Зат есім және басқа сөз таптарының септелуі.

21-сабақ

1. Сабақтың тақырыбы: Зат есім және басқа сөз таптарының септелуі.

2. Сағат саны: 2 90 (100%)

3. Сабақ түрі: тәжірибелік

4. Сабақтың мақсаты:
• оқыту: Грамматикалық ұғымдарды сауатты әрі дұрыс қолдану дағдыларын қалыптастыру. Пәнге қызығушылығын арттыру.
• тәрбиелік: Қазақтың тарихи тұлғаларын біліп, құрметтеуге тәрбиелеу.
• дамыту: Электрондық оқулық арқылы ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту; ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру; мәтінді қазақ тілінде әңгімелеуге , ауызекі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін кеңейту.

5. Оқыту әдісі: шағын топпен жұмыс

6. Материалды – техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: мультимедиялық жабдықтар
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест тапсырмалары.
б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы

7. Әдебиеттер:
1. Негізгі (н)

1. Құрманбаева Ш. Қазақ тілі: денсаулық сақтау саласына арналған оқу-әдістемелік кешені. Алматы: Қазығұрт, 2010ж.
2. Ш. Бектуров, Қазақ тілі: жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған оқулық. –Алматы: Білім, 1994.
3. Н. Оразақынов, Н. Әміреев, Н. Сапақов. Қазақ тілі сөз мәдениеті- Алматы: Мектеп 2006
4. Ж. Адамбаева, Ф. Оразбаева, Қ. Оңалбаева. Қазақ тілі- Алмаы: Мектеп, 2006
5. Б. Құлмағанбетова, У. Туребекова, Г. Ибраева. Қазақ тілі – Алматы: Мектеп, 2007
6. Бектұров Ш. Қазақ тілі: ана тілі деңгейінде үйрету құралы. Алматы, Әділет ЖҚМ, 2002
7. Қараев М.Ә. Қазақ тілі: (Фонетика, лексикология, морфология, синтаксис) Алматы, Ана тілі, 1993

2. Қосымша (қ)
1. Қазақ тілі пәні бойынша практикалық сабақтардың 1-курс студенттеріну арналған әдістемелік нұсқаулар жинағы. Шымкент, 2002
2. Н. Беріков. Қазақ тілі сабақтары – Ақтөбе: Ана тілі, 1994
4. Г. Байжанова, А. Маймақова. Іс жүргізу – Астана: Фолиант, 2007
5. В.И. Сакала, Б.В. Сакала, Н.В. Сакала. Қазастан Республикасында іс қағаздарын жүргізу – Алматы: LEM, 2006
6. С. Кенжахметұлы. Жеті қазына – Алматы: Ана тілі, 1997
7. К. Сариева. Қазақ тілі және ел тану – Алматы: Lebiz, 1997
8. А. Нысаналин. Қазақтың мақал-мәтелдері – Алматы: Мектеп, 2004
9. С. Қалиева, М. Оразаев, М. Смайылова. Қазақ халқының салт-дәстүрлері-Алматы: Рауан, 2002
11. Е. Елубаев. Жүз жұмбақ, жүз жаңылтпаш – Алматы: Мектеп, 1999
12. Ә. Хазимова. Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу – Алматы, 2004
13. Л. Дүйсебекова. Қазақ ресми іс қағаздары – Алматы. Ана тілі, 2005
14. Н. Оралбаева, Ғ. Мадина, А. Әбілқаев. Қазақ тілі – Алматы: қазақ университеті, 1998
15. К.О. өмірбаева. Қазақ тілін көпдеңгейлік оқыту – Ақтөбе, 2005


8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6% )
• Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
• Оқытушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
• Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15 %)

1. Қосымшаның неше түрі бар?
2. Түбір дегеніміз не?
3. Астана – Бәйтерек монументі кешені салу идясының авторы кім?
4. Морфологиялық талдау.

10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)

Зат есім және басқа сөз таптарының септелуі
Қазақ тілінде 7 септік бар, септелудің екі жүйесі түрі бар: 1) жай септелу, 2) тәуелді септелу. Зат есім септелудің осы екі түріменде септеледі. Септік жалғауын қабылдаған сөз септік формасындағы сөз болып саналады.
Септік жалғауларының бірсыпырасы қосымшасыз нольдік формада қолданылуы бар. Бұл жай септелу жүйесіне қатысты, тәуелді септелуде ол жоқ. Мысалы, Жазған хатынан хат иесінің қандайадам екенін көрініп тұрады. Осындағы хат иесінің деген тіркестегі хат ілік септіктің нольдік формасында тұр. Оның қосымшалы түрі – хаттың иесінің.
Септелген зат есім сөйлемнің барлық мүшесі болады.

11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)
Мәтінмен жұмыс жасау. Тапсырмалар.

35-жаттығу. Мәтінді оқып, ат қойыңыз, көптік жалғаулы сөздерді тауып, олардың қай сөз табына, қай орнында жалғанғанын көрсетіңіз.

…Осылардай ұлдар мен шолақ тұлымды қыздар бүгінге ас болатын бидайларын теріп жүрген. Мұнда сол былтырғы Әзімбай, Мәлкелерден қорлық көрген Қаңбақ, Тоқсан, Жұмырдың жас балалары да бар. Базаралы, Абылғазының үйлерінен келген кішкене егіншілер де көрінеді…. Бар бала бірге қайтқанда дорбалары, етектері немесе шешіп алған кемзалша, шапаншалары толы азық әкелді. Жүздерінде ырзалық бар. Бұлар жүдеу ғана тірліктің момын ғана тілегінен басқа іздегендері жоқтар… (М. Әуезов).

12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10%)
1.Қазақ тілінде неше септік бар?
2. Септелудің неше түрі бар?
6. Жаттығу жұмысы.

13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)

1. Жеке кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау;
2. Тест тапсырмаларын орындау;


14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)

Зат есім және басқа сөз таптарының септелуі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *