Ай санау

Ай санау

«Жылым — қой, жұлдызым — июль» (Шәкәрім). Халық жылды он екі айға бөледі де, оны «ай санау» деп атайды. Бұл тым ертеде қалыптасқан дәстүр.
Әр айдың атаулары жыл мезгіліне, табиғат құбылыстарына, халықтың ұғымы мен салт- санасына сай белгіленген. Мұның шаруашылық, экономикалық, астрологиялық жағынан да маңызы бар екенін дала ғұламалары тағы ескерген. Ежелгі астрономиялық бағдарда әр айға сәйкес жұлдыз аттары да бар. Ол «Жұлдыз, ай» деп аталады.
Қазақстанның оңтүстік аймақтарында қазіргі айларды жұлдыз, ай атымен де атай береді. Әр айда табиғат құбылыстары мен өзгерістері де жиі болады. Халық оны «ай амалдары» немесе «амал» деп атап, желді, суық айларда қауіптеніп, оған қарсы күтініп отырады. Оны білетін халық есепшілері болған. Олар ауа райын дәл болжап, біліп, хабарлап отырған. Елімізде ай да, жыл да наурыз айынан басталады. Қазақтарда қыркүйек, тамыз, желтоқсан, мамыр т.б. ай аттары сол мезгілдердің өзіндік қасиеттеріне сай келеді. Халық әр айға сәйкес ұлттық ұғымдар, наным- сенімдер, мақал- мәтелдер қалдырған. Мысалы «сәуір болмай — тәуір болмас», «қараша — қауыс, кәрі құртаңды тауыс», «күн қаңтарда қарға адым, ақпанда ат адым ұзарады», «сүмбіле туса — су суыр».

Сөздік

бағдар – направление
амал – способ, средство
қауіптену– опасаться
күтіну – следить за собой, беречь себя
болжау – предсказывать, предвидеть
наным – вера, предрассудок

Тапсырма

1. Негізгі мазмұнын қалдырып, мәтінді қысқартыңыздар.
2. Мәтіннен берілген келесі сөздермен сөйлем құрастырыңыздар: амал, бағдар, күтіну, қасиет, ескеру, болжау.
3. Мәтіннен -лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік сөз тудырушы жұрнақтарымен сөздерді теріп жазыңыздар.
4. Мәтіннен тәуелдік жалғаудағы сөзді қатысты сөзімен жазып алыңыздар.
5. Бірыңғай сөйлем мүшелерімен сөйлемдерді анықтаңыздар.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *