Шешендік сөйлеу мәдениетіне қойылатын талаптар

Шешендік сөйлеу мәдениетіне қойылатын талаптар
Шешендік сөздердің ақындық өнерден ерекшелігі бар. Ақындық пен шешендікті ортақ бірлікте алып қарастыруға болмайды.
Аристотель шешендік 3 элементтен тұрады.
Сөйлеуші адам
Сөйленетін сөз
Тыңдаушы топтан тұрады.
Осы үшеуі бір-бірлікте қаралады. Шешендік сөздің тіл көркемдігіне теңеу, бейнелеу, әсерлеу, шендестіру, дамыту, арнау т.с.с. әдебиет теориясы қолданылады. Шешендікті зерттеуші А.Байтұрсынов, С.Исаев, М.Балақаев бұрынғы шешендік сөзінен қазіргі шешендік сөздердің арасындағы стилдік ерекшелігін айтады. Зерттеушінің айтуынша, сөз өнері ақылға, көңілге, қиялға қонымды келетіндігі. Сөздің қисынды тазалығы, әсерлілігі ерекше орын алады.
Шешендік өнер сөзді дұрыс жұмсау тілдің әдеби нормасына сәйкес келуі, ал сөздердің бір-бірімен байланысы грамматикалық тұлғалардың дұрыс қолданылуы. Шешендік сөздердің орын тәртібінің дұрыс қойылуы стилдік норманың сақталғаны. Шешендік сөз шұбалаңқы болмай нақты, мағыналы болып келеді. Нақыл – заттың аты, өнеге өсиет ретінде айтылатын аталы сөз. Әдетте мақал-мәтелдің көлемі екі төрт жолдан аспайды.Егер асып кетсе ол нақыл сөзге айналады.

Имандылық шешендіктің бір белгісі
Иман арабша – сенім дегенді білдіреді. Иманды адам айналасындағыларға және бүкіл азаматқа тек жақсылық ойлайды. Иманды адам өзін қоршаған ортаға мейір шапағатын төгіп, жанашырлық, қамқорлық жасауға әзір тұрады. Әркімге әдеппен, ізетпен, инабатпен қарайды. Иманды адамды халық бет бейнесінен танып иман жүзді адам дейді. Неге десе ол адам мейірімді, қайырымды болады. Ал қайырымсыз адамдар адамгершілігі жоқ, санасыз, тас жүрек болады, ал қайырымдылық — адамдық парыз, адамдық борыш.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1.М.Тілеужанов. «Ел әдебиеті»
2.Ә.Табылдиев. «Халық тағылымы»
3.Б.Адамбаев. «Тозған қазды топтаған қарға жейді». Рауан 1991ж
4.Т.Садықов. «Қазақтың шешендік сөздері». Алматы 1997ж

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *