19-сабақ
1. Сабақтың тақырыбы: Отырар Отырарлық ғалым Әбу Насыр Әл–Фараби. Сөздердің құрамы. Қосымша.
2. Сағат саны: 2 90 (100%)
3. Сабақ түрі: тәжірибелік
4. Сабақтың мақсаты:
• оқыту: Әл-Фараби шығармаларының тақырыптарына тоқталу алған білімдерін тапсырмалар арқылы бекіту. Сұрақтарға жауап беру, ойды жүйелеп айту дағдыларын қалыптастыру. Мәтінді мәнерлеп оқуға, тіл ұстарту.
• тәрбиелік: Өз Отанын, халқын, жерін сүюге, Отансүйгіш ұлтжанды азаматтар тәрбиелеу.
• дамыту: Сөздік қорын байыту, өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру, оқушылардың тапқырлық, ізденымпаздық қасиеттерін қалыптастыру, дұрыс сөйлеуге үйрету.
5. Оқыту әдісі: жұптасып жұмыс істеу
6. Материалды – техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: мультимедиялық жабдықтар
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест тапсырмалары, сөзжұмбақ.
б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы
7. Әдебиеттер:
1. Негізгі (н)
1. Құрманбаева Ш. Қазақ тілі: денсаулық сақтау саласына арналған оқу-әдістемелік кешені. Алматы: Қазығұрт, 2010ж.
2. Ш. Бектуров, Қазақ тілі: жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған оқулық. –Алматы: Білім, 1994.
3. Н. Оразақынов, Н. Әміреев, Н. Сапақов. Қазақ тілі сөз мәдениеті- Алматы: Мектеп 2006
4. Ж. Адамбаева, Ф. Оразбаева, Қ. Оңалбаева. Қазақ тілі- Алмаы: Мектеп, 2006
5. Б. Құлмағанбетова, У. Туребекова, Г. Ибраева. Қазақ тілі – Алматы: Мектеп, 2007
6. Бектұров Ш. Қазақ тілі: ана тілі деңгейінде үйрету құралы. Алматы, Әділет ЖҚМ, 2002
7. Қараев М.Ә. Қазақ тілі: (Фонетика, лексикология, морфология, синтаксис) Алматы, Ана тілі, 1993
2. Қосымша (қ)
1. Қазақ тілі пәні бойынша практикалық сабақтардың 1-курс студенттеріну арналған әдістемелік нұсқаулар жинағы. Шымкент, 2002
2. Н. Беріков. Қазақ тілі сабақтары – Ақтөбе: Ана тілі, 1994
3. Г. Байжанова, А. Маймақова. Іс жүргізу – Астана: Фолиант, 2007
4. В.И. Сакала, Б.В. Сакала, Н.В. Сакала. Қазастан Республикасында іс қағаздарын жүргізу – Алматы: LEM, 2006
5. С. Кенжахметұлы. Жеті қазына – Алматы: Ана тілі, 1997
6. К. Сариева. Қазақ тілі және ел тану – Алматы: Lebiz, 1997
7. А. Нысаналин. Қазақтың мақал-мәтелдері – Алматы: Мектеп, 2004
8. С. Қалиева, М. Оразаев, М. Смайылова. Қазақ халқының салт-дәстүрлері-Алматы: Рауан, 2002
9. Е. Елубаев. Жүз жұмбақ, жүз жаңылтпаш – Алматы: Мектеп, 1999
10. Ә. Хазимова. Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу – Алматы, 2004
11. Л. Дүйсебекова. Қазақ ресми іс қағаздары – Алматы. Ана тілі, 2005
12. Н. Оралбаева, Ғ. Мадина, А. Әбілқаев. Қазақ тілі – Алматы: қазақ университеті, 1998
13. К.О.
14. Өмірбаева. Қазақ тілін көпдеңгейлік оқыту – Ақтөбе, 2005
8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6% )
• Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
• Оқытушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
• Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15 %)
1. Тұрақты тіркестердің мағынасына қарай неше түрі бар?
2. Киіз үйдің атауларын ата.
3. Үздік бау, Шалма, Туырлық бау дегеніміз не?
10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27мин (30%)
Отырар
Отырар – ертеден шығыс әлеміне танымал болған қала. Кейбір деректер бойынша, оның орнында осыдан екі жарым мың жыл бұрын алғашқы қоныстар болған. VI-VIII ғасырларда Отырар Сырдария өзенінің орта ағысындағы саяси орталық болды. Кейін IX-XII ғасырларда сол аймақтың басты қалаларының біріне айналады. Отырар Қазақ хандығы заманында мәдениеті мен экономикасы жақсы дамыған орталықтардың бірі болған.
Отырар қаласының гүлденіп, орта ғасырдағы ірі қала орталығына айналуына оның орналасқан орны үлкен әсер етті. Бұл қаланың тез өсуіне қолайлы жағдай жасаған Ұлы Жібек жолы болды. Ү-ХҮ ғасырларда Отырар қаласы Арал бойындағы көшпелі тайпалармен сауда жасайтын орталыққа айналды. Иран мен Орта Азиядан Сібірге, Монғолияға және Қытайға қатынайтын сауда жолындағы маңызды қала болды. Отырарға жан-жақтан көпестер келіп-кетіп жатты. Мұнда медреселер, базарлар, ұстаханалар, тіпті қонақүйлер мен мешіттер, монша, сауда дүкендері жұмыс істеген. Мықты дуалмен қоршалған қалаға кіретін бес қақпа болған. Қала билеушілері, байлар, ірі саудагерлер қаланың орталық бөлігінде тұрды. Ал сыртында қарапайым халық қоныстанды. Қала екі үлкен дуалмен қоршалған. Біріншісі қаланың бүкіл аумағын қоршай салынды. Екінші дуал қаланың ауқатты адамдары тұратын орталық бөлігін басқалардан бөліп тұратын. Отырар қаласы өз заманында небір қырғын шайқасты басынан кешірген.
Әбу Наср әл-Фараби
Қыпшақ даласынан шыққан ұлы энциклопедист ғалым, бүкіләлемдік данышпан ойшыл, философ, математик, астролог, музыка теоретигі. Әл-Фараби 870 жылы қазіргі Арыс өзенінің Сырдарияға құятын сағасындағы Фараб қаласында дүниеге келген. Әбу Наср әл-Фараби – түркі ойшылдарының ең атақтысы, ең мәшһүрі, «Әлемнің екінші ұстазы» атанған ғұлама. Өздігінен көп оқып, көп ізденген ойшыл филоофия, логика, этика, метафизика, тіл білімі, жаратылыстану, метаматика, медицина, музыка салаларынан 164 трактат жазып қалдырған.
Сөз құрамы
Сөз құрамы дегеніміз – сөздің жасалуы, не бөлшектенуі, басқа сөзбен айтқандай қандай морфемалардан тұратынын зерттейтін сала.
Әрбір сөздің өзіне тән тұлға-тұрпаты болады. Ол қосымшасыз түбір тұлғадағы сөздер; қосымша жалғанып, сөз туындап, не түрленіп тұрған сөздер; екі түбірден құралған сөздер; екі түбірдің қосарлануы арқылы жасалған сөздер; түбір сөздердің қысқаруы арқылы жасалған сөздер; сөздердің тіркесуі арқылы жасалған сөз тіркесі болып келеді.
Қосымша дегеніміз сөздің жеке тұрғанда өздігінен мағына бере алмайтын, тек түбір сөздерге жалғанып қана сөз бен сөзді жалғастыру үшін, оған әр түрлі жаңа қосымша мағына қосу үшін қолданылатын бөлшек. Мысалы: -ған, -ген, лар, -лер т.б.
Қосымша екіге бөлінеді:
1. Жалғау;
2. Жұрнақ.
11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)
1. Кеспе қағаздар, жаттығу жұмысы.
-Әл-Фараби кім?
-Әл-Фараби қайда дүниеге келген?
-Әл-Фарабидің шын аты қандай?
-Отырарды қазақтар қалай атаған?
-Отырарды арабтар қалай атаған?
-Тархан сөзінің мағынасы қандай?
-Араб тілінде « екінші мұғалім» тіркесі қалай айтылады?
-Осы тіркестегі қандай сөзді біз қазіргі кезде тілімізде қолданып жүрміз?
-Бұл сөз (мұғалім) тілдегі қандай заңға бағынбайды?(үндестік)
12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10%)
Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау.
13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)
2-тапсырма: «Ой толғау»
• Әл- Фарабидің энциклопедист ғалым болуына көп тіл білгендігінің әсері болды ма?
• Көп тіл білгендік ғалымға не үшін қажет болды?
• Қазір көп тіл білудің қажеттілігі бар ма?
• Ұлы ғалым бақытқа жетті ме?
14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)
Отырар Отырарлық ғалым Әбу Насыр Әл–Фараби. Сөздердің құрамы. Қосымша.