Қазақстан астаналары. Тіл ұстарту.

 

18-сабақ

1. Сабақтың тақырыбы: Қазақстан астаналары. Тіл ұстарту.

2. Сағат саны: 2 90 (100%)

3. Сабақ түрі: тәжірибелік

4. Сабақтың мақсаты:
• оқыту: оқушылардың білім деңгейін көтеру, ұжымдық түрде білім алуға баулу,
сөздерді өзара байланыстырып, ойды жүйелеп айту дағдысын қалыптастыру, грамматикалық тақырыптармен байланыстыра білу.
• дамыту: Алған білімдерін толықтырып, сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорларын
молайту.
• тәрбиелік: Отанға деген сүйіспеншілік рухында тәрбиелеу, елордамызды сүюге, аялауға
тәрбиелеу. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.

5. Оқыту әдісі: жұптасып жұмыс істеу

6. Материалды – техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: мультимедиялық жабдықтар
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест тапсырмалары, сөзжұмбақ.
б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы


7. Әдебиеттер:
1. Негізгі (н)

1. Құрманбаева Ш. Қазақ тілі: денсаулық сақтау саласына арналған оқу-әдістемелік кешені. Алматы: Қазығұрт, 2010ж.
3. Ш. Бектуров, Қазақ тілі: жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған оқулық. –Алматы: Білім, 1994.
3.Н. Оразақынов, Н. Әміреев, Н. Сапақов. Қазақ тілі сөз мәдениеті- Алматы: Мектеп 2006
4.Ж. Адамбаева, Ф. Оразбаева, Қ. Оңалбаева. Қазақ тілі- Алмаы: Мектеп, 2006
5.Б. Құлмағанбетова, У. Туребекова, Г. Ибраева. Қазақ тілі – Алматы: Мектеп, 2007
6.Бектұров Ш. Қазақ тілі: ана тілі деңгейінде үйрету құралы. Алматы, Әділет ЖҚМ, 2002
7. Қараев М.Ә. Қазақ тілі: (Фонетика, лексикология, морфология, синтаксис) Алматы, Ана
тілі, 1993

2. Қосымша (қ)
1. Қазақ тілі пәні бойынша практикалық сабақтардың 1-курс студенттеріну арналған әдістемелік нұсқаулар жинағы. Шымкент, 2002
2. Н. Беріков. Қазақ тілі сабақтары – Ақтөбе: Ана тілі, 1994
4. Г. Байжанова, А. Маймақова. Іс жүргізу – Астана: Фолиант, 2007
5. В.И. Сакала, Б.В. Сакала, Н.В. Сакала. Қазастан Республикасында іс қағаздарын жүргізу – Алматы: LEM, 2006
6. С. Кенжахметұлы. Жеті қазына – Алматы: Ана тілі, 1997
7. К. Сариева. Қазақ тілі және ел тану – Алматы: Lebiz, 1997
8. А. Нысаналин. Қазақтың мақал-мәтелдері – Алматы: Мектеп, 2004
9. С. Қалиева, М. Оразаев, М. Смайылова. Қазақ халқының салт-дәстүрлері-Алматы: Рауан, 2002
11. Е. Елубаев. Жүз жұмбақ, жүз жаңылтпаш – Алматы: Мектеп, 1999
12. Ә. Хазимова. Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу – Алматы, 2004
13. Л. Дүйсебекова. Қазақ ресми іс қағаздары – Алматы. Ана тілі, 2005
14. Н. Оралбаева, Ғ. Мадина, А. Әбілқаев. Қазақ тілі – Алматы: қазақ университеті, 1998
15. К.О. Өмірбаева. Қазақ тілін көпдеңгейлік оқыту – Ақтөбе, 2005


8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6% )
• Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
• Оқытушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
• Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15 %)
1. Қара шаңырықтың қасиеті туралы айтып беру.
2. Сөздің тура және ауыспалы мағынасы дегеніміз не?
3. Омоним, синоним, антоним сөздерінің айырмашылығы.
4. Фонетикалық талдау жасау.


10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)

Алматы қаласы

Алмалық елді мекеннің орнына 1854 жылы Верный қаласында Кеңес өкіметі 1918 жылы орнады. 1922 жылы Алматы қаласы болып атанды.
Алматы – 1929 жылдан Қазақстан Республикасының астанасы болған 1926 жылы Алматының 45,6 мың тұрғыны бар. 1959 жылы халқы 456 мың, 1970 жылы 730 мың болды. 1981 жылы халқы миллионға жетті. Ол 16063 жерді алып жатыр.
Алматы қаласы — өндіріс пен экономика, ғылым мен мәдениет орталығы. Мұнда ауыр машыйна жасау, электротехника, төменгі вольтті аппаратура заводтары және ірі-ірі жеңіл өндіріс орындары, мақта-мата комбинаты, тоқыма бірлестігі, бірнеше тігін фабрикалары «Жетісу» аяқ киім бірлестігі бар.
Алматы қаласында бес тілде: орыс, қазақ, ұйғыр, корей, неміс, тілдерінде газет-журналдар шығады.
Алатаудың әсем қойнауындағы «Медеу» спорт кешені қала қонақтарының демалатын орнына айналды.


11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)

Қазақстан астаналары (Сөзжұмбақ шешу)
Кеспе қағаздар, жаттығу жұмысы.

12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10%)

Оқушлардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау.

13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)
1. Киіз үйдің құрылғысын атаңдар.
2. Қазақстан астаналарын ата.
3. Ит өлген жерде деген тұрақты сөздің мағынасын ашыңдар

14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)

Қазақстан астаналары. Қазақстан астаналарына сөзжұмбақ жасау.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *