Көрінетін жарық спектрі

Көрінетін жарық спектрі

Жер бетіне жететін күн энергиясының 40-50 пайызын көрінетін жарық спектрі құрайды. Жарықты пайдаланып жануарлар қоршаған ортадағы өзінің бағыт-бағдарын біледі, сыртқы ортаның жағдайын байқап біліп танысады. Тек көрінетін жарық спектрі арқылы ғана емес, кейбір жануарлар ультракүлгін, инфрақызыл сәуле арқылы көре алады.

Жануарларда жарықты қабылдау арқылы қоршаған ортадағы заттар мен жағдайды сезінетін сезім мүшелері дамыған. Ондай сезім мүшелері жарықты сезіп, жүйке жүйесіне жалғастыратын қарапайым жасушадан бастап күрделі жүйеден құралған көзге дейін әртүрлі деңгейде дамыған. Қараңғы түннің өзінде аз да болса жарық сәулесі болады. Жануарлардың тіршілік ететін ортасының шеңберінде мүлдем (абсолют) қараңғы орта кездеспейді. Алайда, түнде тіршілік ететін жануарлардың өзі де түн қараңғылығындағы аздаған жарық сәулесімен көру арқылы бағыт бағдарын анықтайды. Мысалы, үкі, тентекқұс, лемур, лори атты маймылдар және күн сәулесі жетпейтін терең суда тіршілік ететін балықтар, басаяқты былқылдақ  денелілер т.б.

Ешбір сәулесіз толық қараңғы ортада  (топырақта, үңгірде, жануарлардың ішкі мүшелерінде) тіршілік ететін жануарларға көздің қажеттілігі жойылып, керексіз мүшеге айналады. Осылайша атқаратын қызметі жоқ, керексіз болған мүше біртіндеп кішірейіп, жойыла бастайды. Бұл –мүшенің редукциясы деп аталады.

Жануарлардың жарықты талғау қасиеті әртүрлі. Кейбір жануарлар қарқыны күшті жарықты сүйеді, енді біреулері бұлтты, көлеңкелі кезді немесе ымыртты, қараңғылықты талғап тіршілік етеді. Жарықты таңдап талғау қасиетіне сәйкес жануарлар төмендегідей экологиялық топқа бөлінеді:

а) Жарықсүйгіштер немесе гелиофильдер (фотофильдер) –бұлар бұлтсыз ашық күндерде белсенді тіршілік етеді, жазық далада, тайаз судың беткі қабатында мекендейді.

в) Көлеңке сүйгіштер немесе гелиофобтар (фотофобтар) –бұлтты, тұманды күндерде белсенді тіршілік етеді, ну орманның, бітік шөптің арасында немесе су түбінде тіршілік етеді. (Photos — жарық,  helios — күн). 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *