиғат көрінісіне қарап, зат есімдерді қатыстырып, қысқаша мәтін құрау. Сөйлем мағыналы, әдемі болсын. Қаланың табиғаты қандай? Несімен танымалы.
2) Оқулықпен жұмыс.
3) Тақтамен жұмыс. Екі оқушы екі сөзге морфологиялық талдау жасайды.

14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)
Зат есім. Зат есімнің жұрнақтары. Жалпы және жалқы есім.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *