Иран әдебиеті

Иран әдебиеті
ХІХ ғ. соңынан бастап Ирандағы мәдениеттің өрлеуі. Парсы газетінің шыға бастауы, ондағы прозалық жанр, ұлттық, фольклорлық және әдеби жанрлардың бай дәстүрлерін жаңғырта қолдану(ертегілер, монозаре – екі не одан да көп кісілердің дауласуы не әңгімелесуі; Сафар-наме – жолжазба, шығыстық, юмор мен сатира). Парсы прозасының дамуы. Батыс еуропалық (әсіресе француздық) көркем шығармаларды парсы тіліне аудару.
Парсы әдебиетінің көрнекті өкілдері: Мирза Мальком хан (1833-1903). Зейн оль-Абедин Мараген (1837- 1910), Абдоррахим Әбу Талеб Надджаб Табризи – Талибов(1837-1910).
Зейн оль-Абедин Марагеннің көсемсөздік (публицистикалық) романы «Ибрагим бектің саяхаты немесе оны азапқа салған бақытсыздық». Романдағы халық өкілдері:жүкшілер, шаруалар.
Абдоррахим Талибовтың үш көркем шығармасы.
Біріншісі — «Білімділер жинағы және Ахмедтің кітабы» ағартушылық мазмұндағы еңбегі.
Екіншісі — «Өмірдің мәселелері» — қайыршылық пен қараңғылық, мемлекеттің артта қалушылығы туралы кітап.
Үшіншісі — «Тақуалардың жолы» кітабында қоғамдық теңсіздікті сынауы.
Парсы әдебиетіндегі қасыда, газел жанрларының жаңғыра қолданылуы. Халықтық лирикалық жыр – теснифтің (әр түрлі өлшемді тармақтары, қайталамайтын қайырмасы қысқа жыр) саяси-әлеуметтік мазмұнда кең қолданылуы. Ареф Казвини(1882-1926) теснифтерінің көркемдік қуаты.
Сатиралық прозаның дамуы. Сатиралық прозаның көрнекті өкілі – Мирза Әли Акбар-хан Дехход (1880-1956) — жазушы, ақын, ғалым, қоғамдық қайраткер. Сұрақ-жауап түріндегі әңгімелеріндегі халықтық тіл қолданыстары. Дехход шығармаларының журналдарда «Чарндпараннд» (әр түрлі әр нәрселер) рубрикасымен жариялануының парсы әдебиетіндегі жаңа прозалық жанрлардың қалыптасуына әсері.
Әбілқасым Лахути (1887-1957) – парсы әдебиетінің ірі тұлғасы, ақын. Шығармалары: «Ираным менің жұтады» (1909) өлеңінің классикалық газел түрінде жазылуы, халық тағдырының анық суреттелуі.
Күрделі редиф пен екі тармақтың қайырмаға құрылған «Халық айқайы» өлеңінің дәстүрлі пішінінің қуаттылығы. «Иран үндеу» өлеңіндегі иран елін қанаушылардан азат ету ойлары.
Әбілқасым Лахутидің 1905-1911 ж. Ирандағы революцияға қатысуы. 1922 жылдан бастап Тәжікстанда болуы. Тәжік ССР-інің әнұранының мәтінін жазуы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *