Қазақстан — конфессияаралық келісім аумағы
1) Қазақстан Республикасының дін туралы заңнамасы.
1) Діни сенім бостандығы туралы түсінік. Толеранттылық.
2) Діни экстремизм мен терроризм.
3) Конфессиядан тыс синкреттік діни философия
Соңғы жылдардың бедерінде елдегі діни ахуал асқынып, ақыры Ақтөбе мен Атырау облыстарында болған жағдайға жеткізді. Сөйтіп, билік дін мәселесін реттеуде уақыт оздырмау қажеттігін ағымдағы жылы бек түсінді. Соның нақты әрекеті ретінде діни істер жөніндегі агенттік құрылды. Агенттіктің алғашқы жұмысы 1992-нші жылы қабылданған дін туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу болды. Онсыз да діни «қызу» көтеріліп тұрған қоғамда аталған заң жобасы үлкен талқыға түсті. Міне, парламенттің қос палатасының қарауынан өткен атышулы заңға кеше Президент қол қойды. Осылайша, мемлекеттегі діни мәселені ретке келтіріп, жүйелейтін жаңа заң күшіне енді.
Қазақстан Республикасының Заңы Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы
Осы Заң Қазақстан Республикасының өзін демократиялық, зайырлы мемлекет ретiнде орнықтыратынын, әркiмнiң ар-ождан бостандығы құқығын растайтынын, әркiмнiң дiни нанымына қарамастан тең құқылы болуына кепілдік беретінін, халықтың мәдениетінің дамуы мен рухани өмірінде ханафи бағытындағы исламның және православтық христиандықтың тарихи рөлін танитынын , Қазақстан халқының діни мұрасымен үйлесетін басқа да діндерді құрметтейтінін, конфессияаралық келісімнің, діни тағаттылықтың және азаматтардың діни нанымдарын құрметтеудің маңыздылығын танитынын негізге алады.
1-тарау. жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгі ұғымдар
2-бап. Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасы
2-тарау. діни қызмет саласындағы мемлекеттік реттеу
4-бап. Уәкілетті органның құзыреті
5-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың діни қызмет және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдарының құзыреті
6-бап. Дiнтану сараптамасы.
3-тарау. Қазақстан республикасындағы Діни қызмет
7-бап. Дiни жоралар мен рәсiмдер
8-бап. Миссионерлік қызмет
9-бап. Дiни әдебиет және дiни мақсаттағы заттар
10-бап. Қайырымдылық қызметi
11-бап. Дiнге сенушiлердiң және дiни бiрлестiктердiң халықаралық байланыстары мен қарым-қатынастары
12-бап. Діни бірлестіктердің мәртебесі
13-бап. Діни бірлестіктерді құру
14-бап. Діни бірлестіктің атауы
15-бап. Діни бірлестіктерді мемлекеттік тіркеу
4-тарау. Дiни бiрлестiктердiң мүлiк, еңбек және қаржы жөнiндегi хұқылық қатынастары
16-бап. Дiни бiрлестiктiң жарғысы
17-бап. Діни бірлестікті тіркеуден бас тарту
18-бап. Дiни бiрлестiктi қайта ұйымдастыру және тарату
19-бап. Мемлекет және шетелдік діни бірлестіктер
5-тарау. Діни бірлестіктердің мүліктік құқықтық қатынастары
20-бап. Дiни бiрлестiктердiң меншiгi
21-бап. Мемлекеттiң, ұйымдар мен жеке тұлғалардың меншiгi болып табылатын мүлiктi пайдалану
22-бап. Таратылған дiни бiрлестiктiң мүлкiне иелiк ету
2-сұрақ: Діни экстремизм мен терроризм
Дәстүрден тыс діндер деп негізінен дүниежүзілік немесе үлкен үлттық діндерден бөлініп шығып, бір-бірімен косыла отырып, біріккен қазіргі діндерді айтамыз. Олардың шығу себебі үлкен саяси-әлеуметтік және мәдениеттің жаңаруына байланысты, әлеуметтік-саяси өздгерістермен, демографиялы козғалыстармен және де дәстүрлі діндердің ықпалының әлсіреуімен байланыстырылады.
Өздерінің діни ілімдерінің мазмұнына, діни рәсімдерінің аткарылуына қарай жаңа христиандык, жаңа бағдарламалык, оккультистік, жаңа пұтшылдык болып бөлінеді. Екінші жағынан, олар ілімімен де ұйымдастыру жүйесімен де ерекшеленеді. Үшінші ерекшелігі, олардың ілімі мен ресми тәжірибесі синкреттілікпен және дүниежүзілік діндердің көптеген кағидаларын ұстанушылығымен дамиды.
Дәстүрден тыс діндер белсенді миссионерлік қызметімен ерекшеленеді (әсіресе жастар арасында). Жаңа көзкарастын басшылары бұл заманның «күнәкарлығын» көрсетіп, одан шығу жолдарын білетіндігін айта келіп, адамгершілік жолдары мен даналык ақылдың өкілі ретінде өздерін ұсынады.
Қазіргі дәстүрлі емес діни козғалыстардың, сенушілік маңызы бойынша діни әдет-ғұрыптары, рәсімдік іс-әрекеттері аркылы айырмашылығы болады. Олар саны жагынан өте көп. Осы бір әр түрлі ағымдарын елеулі белгілерімен ең кем дегенде 5 топка бөлеміз:
1. Неоориенталдык табыну: «Общество Сознания Кришны», «Тихоокеанский дзен — буддийский центр», «Миссия Божественного Света», «Трансендентальная медитация» жэне т.е.с.
Неоориенталдык табынудың шығу тамыры Шығыстан, будда және индуизм діндерінің осы заманга бейімделген түрінен шықты. Будда діни ағым — мистикалык жолмен, алғашқы Құдай жолын имманенті «ішкі» жолмен жандандыру. Өмір сүріп тұрғандардың барлығы иллюзия (қиял), оның жасырын соңында Қүдайдың шындык табиғаты бар, ол гармониялық және әділеттілік. Максат осы табиғатқа әр түрлі әдістермен, медитациямен косылу. Медитациялык үрдіс (ойлану, сезіну, ішкі дүниеге шүкшиып көңіл аудару, сыртқы коршаған дүниеден безу), әр түрлі мантрлық сөздер айтып, кайталау, кайталау үрдісінде мистикалык маңызы шығады. Діни сенімдік жағы екінші орынға кетіп, бірінші орынға акиқат жолға түсу, Гурудың беделінің артуы.
2. Неохристиандық одақ — «Церковь объединение», «Семья Детей Бога» жэне т.с.с. Бұл діни ағымның ерекшелігі — Христиан идеологиясы мен шығыс дінінің әлементтерінің синкретикалык коспасы, эсхатология мен мессиандык көзкараска бұрмалау, кауым басшысы Қүдай жіберген пайғамбармен теңестіру.
3. Сейентологиялық ағым «Церковь Саентологии», «Космические религии» және т.б. Бүл табынушылық әр түрлі физикалык приборларға мистикалык мағына беру. Осы аспаптармен әр түрлі мистикалык күбылыстарды байқау, өлшеу, оның физикалык, биологиялык табиғатының әсерін байкау. Мистикалык түрғыда әлі де тексеріліп біліп болмаған психикалык күбылысты, коршаған табиғат күбылысын түсіндіру.
4. Жаңа Магия, спиритизм. Бүгінгі күнге дейін сақталып келе жатқан сиқыршылык, балгерлік, шамандар, бал ашқыштармен қатар жаңа магиялық ілім және оның институттары, Батые пен Шығыс әдет-ғұрыптарын косып жаңа балгерлерді, сикыршыларды шығарды. Бүл жерде Мексикандық мифтік ілімін Карлос Костанелді алуға болады. Осы кезде Европа және Солтүстік Америка спиритистік қозғалыс және өлген адамдардың жанымен сөйлесу практикасын айтамыз.
5. Ібіліс немесе шайтан тобы (сатанинские группы). Ібілістік түсінік ертедегі Ирактан, «Көк кітап» деген кітапта жазылған хабарлар туралы діни аңыз. Ібіліс туралы кітапта зорлықты және зомбылыкты бірінші орынға қояды, кесірлікті жаманшылыктың кайнар көзімен, жын-шайтандармен мистикалык жолмен араласып сөйлесу. Олардың айтуы бойынша кесір, жаманшылыкты үгіттеушілер — Христиан дініне қарсы күрес жүргізушілер. «XX ғасырдагы діндер» халыктың көңілін өздеріне аудару үшін сырткы ерекшеліктеріне, әдеттен тыс нәрселерге аса көңіл бөліп, адамдарға эмоционалды-психологиялық әсер тигізуге тырысады.
XX ғасырда шықкан әдеттен тыс діндердің тек түрлерін санап шығудың өзі де үлкен жүмыс. Сол себепті біз кеңірек және тереңірек таралған кейбір түрлеріне ғана тоқтап өтеміз.
Неоориеталистік табынушылықтың бір түрі «Кришнаның санала қауымы» (Общество сознания Кришны) келетін болсақ, діни ағым вайшнайзм діні мен веданың философиялык көзкарасының ерікті одағынан шыккан кауым. Бүл діни агымның негізін салушы — Үнді діни үгіттеушісі Абхай Чарин Де (1806-1977), сал Қушаның аты Бхаквиведанта Сваии Прабхупада, езінің ілімін «Бхагават — Гита сондай» деген кітабында, тағы баска кітаптарында жазып көрсетті. Оның кітаптары 40 тілге аударылып таралған, орыс және казақ тілінде де кітаптары бар.
Вайшнавов ілімі бойынша ең бір ақиқат Құдай — Кришна, ол үш аспектіде бізге көрінеді: Бхагаван, Брахман, Параматма. Бхагован — бүл Құдай ең жоғарғы аспект, қол жетпейтін сапасы бар, өте бай, күшті, даңқты, сүлу. Брахман — жекеленген аспект, барлық жерде кездесетін абсолютті ақиқат, шексіз, сапасыз күш, жеке Құдайдың трансцендентальды сәулесі. Параматтық аспект — ең жоғарғы жак, ол барлык тірі жандардың жүрегінде, жеке, өзіндік жандармен бірге тұрады. Қүдай мәңгі және оны ешкім жасамағаң, оның көптеген аспектілері бар, оның екі энергиялык күші бар: ол барлық тірі жанды және әлемді жаратқан. Ең бірінші аты — Кришна. Ол өте сүлу, кара терілі жас жігіт. Қалған күдайлар — жартылүдайлар — аватарлар кайталаулары керек.
Алматыда 1990 жылдан бері «Кришнаньщ Санасының Қауымы» ұжым қүрды. 1996 жылы олар заң алдында тіркеліп, кауымдары өмір сүрде.
Жаңа христиандық (неохристианство) ағымдар болса христиан шіркеуінен бөлініп шықкан Квакерлер, Пятидестниктер, Иоговистер, Адвентистер және т.е.с ағымдарға толы.
Әмбебаптық дәстүрлі емес діни қозғалыстардан Бақайлык сенімді карастырайык. Бахай діни қауым XIX ғасырда Иранда пайда болды. Оны шығарған адам — Мирза Хуссейн Али Нури, кейіннен «Бахаулла» деген атак алған. «Бахаулла» арабша «Даңктың Тақсыры» деген ұғымды береді. Бахаулла өзінің ілімін көптеген шығармаларында қарастырып кетті. Қазіргі кезде Бахауллалар 190 мемлекетке тарады. Бахаулланьщ Қазақстан жеріне 1938-1939 жэне 1950 жылдары Орта Азиядан және Закавказьядан саяси жер аударушылыктың аркасында таралган. Олар бірінші Петропавл, Иртыш, Павлодар, Чилік ауылы, Алматы облысында таралды. Кеңе.содағы заманында Бахай қауымдары жартылай заңсыз болды. 1990 жылы тамыз айында шыккан «О свободе вероисповедания» деген заң бойынша Алматы қаласында жергілікті Рухани жиналыста өз-дерінің қауымдарын құрды. 1994 жылы Бахай кауымы заң жүзінде тіркеуге алынды. Ал 2002 жылы Қазақстанда 19 кауымы тіркелді. Орталы-ғы Алматы қаласында орналасқан.
Бахауллы ілімі «Китаб-ул-Ахдас» деген кітабында жазылған.
Бахайлар өздерінің киелі кітабын оку үшін олар өздерінің белгілеп алған үйінде бірге жиылып дұға оқиды. Негізгі бас қосулары 19-ы күні, яғни «Мейрам күні», ол «кездесу» күні тек дүға оку емес, басқа да қауымдык проблемаларды шешеді.
Келесі бір синкреттік дін ағымы Саентология діні 1954 жылы пайда болды. «Саентология» деген сөз латын тілінде «білім», «калай білімді білу керек» деген мағынаны білдіреді. Саентология түсінігі бойынша «адамның рухын» зерттеу жэне өзімен-өзінің катынастык жүмысын әлеммен және «баска өмірмен» катынасын зерттеу. Бұл діннің негізін калаушы Л.Рон Хаббард 1954 жылы Лос-Анже-лесте, Калифорния штатында Саентологиялык шіркеуді тіркеді.
«Саентология» — системалык білім күрылысы, фундаменталдық ақикат аныктамасының жалғасы. Ондай ақиқаттықтардың бірі: «Адам жаны өлмейтін рухани нәрсе». Оның өмірлік тәжірибесі бір өмірден асып кетеді. Қазіргі кезде оның мүмкіндігі элі жүзеге асырылып болма-ғанымен, оның потенциясында шек жок. Адамның табиғаты кайырымды және рухани бостандылығы өзіне ғана немесе жақындарына байланысты емес, ол әлеммен жекеленуінде. Ең жоғарғы саентологияның мақсаты рухани акиқаттық ағартушылық жэне адамның бас бостандығы.
Қазакстанда саентологиялык ұйымдар мен топтар көптеген калаларда бар және әр жыл сайын олардың қатарлары өсуде. 1994 жылй акикаттыктардың бірі: «Адам: Дианетика» топтары Алматыда, Қарағандыда, Павлодарда Хаббард идеясын насихаттауға арналған коғамдық ұйым ретінде тіркелген.
Ібіліс топтары. Ібіліс шіркеуін кұрушы Антон Ла Вей (Сан-Франциско, 40 жылдары). Оның негізгі идеясы «Сатана Таураты» атты енбегінде. Ібіліс күші билік пен табыска кол жеткізуге мүмкіндік беретін күш көзі деп жазды. Ібіліс күші «Қараңғылыктың күші». Оның негізгі ұраны — «Әлсіздерге — өлім, күштілерге — байлык» және адамдардың өз-өзін танытуында барынша еркіндік беру. «Сатанизм өзінің жолын үстанушылардың өз табиғи кажеттіліктеріне еркіндік берген кездегі іс-әрекетін қолдайды. Өзін-өзі тыюдың орнына теріс әрекет колдау. Қуану арқылы күш жинау».
Ібілістің күлшылык ету және салт-дәстүрлерін жасау қауыш жиналысында (шабаштарда) жүзеге асырылады. Шабаштарда, ереже бойынша, еркектер де, әйелдер де жиналады, жекелеген топтарға айрыкша абыздар мен абыз абиелдер басшылык жасайды. Шабаштардың өткізілу сипаты туралы мәліметтер көп емес. Олардың өткізілу сипаты сол ұйымның басшысының тікелей ілімдік, моральдык, саяси көзқарастарына байланысты болады деп есептейміз. Дегенмен олардың жоралғысының үш түрі бар дейді: жыныстык, кайырымдылық не аяушылык, бұзушылык.Ібіліс шайтан және т.б. көзкарастық альтернативті діни көзкарас деп карастыруға да болады. Аздаған және нашар үйымдастырылған Ібіліс топтары біздің елімізде кездеседі.
Мұсылмандык шығыстағы діни қозғалыстар. Ислам діні де басқа діндерге ұксап саяси, мистикалык, экзотикалык ағымдар бөліп шығады. Жоғарыда көрсеткендей, коғамдық-саяси ағым Ваххабизм деді. Қазіргі кезде Сауд Аравиясының ресми идеологиясы болып табылады.
Таблиги Джамат қозғалыстары. Бұл козғалыс ваххабий ағымымен тығыз байланысты. «Таблиги жамат» (мұсылман үлемдердің кеңесі) 1927 жылы Дели қаласының жанындағы Мевет деген жерде Муалана Мүхаммед Ильяс Кандеххвели (1885-1944) деген деобондиялық богослав негіздеді. Бұл козғалыс соңынан Ауғанстан «Талибанының» козғалысына айналды. Бұл козғалыстың негізі тек молдалар емес, саяси қозғалыска тікелей қатынасы бар молдалар болды. Олар — XIX ғасырда Үндістан елінде Диобанд деген каладан шыққандар.
Диобандиялык Мазхаб мектебі екі ағымдық ілім берді. Бірінші, Алигарха университетінің ілімі, ислам богославтарын дайындайды, олардың ілімі батыс европалық білімге жакын. Екінші ағымы, консервативті ілім, олар ислам қүкығын (шариғатын) және ислам заңын (фикх) окитын орны болды.
Диобандиялық ағымдарының ілімдік кайнар көзі Аравиялық Мүхаммед ибн Абд аль Ваххабадан алынады. Сондықтан қазіргі ауғандық талибандардың ваххабиттермен жакындығын көруге болады. Сондыктан болар, диобакдилыктар ваххабиттерге ұксап, ислам канонын өзгертуге және кандай да бір «модернизацияға» карсы, оған жол бермейді. Мұсылман кауымының қандай бір иерархиясы болмасын оған да карсы, керек болса мемлекеттің монархиялык және трайбализмдік басқаруға, әйелдердің әлеуметтік рөлдеріне катаң регламациялық ережелері бар.
Талибандар Бен Ладенға Ауғанстанды «Аль-Кайда» базасына айналдыруға жәрдем берді. Бірақ 2001 жылы 11-қыркүйек айында АҚШ-тағы «жарылыстан» соң талибтердің АҚШ әскерлері Ауғанстаннан куып шыкты. Сонымен қатар жасырын қауымдар көрші мемлекеттерге -Өзбекстан, Тәжікстан және Қазақстанға тарады. Он дай кауымдарды «Таблиги Джамаат» кауымдары осы кезге дейін колдайды.
Казақстандағы «Таблиги Джамаат» қауымы тіркелмеген, жасырын түрде өмір сүруде.
Хизб-ут-Тахир ал-Ислами (Исламдық азаматтық партия), 1953 жылы Иерусалимде ал Ихван ал-Муслимин (мүсылман бауырлары) деген діни қозғалыстан, жеке діни партия болып бөлініп шықты. Ол партияның басында амир Хизб-ут-Такрир, өзін Алланың оған жүктеген тапсырмасын (әмірін) орындаушы халиф ретінде, халифаттық мемлекет кұруға күшін салуда. Хизбаның халифаттық мемлекеті калай түсіндіріледі. Ол елдерде үлттық айырмашылық болмайды, унитарлы, барлык азаматтары шариғатты негізгі заң есебіне үгіттейдіҮндеулер тарату жиһадтың формаларының бірі деп танылады. Үндеулерде байқалатын жиһадка шакырулар нактыландырылмайды. Осыған байланысты Хизб-ут-Тахрир біздің елімізде үндеулерін таратуда. 2006 жылы Алматыда Хизба-ут-Тахрир жасырын баспаханасынан 13000 үндеу және баска да экстремистік әдебиеттер алынды.
Көптеген экстремистердің айтуынша, казіргі кезде Хизб-ут-Тахрир тікелей өздері террористік жағдайға бармаса да, өздерінің идеологиялык үгіт-насихаттарымен ол партия террористерді шығарушы (жасаушы) «конвейер» десек те болады.
Олардың партиясының іс-әрекеттеріне көптеген мемлекеттерде (Ресей, Иран, Пакистан, Сауд Аравиясы, Иордания, Сирия, Германия, Канада, Өзбекстан, Таджикстан, Киргизия жэне баска елдерде) тыйым салынган.
Қазіргі кездегі күпия ілімдер
Көптеген ғасырлар бойы эзотерикалық (көрер көзге оғаш) «күдіретті» білімі кұпия сақталды да, тек кейбір ерекше түлғаларға ғана белгілі болды. Бірақ та ғылымның және философияның дамуына байланысты (XIX ғасырда) «кұдіретті» ілімінің тек көленкесін ғана көретін ежелгі ойшылдарға жаңа ғылымның жетістігі жарық сәуледей бағыт берді. Теософия элементтерін, оның идеяларын брахманизм, каббала, буддизм, неоплатонизм, гностицизм діндерінен алды. Теософия — Құдай даналығы ретінде, Құдай туралы жоғарғы ілім есебінде және Құдайдың істеген әрекеттерінің жасырын мағынасының барлығын, оны тек сезім, сергектену арқылы ғана білуге болатындығы туралы түсінген болатын ілім дейді. «Теософиялык қоғамның» негізін салушы Е.П.Блаватскаяның есімімен байланысты. Е.П.Блаватская еңбектерінде шығыс діндерінің «қүпия даналығын» ашьп, оны адамзатқа үсынды. «Күнәсі ашылған Изада» кітабында Е.П.Блаватская «нағыз теософия» бүл философиялык және діни жүйелердің ішкі кұпиясының мәні деген түйін жасады.
Келесі бір кұпия ілімдерге жататындар Антропософия (грек, адам және даналык). Бул теософия ілімінде адам туралы, оккультті-мистикалык ілім деп қарастырады. Оның негізгі түсінігі бойынша адам кұдіретті күш куаты, білімді өзінің ақылы мен сезімі арқылы емес, ол өзінің ішкі жасырын рухани күшінің аркасында алады. Ондай жасырын күштерге адам А.Р.Штайнердің көрсеткен жүйелік тәрбие, эстетикалык білім, медитацияны игергенде игі бола алады. Антропософияның негізін неміс оккультисі Р.Штейнер (1861-1925) бірінші дүниежүзілік соғыстың карсаңында қалады (1913).
Астрология ілімінен Астральді культер (грек. Жұлдыз) пайда болды. Оның ерекшелігі атүрлі магиялык іс-әрекеттер жасайды. Ондай магиялык ритуалдар барлық халыктарга тән болды. Көптеген мемлекеттерде (Вавилон, Египет, Үнді) Храмдармен бірге обсерваториялар тұрғызған. Олардың арқасында әр түрлі планеталарға Құдайдың аттарын беріп: Сим-ай, Шаман — Күн, Мардук — Юпитер, Иштар — Венера, Нергал — Марс, Набу — Меркурий жэне Нинурту — Сатурн деп атады. Астральдық культтің арқасында вавилондык дінде эр түрлі бал ашу, тағдырды болжау деген вавилондық (халдейстік) данышпандар шықты.
Сонымен қатар планеталык жүлдыздар культері, жануарлар культері де шығады. Ғарыштық процесте жұлдыздар жануарлардың атымен аталуы аркасында зодиак таңбалык аңыздар шығады. Зодиак Күннін жүрісін көрсетіп, 12 айдың басы болған жүлдыздардың ортақ аттарына әрбір белгі беріп немесе әрбір жануарлардың аттарын беріп, сол аркылы адамның туған жылының айы аркылы жануардың туған күніне атын береді де, сол арқылы сол адамның тағдырын болжауга кіріседі. Осының аркасында гороскоптық (жүлдыз жорамал) түсініктер шығады. Гороскоп (грек, -уакытка қараймын) — жүлдыздар мен планетаның катыстыгы уағымен таблица жасалады. Сол кесте аркылы әрбір адамның туған күніне байланысты оның тагдырын жориды…
Эзотерикалық діндерге Массон ілімі де жатады. Масонство (фр. -Ерікті тасшы) — діни-философиялық және саяси ағым; XIII гасырда Германияда шықты. Оларды көптеген зерттеушілер Тамплиерлермен, Розенкрейстермен және тагы баска жасырын қауыммен теңестіреді.
Оның шығу себебі ертедегі Патша Соломонның храмын түрғызуға байланыстырып көрсететін аңызбен байланыстырады. Олардың алға койған мақсаты — барлық адамдар, нәсілге, үлтқа, діни айырмашылықка, мәдениет деңгейіне карамастан — ерікті, тендік және бауырлык, шын сүйіспеншіліктің патшалығы, «жұмақ жерде болсын» — дейді. Бүндай максат тек өнегелі, акыл-парасаттың дамуына байланысты, әрбір адам жан-жакты дамығанда ғана жетеді деді. Осындай мақсатка жету жолында кедергі болатын нәрсе, ол дін және үлттық мемлекет. Әдеттегі діндерге карсы шыға отырып Масондар гуманистік дінді шығару керек деді, діни мораль ынтымақтық моральға ауысуы керек. Мосондардың екінші максаты: үлттык мемлекетті жою, осымен тығыз байланысты монархияны да, оны уакытша республикамен ауыстыруға болады. Масондардың ең соңғы идеалы — аса күшті мемлекет күру. Ол мемлекетте барлық азаматтар еркін-ді, тең және бауырмалды, олардың Құдайы — адамгершілік, дінсіз мораль, оларды реттеуші адамның ақыл-санасы.
Олардың қауымдық кұрылысы: Иоанновтық (көк түсті) үш төменгі депчейден түрады: окушы, жолдас және мастер. Олардын, мәселесі -этика. Андреевтік (қызыл) — 30 дәрежеден түрады, өздерінің жауларына өте катаң. Ең бір кішкентай одактык тобы — ложа деп аталады. Оны баскарушыны — стула мастер деп атайды. Ложалардың аттарын киелі адамдардың, мифологиялык персонаждардың аттарымен, символдармен т.б. аттармен атайды. Масон ордендері конспиративті. Олар барлық континетте бар десек те болады. Олардың мүшелерінің аттарын атасак: Бен Франклин және Дж.Вашингтон, Моцарт, Гете, Робеспьер, Марат, Пушкин, Лермонтов және т.б. осы кездегі көптеген мемлекет орнында жүмыс істеген және де казіргі кезде жүмыс істеп жүрген адамдардың аттарымен де байланысты.
