«Бухгалтерлік баланс»
2. Мақсаты: «Студенттерге бухгалтерлік баланс туралы негізгі түсініктері мен мағынасын түсіндіріп, бухгалтерлік балансты құру мен шаруашылық операцияларды бухгалтерлік есептің шоттарында көрсетуді үйрету»
3. Дәріс тезистері:
Әр дәріхананың мекемелерге өндірістің, қаражаттық және шаруашылық жұмыстарын жүргіздіру үшін шаруашылық заттар бөлінеді.
Құрылымына және орналасуына қарай дәріхананың шаруашылық заттары 3 топқа бөлінеді:
Негізгі заттар.
Айналымдағы заттар.
Басқа жерге аударылған заттар.
Мекемелер бір-бірімен есеп айырылысқан кезде қарызға беруі немесе қарыз болуы мүмкін. Дәріхана қарызға берген кезде, қарызға алған мекеме дебитор болады.
Аударылған заттар дегеніміз ол қайтарылмайтын немесе көп мезгілге дәріхананың шаруашылық айналымынан аударылған қаражат.
Жеке өз заттарының шығу көздеріне жататындар:
Уставтық қор (уставный фонд)
Амортизациялық қоры (амортизационный фонд)
Экономикалық дем беру (жағдай жасау) қоры. (фонд экономического стимулирования)
Бұндай ақпараттарды бухгалтерлік баланс арқылы білуге болады.
Бухгалтерлік баланс дегеніміз дәріханалық мекемелердің шаруашылық заттарының құрамы мен орналасуы және алыну көздері мен қолдану бағытын белгілі уақыт аралығында ақшалай өлшемдермен қамтып көрсету жолы. Баланс негізінде кесте ретінде жазылады, оның сол жағында актив, ал оң жағында пассив жазылады. Активте шаруашылық заттардың құрамына және орналасуына қарай, ал пассивте қалыптасу деректеріне және қолдану бағытына қарай жазылады.
4. Иллюстрациялы материалдар: слайд түріндегі презентация
5. Әдебиет:
Управление и экономика фармации: Учебник / под ред. В.Л.Багировой. – М.: ОАО Издательство «Медицина», 2004.
Управление и экономика фармации: в 4т. Т.2: учет в аптечных организациях: оперативный, бухгалтерский, налоговый. Учебник для студ. высш. учеб. Заведений / под ред. Е.Е.Лоскутовой. –М.: Издательский центр «Академия», 2004.
Управление и экономика фармации: в 4т. Т.3: Планирование в аптечных организациях. Учебник для студ. высш. учеб. Заведений / под ред. Е.Е.Лоскутовой. – М.: Издательский центр «Академия», 2004.
6. Қорытынды сұрақтары (кері байланыс):
Бухгалтерлік баланстың анықтамасы.
Дәріхананың шаруашылық заттарының құрамы.
Аударылған заттар дегеніміз не?