3-сұрақ: «Конфессиядан тыс синкреттік діни философия”.
Конфессионалды діндер деп шіркеудің діни жоралары мен жарғысын (жауап беретін) канағаттандыратын ойлау образы мен көзкарасты айтатын болса, ал конфессиядан тыс синкреттік діндер деп, керісінше, белгілі бір діни ағымдардың ортодоксиялық шіркеу догмаларына және белгілі бір жарғысына бағынбайтын әр түрлі діни ағымдарды айтамыз. Мүндай ағымдарға мистикалық, оккультивтік, спиритуалистік және баска осыларға ұксас түрлерді айтады. Олардың барлығының ортак ерекшелігі: әр түрлі діни ағымдардың элементтерінің синтезі және ғылымға немесе жай қарапайым көзкарастарға бейімделген қауымдық ағымдар. Олардың көптеген түрлері оккульттік мистикалык философиясы мен синкретикалық діни көзқарастан түрады.
Мистицизм (гр.-кұпия) — дүниедегі діни-идеалистік көзкарас болғандықтан, табиғаттан тыс күштерге деген сеніммен кұрастырылады. Мистицизм — діни қауымдардың күпия жораларының міндетті де маңызды элементі түріндей көрінісі. Мистицизмнің тамыры ерте дәуірдегі магия, астрология, мантикидан шығады. Мистика кандай бір дін болмасын оның негізгі атрибутиві және де идеалистік философияларға да (әсіресе неотомизмге, персонализмге және экзистенциолизмнің кейбір формаларына) тән. Мысалы, мистік -философтар белгісіз бір мистикалык интуицияны, «рухани тәжірибені» танымның ең жоғарғы формасы деп есептеді: онда субъект пен объектіге бөлу жойылады және дүниенің алғашқы рухани негізі жаратушының «шындығы» ашылады. Сонымен, мистиканын көлемі мынандай түсінік (түрлік) элементтерден тұрады: 1) табиғат пен қоғамда құдіретті күштердің барына: адам тағдырына, әр түрлі окиғалардың күні бұрын болжауға болатындығына сену; 2) діни-философиялық ілім-теософия («Қүдайды тану»), антропософия («адамтану»); 3) Шығыс ғибадаттары (табынушылық) — буддизм, брахманизм, йога, доосизм, дзен, суфизм, иудаизм (каббала и хасийизм); 4) жабайы діндердің сенімділігінің осы кездегі түрлері: pyx, спиритизм, оккультизм; 5) тұрмыстық магия формасы — бал ашу, рымшылдық. Осылардың кейбіреулеріне кыска токталайық.
Оккультизм (лат. -жасырын, кастерлі) — дүниеде аса құдіретті, ғылыми зерттеуге келмейтін ғажайыптар мен күштердің бар екенін мойындайтын және солармен өзара іс-қимылдың ерекше «тәжірибелік» әдістерін жасайтын ілімді (магия, спиритизм) білдіретін (термин) ұғым. Оккульттік түсініктің де тамыры ерте дәуір заманынан келе жатқан рухани құдіретті күшке сену. Оның тікелей тамыры магия десек те болады. Оккультизм барлык ғылымды экзотериялык (көрер көзге оғаш) табиғат пен әлемнің сыртқы формасын зерттеу мен экзотериялық құбылыстың ішкі, терең жасырын негізін зерттеуші, ондай зерттеу тек «дарынды» адамдардың колынан келеді, оларға әлемнің «үлы жасырын сыры» ашылады.
Агрила Неттесхеймскийдің «Жасырын сыр философиясы туралы» шығармасында (1533) оккультивтік түсініктер егжей-тегжей баяндалған, осының аркасында бұл «термин» кеңінен қолданылатын болды.
Ерте дәуірден келе жатқан мистикалық діннің бір бөлігі болып осы заманға жеткен діни ілімдер спиритизм және спиритуализм деп айтамыз.
Спиоитизм(лат. -рух) — өлген адамдардың жаны, олар о дүниеге кетіп дербес өмір сүреді. Олар қажетті уақытта тірі адамдардың өміріне келіп өздерінің әсерлерін тигізіп отырады. Олармен қатынас жасайтын адамдар, олармен ортақ тіл табысып (медиумдар) қатынаса алады. Ондай қатынасты «шакыруды» «спиритистік сеанс» деп атайтындықтан спиритизм ұғымы шығады. Рухпен катынасудың әдеттегі формалары: санасыз, тек дағды бойынша сөз сөйлеу (автоматическая речь), дағдылы жазу, құрамсыз сөздер айту; спиртер рухтары көзге көрінетін етіп осы дүниеге келтіру), әр түрлі заттарды қозғалту (апорт), ойын аспаптарының өзінен өзі ойнауы жэне г.б.
Спритуализм (лат. -рух) — идеалистік философиялық ағым ретінде карастыруға болады. Себебі рух барлық реалды өмірдің негізі ретінде карастырылады: шындык, болмыс (абсолют) рухани заттар сол рухани дүниенің көрінісі. Реалды заттар — идеялдык жалпының көлеңкесі (Платон), әлем — абсолютті рухтык көрінісі (Гегель) және т.с.с. Екінші тұрғыдан айтсак, спиритуализм — дүниенің алғаш негізініңтін (термин) үғым руханилығы туралы идеалистік ілім. Материалдық дүние — Қүдай және оның кабілеттерінің көрініс тәсілі, ал екіншілері үшін ол — адам санасының иллюзиясы.
Эзотериалық (гр. -сырткы) — мистикалык ілімді айтады. Эзотерикалык ілім тек белгілі адамдарға ғана арналған, «мамандарға» ғана түсінікті жартылай жасырын діндерді айтады. Көптеген ғасырлар бойы эзотерикалык білім күдіретті түрде, күлия сакталып, кейбір ерекше тұлғаларға ғана белгілі болды. Жасырын ілімге — еврей — каббала, ерте ғасырдагы грек — мистерия мектептері, гностикалық алхимиктер т.б. ілімдер жатады. Қазіргі кезде жасырын ілімдерге масондар, теософия жэне антропософия Агни Йога ілімдері жатады.
Теософия негізі – космос, эволюция рухы және жоғары даналык ілімнің барлығы. «Ғылыми» тәсілдермен күдіретті даналықты тануға, оны жеке адамның колына жеткізуге және ең ақырында өлімнен кейін адамды «жұмақтай шаттыкка» бөлеуге талаптанады. Бұган «жасырын күштерді», жеке бастык рухани-кұдіретті өзегін айқындау арқылы тек кұпиялы білімдерге (эзоториялык ілімдерге) ие болған теософияның «ұсталары» ғана жете алады. Қысқаша айтқанда, эклектикалык тұрғыдан түрлі Шығыс және Батыс діндері мен идеалистік жүйелерін (негізінде буддалык, индустік және үнділік діни-философиялық ойдың баска да бағыттарын) өз бойына сіңірген теософия дүние және адам туралы ғылымға қарсы мистикалы-қияли түсініктердің жиынтығы болып табылады.
Антропософия (лат. -pyx, жан) адамдардың, жануарлардың өміріне, заттар мен қоршаған дүниенің құбылыстарына ыкпал етеді-міс, әруактарға және рухтарға сену. Антропософия — мистикалық ілім, оның негізделетіні әрбір адамда жасырын, қолданбаған күш бар, ол күш қолдана білсе, ол табиғаттың кұдіретті күштерін ашып, игере алады, оған мысал, «адамзаттың окытушылары» — Будда, Заротустра, Платон, Христос, олар адамзаттың ең жоғарғы рухани күшіне ие болғандар.
Агни Йога немесе тірі этика — философия-этикалык ілім. Бұл ілім синкретикалык діни-философиялық ағымнан шығып тарады. Агни деп космостық (ғарыштық) энергияны адамның ішкі дүниесін өзгертіп, оның психикасын жоғары деңгейге көтеру. Ондай дәрежеде адам ең жоғарғы ғарыштық болмыска ие боладьт. Ғарыштык энергияны бойына тараткан адам — Агни Йогаға немесе ғарыштық Отанның Иогасына жетеді. Осының арқасында «Тірі этикалык» түсінік шығады. Тірі этикалық ілімді кұрастырғандар Е.И.Рерих (Шапошников) (1879-1955) және оның әйелі Н.К.Рериха (1874-1947). Тірі этика, діни философияның синтезі: ғылым, дін, Батыс жэне Шығыс мәдениетінің коспа